Ұлттық бұйымды ұлықтаған

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ұлттық бұйымды ұлықтаған 01.04.2021

Ұлттық бұйымды ұлықтаған

Кешегі өткен алтынқол әжелеріміздің жолын жалғап жүрген шеберлер Тереңкөл ауданында да бар. Трофимовка орта мектебінің мұғалімі Гүлбақыт Жұмасанованың қолынан шыққан туындылары көпті сүйсіндіреді. Он саусағынан өнер тамған шебер шәкірт тәрбиелеп, ұлттық бұйымдарды сатылымға шығаруда.

Гүлбақыт Ермұхамбетқызы елімізге танымал дизайнер Ырза Тұрсынзаданың «Көрпе fest» жобасында оқушыларымен бірге бақ сынағанын да атап өту керек. Ұлттық қолөнерімізді жаңғыртып жүрген мұғалім бұл іспен бала кезінен айналысатынын айтады.

- Мектеп жасынан тоқыма өнеріне қатты қызықтым. Үйде анам тоқыған бұйымдар қатты ұнайтын. Қазір мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берсем де, сүйікті ісіммен айналысудан жалыққан емеспін. Тәрбиелеп жүрген шәкірттерім де бар, - дейді Г.Жұмасанова. Шебер осыдан 3 жыл бұрын облыс орталығында өткен «Balabusiness» жобасына оқушылары Әсел Шәріповамен және Алина Жантиновамен бірге қатысқан. Алғашқыда шәкірттерімен шашқа тағатын әдемі бұйымдарды жасап, сатқан. Кейін аяққа киетін сәнді шұлықтарға тапсырыс қабылдаған. Сондай-ақ, заманауи қоржындарды тіккен. Аталған бұйымдарға тұтынушылар тарапынан сұраныс арта түскен. 2019 жылы облыстағы жоғары оқу орны ұйымдастырған додада арнайы жүлдеге ие болған.

- Елімізде қолөнер шеберлері арасындағы сайыстар жиі өткізіледі деп айта алмаймыз. Бірақ облыста ұйымдастырылатын додалардан қалысқан емеспіз. Алғашқы екі жобада бақ сынап, жеңіске жеттік. Мұның бізге үлкен ынталандыру болды. Өзім тәрбиелеп келе жатқан Әсел мен Алина есімді оқушыларым қазір 10-сыныпта оқиды. Іс тігуге ынтасы бар шәкірттерім қолөнер бұйымдарын тігіп, табыс табуда. Сөйтіп жастайынан кәсіппен айналысуда, - дейді мұғалім. Жастарды шағын бизнеске баулып жүрген Гүлбақыт Ермұхамбетқызы 2020 жылдан бастап аудандық Оқушылар үйінде «Бала бизнес» атты үйірмені жүргізуде. Сабаққа 7-8-сынып оқушылары қатысуда. Жуырда шебер шәкірттерімен бірге «Көрпе fest» жобасына қатысып, ұлттық бұйымдарды тіккен болатын.

- Балалармен ақылдаса отырып, жобаға қатысуға шешім қабылдадық. Оқушылардың ынтасы мен талабы жаман емес. Әрқайсысы өздері таңдаған бұйымдарды тікті. Осы орайда, балалардың бетінен қақпай, қолдау білдірген ата-аналар қауымына зор ризашылығымды білдіремін. Олар қажетті мата мен іс тігу машинасын да сатып әперді. Байқауда бақ сынаған Әсия Құрмаш, Аружан Орынбаева, Зарина Лукьяникова, Жанел Баженова есімді 7-сынып оқушыларының талабы жаман болмады. Алдағы уақытта тағы талай додаға қатысамыз, - дейді Г.Жұмасанова. Ұлттық бұйымдарды ұлықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген қолөнер шеберінің ісіне, бастамасына тек сәттілік тілейміз.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 57

Возврат к списку