Ұлттық жобадан ұтарымыз не?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?

Жақында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жобасының тұжырымдамасын таныстырды. Маңызды құжат саланы дамытудың 15 басым бағытынан тұрады. Жоба толықтай жүзеге асса, агроөндіріс саласында ауқымды қолдау шаралары қолға алынбақ.

Басым бағыттар

Маңызды құжат саланы дамытудың 15 басым бағы-тынан тұрады. Осылайша, жоба АӨК саласы қызмет-керлерінің табысын екі есеге арттыруға, 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын тұрақты табыспен қамтамасыз етуге, өндірістік экожүйеге 350 мың фермерлік және үй шаруа-шылықтарын тартуға, сондай-ақ 70 мың отбасылық аграрлық шаруашылығын құруға бағыт-талған.
Бұл ретте, фермерлерге несие беру жолдары мен қаржыландыру құралдарын кеңейту, цифрландыру арқылы ресурстарға ашық және әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы мен сабақтастығын бекіту, өңірлердің мамандануын ескере отырып субсидиялар бөлу, экспорттаушыларды қолдаудың оңтайлы жүйесін енгізу, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің білімін тарату жүйесін жетілдіру ескерілген. 

Қолдау бар

Ауыл шаруашылығы министр-лігі Сапархан Омаровтың айтуынша, кооперативтерді қолдау мақсатында қосымша шаралар қарастырылмақ. Естеріңізге салсақ, бұған дейін біріккен шаруаларға субсидиялаудың жоғары нормативтері мен жеңілдетілген салық режимдері қарастырылған болатын.
- Субсидия беру ережелеріне енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, ауыл-шаруашылық кооперативтеріне жабдықтар мен машиналар құнының 50 пайыз мөлшерінде инвестициялық субсидия төлеу бекітілген. Сондай-ақ кооперативтердің өндіретін сүт пен етіне тиісті субсидиялар енігізілген. Салық заңнамасы бойынша кооперативтерге 70 пайыз жеңілдік қарастырылғанын да атап өткен жөн, - дейді министр.
Бұл іске қосымша шаралар енгізілгеннен кейін ірі инвес-тициялық жобалардың негізінде ауылшаруашылық шикізатын өндіру мен қайта өңдеу бойынша экожүйелер құрылады деп күтілуде. 
Ел Президенті соңғы Жолдауында: «Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз» деген болатын. Шынымен де, осыдан 3-4 жыл бұрын кооператив құрамына кіруге аяқ баспаған шаруалар қазір бармақ тістеп отыр.
Мемлекет басшысы: «Біз горизонталды кооперацияның да әлеуетін естен шығарма-уымыз қажет. Онсыз агро-өнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Коопера-ция шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сату барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді. Субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет» деп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл ретте, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жобасының тұжырымдамасы тапсырма-дағы мәселелерді қамтып отырғанын атап өткен жөн.

Аймақтағы ахуал

Кезінде кооператив құру идеясын қолдағандардың қатарында павлодарлық шаруалар да бар. Кооператив құрамындағы шаруалар қазіргі қысылтаяң кезеңде бірігудің қадірін түсінген сияқты. Қиындықтарға бірге төтеп беруге серттескен кәсіпкерлердің ұпайы түгел.
Кооператив құру идея-сының түпкі мақсаты мал және өсімдік шаруашылығын кәсіп еткен ауыл жұртының өз еркімен кооператив құрамына кіріп, өнімдерін делдалдарға жем қылмай, өздері құрған кооператив арқылы нарыққа шығару еді. Сөйтіп, шағын шаруалардың жағдайларын түзеп, сол арқылы ауыл еңсесінің көтерілуіне ықпал ету болатын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінде аймағымызда 120-дан астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген. 
- Кооперативке біріккендер соңғы жылдары өндірген өнімдерін үлкен көлемде өткізуге мүмкіндік алды. Айналым құралдарын тиімді пайдаланумен қатар, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыш, тұқым және тағы басқа қажеттіліктерді төмен бағамен сатып алуға жол ашылды, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаев.
Бірігудің, әсіресе, егін шаруашылығында жүрген-дерге тиімділігі мол. Бұрын-дары шағын шаруашылықтар көктемгі егіс науқанында да, жиын-терім жұмыстары кезінде де қиыншылықтарға тап болатын-ды. Бірде ескі техникасы істен шықса, бірде қаражаттың аздығынан сапалы тұқым сатып алуға мүмкіндік жоқ еді. Енді техника іздеп қиналмайды, өнімді қайда өткіземін, қалай жинап аламын, қайда сақтаймын деп ойға-қырға шапқылап жүрмейді. Кооператив көмегіне жүгінеді, оның мүшесі болғандықтан, барлық мүмкіншілікті пайдалана алады. Ең бастысы, біріккен шаруашылықтар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өндірілетін өнім көлеміне субсидия ала алады. Атап айтсақ, қайта өңдеуге тапсырылған сүттің әр литріне 10 теңге, бордақылау алаңына тапсырылған бір бұқаға 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін (тірі салмақта бір келісіне - 200 теңге) субсидия қарастырылған. Сондай-ақ, несиелік серіктестіктер арқылы жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. 
Өткен жылдың қорытын-дысы бойынша жергілікті коопративтер 10 мың тоннаға жуық сүт және 1 мың тоннадай ет өнімдерін дайындаған. Сондай-ақ 4,9 мың тонна бидай және 2,8 мың тонна күнбағыс тұқымы сатылыпты.
 Жергілікті кооперативтердің алдында әзірге күрделі мәселе жоқ. Десе де, кейде шаруалар құжат тапсыруда қателіктерге жол беріп, субсидиядан қағылып жататын көрінеді. 
- Кей жағдайда шаруалар мақсатты бағытына кереғар құрылыс нысандарын тұрғызып, демеуқаржыдан үмітін үзеді. Бұл ретте, облыстық басқармада, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінде субсидия ісіне жауапты мамандар жұмыс істейді. Олар әр шаруаны қолынан жетектеп жүрмесе де, түсіндіру жұмыстарын мықтап жүргізуде. Былтыр бір ғана субсидиялау ісіне облыстық бюджеттен 11 миллиард теңге қаражат бөлінді. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұған республикалық бюджетті қосыңыз. Қысқасы, шаруалар ережеге сай құжаттарын реттесе, ешқайсысы субсидиядан құр қалмайды, - дейді Т.Көшербаев.

Оралхан ҚОЖАНОВ



Количество показов: 74

Возврат к списку

Раздел не найден.