Мұқтаж жандарға - жайлы баспана

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана

Ақсу қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Дүйсенбі күні металлургтер шаһарында 144 отбасы қоныс тойын тойлап, қуанышқа кенелді. Жаңа баспанадағы пәтерлердің кілті үй кезегінде тұрған, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға бұйырды.


Тұрғындарға пәтер кілтін табыстау рәсіміне облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. 
- Бүгін ақсулықтар үшін ерекше жаңалық орын алуда. Көптен күткен үлкен үй пайдалануға беріліп, 144 пәтер өз иелерін тапты. Барша жаңа пәтер иелерін жаңа үйге қоныстануымен құттықтаймын, - деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы.
Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің сөзінше, үй мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Құрылыс жұмыстарын «ДСК Монтаж» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізіпті. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1,3 млрд. теңгені құраған. 
- Жаңа пәтерлер әлеуметтік осал топтарға, жалдамалы тәртіп бойынша берілді. Олардың қатарында ҰОС-ның қатысушыларымен теңестірілген қариялар, жалғыз басты адамдар, І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және баспаналары жоқ зейнеткерлер бар. Үміткерлердің есімі арнайы бағдарлама бойынша электронды форматта анықталды. Олар бастапқыда жалдау ақысын төлеп тұрады. Егер, келешекте жекешелендіріп алу мүмкіндігі туса, қалған сомасын төлеп, өз аттарына жазып ала алады. Үйдің бір шаршы метрі 160 мың теңгемен бағаланды. Ал жалдау ақысы пәтердің көлеміне байланысты, - деді Нұржан Кемерұлы.
9 қабатты тұрғын үй 4 подъезден тұрады. 144 пәтердің 72-сі бір бөлмелі, 72-сі екі бөлмелі. 1-қабатының іші-сыртына бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына барлық жағдай жасалған. Әр кіреберісте көтергіш құрылғылар орнатылған.
Жаңа үйден пәтер кілтін алған тұрғындардың бірі – Назымбек Файзуллин. Бұған дейін М.Омаров ауылында тұрып келген. Үй кезегіне ІІ топ мүгедегі есебінде тіркелген. 
- Баспана кезегіне 2007 жылы тұрған едім. Арада 13 жылдан уақыт өткенде жаңа пәтердің кілті қолымызға тиіп отыр. Денсаулығыма байланысты ауылдық жерде тұру, от жағу, су тасу қиынға соққан. Әйелім де сырқаттанады. Міне, қалаға көшсек деген көптен бергі арманымыз орындалды. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді жүзеге асырып, жаңа үйлерді дәл біз секілді мұқтаж адамдарға үлестірген жергілікті билікке айтар алғысымыз зор, - дейді Назымбек ақсақал. 
2021 жылдың соңына дейін Ақсу қаласында 290 пәтерлік тағы төрт тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Олар пайдалануға берілгеннен кейін қаладағы тұрғын үй кезегі 17 пайызға қысқарады. Бүгінде шаһар бойынша тұрғын үй кезегінде 2,3 мыңнан астам адам тұр. 

Тілеуберді САХАБА, 
Ақсу қаласы.


Количество показов: 37

Возврат к списку

Раздел не найден.