Лазерлік оталар жасалады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады

Бұған дейін облыс тұрғындары көру қабілетін лазерлік оталар арқылы түзету үшін еліміздің өзге қалаларына, тіпті шетелдерге баруға мәжбүр болатын. Ал алдағы уақытта отаның мұндай түрі облыс орталығында жасалатын болады. Осы мақсатта «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

2016 жылы Павлодар қаласында офтальмологиялық орталық ашылған болатын. Бірақ бұл емдеу мекемесінің жеке ғимараты болмағандықтан, медициналық талаптарға сай келе бермейтін нысандарды жалдауға тура келді. Биылдан бастап емхана басшылығы жалға алу мәселесіне бас қатырмайтын болды. Себебі «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 213 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріліп, соның есебінен офтальмологиялық орталық кең ғимаратқа көшті. Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылай қолдау арқылы қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. 
Ак. Бектұров көшесі, 103 мекенжайында ашылған көз емханасында диагностикалық кешен, екі ота бөлмесі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационар бар. Мұнда көз патологиясын анықтау және емдеу, катаракта, глаукома, көздің артқы сегменті операциялары жасалады. Келесі айдан бастап лазерлік түзетуге байланысты  оталар да қолға алынады. 
- Емханада алты офтальмохирург еңбек етеді. Олардың барлығы дерлік – жергілікті мамандар. Ғимарат кеңейтілген соң мамандар санын да арттыру ойда бар. Бұл өз кезегінде емхананың қуаттылығына әсер етеді деп ойлаймыз. Бұған дейін жылына 2,5 мың пациентті қабылдап, шамамен 1 мың адамға ота жасасақ, алдағы уақытта бұл көрсеткіштер екі есеге көбеюі тиіс, - дейді емхананың бас дәрігері Айжан Ахмерова.

Орталық жұмысымен танысқан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа құралдармен жабдықталған емхана өңір жұртшылығына сапалы қызмет көрсетеріне сенім білдірді. 
- Осы уақытқа дейін біздің өңірде көз диагностикасының қызметтері ұсынылғанмен, көру қабілетін лазерлік ота арқылы түзету болған жоқ. Сондықтан тұрғындарға еліміздің өзге өңірлеріне, шетелге баруға тура келді. Бұл науқастар үшін оңай болған жоқ. Жол шығындарының қымбатшылығы тағы бар. Ендігі ретте облыс орталығында мұндай операцияларды жасауға мүмкіндік беретін технологиялардың пайда болуы – құптарлық іс. Сіздердің жұмыстарыңызға тұрғындар баға беретін болады. Бұл - кез келген жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші, - деді Ә.Сқақов. 
Емхана басшылығы офтальмологиялық орталықта тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі шеңберінде пациенттерді басқа сырқат түрлері бойынша да қабылдауға дайын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.


Количество показов: 69

Возврат к списку