Ұлттық өнер белесі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

02.03.2021

Ұлттық өнер белесі

Павлодар облысында «Көрпе Fest» мега этно-фестиваліне қатысушылар бұйымдары үшін онлайн дауыс беру басталды. Айта кетелік, белгілі ұлттық өнер жанашыры, қайраткер Ырза Тұрсынзаданың бастамасын Павлодар облысы әкімінің әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қолдауына ие болған еді. Ендігі жерде байқаудың мәресіне жететін сәті де таяп келеді.

Өңірде қолөнер фестивалі 2020 жылдың 23 қарашасында онлайн форматта басталған болатын. Мәліметке сүйенсек, аймақтағы онлайн байқауға 5-70 жас аралығындағы 211 адам тіркелген, оның 50-і бала. Байқауға қызығушылық танытып, шеберлік сабақтарына қатысып жатқандардың жалпы саны 400-ге жуықтады. Қатысушылар екі айдан астам уақыт бойы кәсіби шеберлік сабақтарын тегін алып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. «Көрпе Fest» мега этнофестивалінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, бұл – салт-дәстүрді кәсіпке айналдырып, нәсібін табамын деген нәзік жандылар үшін пандемия кезінде жасалған ауқымды қолдау. 

«Карантин кезінде жұмыссыз қалып, нәпәқасынан айрылған адамдар көп. Осы кезде бірінші мақсат – оларды барынша демеу, екінші мақсат – үйдің ұйытқысы ғана емес, елге үлгі болатын қырық жанды қазақ әйелінің болмысын жаңғырту. Қазақ барда бұл кәсіп – мәңгілік», - дейді белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада. 

Сонымен қатар, ол павлодарлық нәзік жандылардың салтқа беріктігін аңғарғандығын атап өтті. «Бәрі Павлодар облысында ұлттық байқау өткізу қиын болады деген болатын. Алайда, павлодарлық әйелдер бәрінен озды. Өйткені, салт-дәстүрді жақсы сақтаған», - дейді ол.
«Көрпе Fest» фестивалі Павлодар аймағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. «Осы шараны ойлап тапқан Ырза апамыз бен оның бастамасын қолдаған облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Себебі, біз өңірде ұлттық қолөнерге қызығушылығы бар әйелдердің осынша көп болатынын білмеппіз. Осы конкурс арқылы біз басымызды біріктіріп үлкен бір «отбасына» айналдық», - дейді Уәсилә Нұрмұханбетова.
 Айта кетейік, байқау төмендегі бес номинация бойынша жарияланды. «Шебердің инесі де – алтын, күймесі де – алтын!», Қазақы 
нақыштағы интерьер үлгісі, «Көрпе вернисажы» (4 көрпе, 4 жастық), «Ұлттық сый кәде» онлайн шеберлік сабақтар нәтижесінде жасал-
ған бұйымдар, «Атаның кәсібі – баланың нәсібі» атты 5 жастан 16 жасқа дейінгі болашақ шеберлер байқауы. 

Байқау соңында барлық қаты-сушыларға жалпы сертификаттар беріледі. Ал, жеңімпаздарға бизнес үшін 5 млн теңгеге дейін грант алуға мүмкіндік беретін Ырза Тұрсынзаданың жеке кәсіби шеберлік курсынан өткені туралы арнайы сертификат, тұрмыстық және өндірістік тігін машиналары, сонымен қатар авторлық дизайнмен көмкерілген 25 метрлік шапанға арналған кездемелер табысталады. Павлодар өңіріндегі «Көрпе Fest» мега этнофестивалінің қорытындысы 22 наурызда өтетін салтанатты шарада жарияланады.

Облыс бойынша аудан-қалалар арасынан алсақ, мегафестивальге облысымыздың Аққулы ауданынан қатысушылар баршылық. Фестивальге ауданның 20-ға жуық көпбалалы ана, ардагер зейнеткер, өзін-өзі қамтыған, балалар қатарынан шеберлі қатысушыларымыз өз өнерлерін ұсынуда. «Төрткен - өрнегі», «Ұлттық өнер - қазынам», «Қосжүрек – ғашықтардың сөзіндей», «Інжу-маржан құрағы», «Сарқылмас өнер», «Сиқырлы өрнектер», «Таң әсемдігі» және т.б. атты туындылар қолөнер шеберлігінің, оның ішінде қазақ-
тың құрақ құраудың қайталанбас оюларымен ерекшеленеді. Әр атаудың негізінде қатысушының шығармашылық шабыты мен жігері байқалады. Мысалы, Аққулы ауылының қатысушысы Садақ Ғарап апайымыз «Төрткен өрнегі» деген туындының мағынасында «Төрт құбылам тең» деген мәнді білдірді. Майқарағай ауылынан қатысушы Уәлихан Мадина ханым туындысының «Таң әсемдігі» атауы Таңның – жаңа күннің басталатынын білдіретін, жаңа мақсатқа, жаңа арманға, қиялға жетелейтін таңғажайып құбылыспен теңдестірді. Жамбыл ауылынан көпбалалы ана Ошал Жанай ханым туындысын «Қырық құрақ оюлар» немесе ұлттық өнерде оюлардың сан алуан кеңістігін, ерекшелігін топтастырды. Аққулы ауылынан Айымгүл Омарханова есімді жас шебер болса, фестиваль аясында «Қосжүрек - ғашықтар-
дың сөзіндей» атты 4 көрпе, 4 жастық бұйымдарын ұсынуда. 

 Қатысушылар белгілі дизайнер Ырза ханымның әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған шеберлік сабақтарын алып, жұмыс барысында бұйымдарын өздігінше жаңа стилистикада әзірледі. Фестиваль ережесі бойынша қатысушылардың жұмыстары бірегей түстік келбетте ұйымдастырылуы қажет. 
Аудан қатысушылары мәдение-тімізде аса ерекшеленетін көгілдір мен сары, қызғылт пен ақ эстетикалық мағыналы түстерге бейімделді. 
 Қуантарлық жайт, балалардың қызығушылық танытып, Қарақала ауылынан Нашен Томирис, Серібекқызы Перизат қыздарымыздың белсенді қаты-сушылары дәстүрге деген сүйіспеншілік пен төл өнерге қадыр қасиеттің белгісі. Облыс төңірегінде екі айдан астам өткізіліп жатқан фестиваль 200-ден астам өнерге баулыған шеберлерді қолөнер шеңберіне біріктіріп, көлемді де зор мағыналы жобада әрқайсысының ерекшелігін асқақтата түсті. 
«Өнер көзі халықта» демекші, халқымыздың сарқылмас мұрасы төл қолөнері сансыз қырлы. Ата–баба дәстүрінен келе жатқан шеберлі қолөнер туындылары әрқайсымызды ұлттық өнердің қасиеттілігі мен мәніне тәнті етеді. Дәстүрдің дара жолымен салған қолөнерді жастар арасында дәріптеу, дамыту бүгінгі күннің маңызды мақсаттарының бірі. Бұл ретте ұлы дала дәстүрін өнерлі қырларымен ерекшеленетін әйелдер қауымы арасында кеңінен насихаттауда елге танымал атақты этно дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының ие-
гері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Ырза Тұрсынзаданың бастамасын шыныда құптауға тұрарлық.
Айтқандай, қазіргі кезде облыстың барлық аудан-қала-ларында аталмыш мегафестивальге тіркеліп, бұйымдарын ұсынушы шеберлер қолынан шыққан өнімдерін әлеуметтік желілерде таныстырып, әрқай-сысы өздеріне берілген хештег (қатысушының нөмірі және аты-жөнінен тұрады) бойынша онлайн дауыстар жинауда. 
Ұлттық өнерді қолдап, шебер-лерімізге дауыс берейік!

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.


Количество показов: 96

Возврат к списку