Әлемдік аренадағы арландар!!!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Әлемдік аренадағы арландар!!! 30.03.2021

Әлемдік аренадағы арландар!!!

2009 жылы өткен жаһандық додада жүлделеріміздің саны да, сапасы да көп болды. Ауыр атлетшілеріміз Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем біріншілігінде топ жарды. Осы жеңістен кейін Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы бейресми командалық есепте алға тек қытайлықтарды жіберді. Сонымен қатар 2009 жылы дзюдошы Максим Раков және нысана көздеуден Наталья Гурова қазақтың Әнұранын шырқатса, Серік Сәпиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Леонид Спиридонов (еркін күрес), Елена Шалыгина (әйелдер күресі) және Владимир Кузнецов (ауыр атлетика) үздік үштікті түйіндеді. 2010 жылы қыздар арасында Барбадос астанасы Бриджтаунда бокстан өткен әлем біріншілігінде күміспен күптелген Марина Вольнова араға екі жыл салып Лондон Олимпиадасының қола медаліне ие болды. Күрес түрлерінен Мәскеуде өткен әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштіктен көрінген Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі) араға жылдар салып әлемнің күміс және үш дүркін қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ 120 кг салмақ дәрежесіндегі Нұрмахан Тінәлиев те алғашқы ірі турнирін Мәскеу төрінде жеңіп алды. Қазір ол әлемнің үш дүркін қола жүлдегері және Азияның екі дүркін жеңімпазы. Майя Манеза, Светлана Подобедова ауыр атлетикадан Анталиьяда өткен әлемдік сайыста топ жарса, Елена Шалыгина (әйелдер күресі) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Абдулхаким Шапиев (еркін күрес), Ольга Довгун, Вячеслав Подлесный (екеуі де нысана көздеу) және Назгүл Боранбаева қола медальға ие болды. 2011 жыл осыған дейінгі кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның спорт тарихында ең табысты жыл ретінде есте қалды. Оғландарымыз бас-аяғы 15 жүлде еншіледі. Ауыр атлетикадан Париж төрінде өткен әлем біріншілігінде Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло алтын тұғырдан қол бұлғаса, Майя Манеза күміс медальға ие болды. Ауыр жарақатынан енді ғана айыққан Светлана Подобедова қола жүлдені қағанат тұтты. Осы жылы Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Максим Раков (дзюдо), Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов (екеуі де бокс) және Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі) күміс жүлдегер болса, Нұрмахан Тінәлиев (грек-рим күресі), Ғани Жайлауов, Иван Дычко (екеуі де бокс), Дәулет Ниязбеков, Дәурен Жұмағазиев (екеуі де еркін күрес) және Жұлдыз Эшімова (әйелдер күресі) жүлдегерлер қатарын толықтырды. 2012 жылы Қытайдың Циньхуандао қаласында бокстан өткен әлем чемпионатынан Жұлдыз Маматқұлова күміс, Назым Қызайбай қола медальді тағып қайтты. Әйелдер күресінен сынға түскен Гүзел Манюрова екінші орын алса, каратэден Халид Халидов үздік үштіктен көрінді. 2013 жылы жаһандық додада Алмас Өтешов (ауыр атлетика) пен Азамат Мұқанов (дзюдо) күміс медальмен оралса, Нұрмахан Тінәлиев (грек-рим күресі) пен Екатерина Ларионова (әйелдер күресі) қола жүлдегер атанды. 2014 жылы Оңтүстік Кореяда қыздар арасында бокстан өткен әлем чемпионатында Назым Қызайбай бас жүлдені жеңіп алып, тағы бір боксшымыз Ләззат Күнгейбаева финалда сүрінді. 2015 жылы ауыр атлет Нижат Рахимов пен Александр Зайчиков алтын тұғырдан қол бұлғаса, Данияр Елеусінов, Иван Дычко (екеуі де бокс) және Жазира Жапарқұл (ауыр атлетика) күміс жүлдегер атанды. Ал Алмат Кебісбаев, Досжан Картиков (екеуі де грек-рим күресі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) үздік үштікті түйіндеді. 2016 жылы Нұрлан Бекжанов еркін күрестен Будапештте өткен аламанның финалында жеңіліп, ал Айым Әбілдина (әйелдер күресі) қола жүлдемен елге оралды. 2017 жылы боксшы Қайрат Ералиев ғана әлем біріншілігінде биік тұғырдан көріне алды. Күміс жүлдеге Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаев (екеуі де бокс), Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадраев (екеуі де грек-рим күресі) ие болса, қола жүлдеге Жомарт Ержан, Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит (үшеуі де бокс), Қайрат Сарымсақов (таэквондо), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес) және Отгонцецег Галбадрах (дзюдо) лайық деп танылды. 2018 жылы олжаға кенелген отандас-тарымыздың арасында Ерлан Серікжанов (дзюдо), Жайна Шекербекова (қыздар боксы), Нұрислам Санаев сынды спортшылар айшықты өнерлерімен көзге түсіп, күміс жүлде алды. Сондай-ақ Арли Чонтей (ауыр атлетика) де қоржынға күміс медаль салса, Айдос Сұлтанғали, Мейіржан Шермаханбет (екеуі де грек-рим күресі), Дархан Асәділов (каратэ), Надежда Лихачева (ауыр атлетика), Отгонцецег Галбадрах (дзюдо), Карина Ибрагимова (бокс) үздік үштіктен көрінді. 2019 жылы қазақстандықтар арасында жалғыз алтын жүлдені Бекзат Нұрдәулетов ғана жеңіп алды. Ол Екатерингбургте өткен әлемдік додаға тұңғыш рет қатысқанына қарамастан барлық қарсыласын бет қаратпай жеңді. Тіпті жартылай финалда оның жолына кубалық атағы дардай Хулио Сесар Ла Крус қарсы тұрса да жерлесіміз қаймыққан жоқ. Ла Круста әлемнің төрт дүркін және Рио Олимпиадасының чемпионы. Бүкіл әлем көз тіккен спорттық шараның қақ төрінде отандасымыз кубалық «қабыланды» нокдаунға жіберіп, 81 кило салмақта кім мықты екенін аңғартты. Финалда өзбек Дилшодбек Рузметовті 5:0 есебімен ойсырата жеңген Бекзат әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2019 жылы Қамшыбек Қонқабаев (бокс) күміс жүлдеге ие болса, Қайрат Сарымсақов (таэквондо), Ришат Хайбуллин (қабырғаға өрмелеу), Елдос Сметов (дзюдо), Милана Сафронова, Дина Исламбекова (екеуі де бокстан), Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет және Василий Левит (барлығы да бокс) қола медаль еншіледі. Жалпы, 1993-2019 жылдар, яғни 26 жылдың ішінде өткен жаһандық жарыстарда спортшыларымыз 46 алтын, 52 күміс және 101 қола медаль жеңіп алды. Әлем чемпионаттарында Қазақстанның көк байрағын биік тұғырдан желбіреткен сайыпқырандарымыз қазақ спорты тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Сондықтан еліміздің атын асқақ биікке көтерген осындай чемпиондарға қандай құрмет пен қошемет көрсетсе де жарасады.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 104

Возврат к списку