Мандат алып, маң-маң басып...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...

- Мен алғаш рет 1958 жылы депутат болып сайландым. Ол кезде жасым небары 24-те еді. Жас болсақ та, халықтың сенімі мен депутаттық мандаттың жауапкершілігін сезініп, нәтижелі жұмыс істеу үшін барымызды салдық. Сол уақыттан бері аттай 
40 жыл бойы облыстық мәслихаттың депутаты қызметін үзіліссіз атқардым. Сондықтан Мәжіліс пен мәслихаттардың бүгінгі аяқ алысына, жаңа құрамның ескеруі тиіс тұстарына қатысты ой айтсам, орынды болар. 
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, сайлаудың да болғанынан боладысы қызық болды. Бес бірдей партия үгіт-насихат жұмыстары бастала салысымен-ақ өздерінің бағдарламаларын таныстыруға, басым бағыттарын жария етуге барын салды. Сайлау күні жақындаған сайын бәсеке қызып, партиялар шама-шарқынша еңбек ұжымдары, әлеуметтік 
топтармен жүздесіп, қолдау көрсетуді сұрау үшін аянып қалмады. 
Сөйтіп, таңдау жасар сәт те келіп қалды. Азаматтық белсенділігі жоғары отандастар сайлау учаскелеріне барып, бағдарламасы көңілден шыққан партияға дауыс берген болар. Өзекті өртер бір өкініш - заң шығарушы орган ҚР Парламенті Мәжілісіне «Ауыл» партиясынан бірде-
бір адамның өтпеуі. Қазақстандықтардың жартысы елді мекендерде тұратынын ескерсек, Мәжілісте олардың қамын ойлайтын азаматтар керек-ақ. Ұлттық экономиканың, агроөнеркәсіптік кешеннің, жалпы қазақтың түп тамыры ауылда жатқанын ұмытқанымыз ба, қалай? Сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы бар-жоғы 5,29 пайыз дауыс жинады. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің кеңейтілген жиынында сөйлеген сөзі ойға қонымды болды. Жаңадан сайланған депутаттар алдында сөз алған Президент партиялардың Мәжіліске өтуі үшін белгіленген шекті деңгейін 5 пайызға дейін төмендету туралы ұсыныс білдірді. Орынды ой. Себебі қазіргі 7 пайызды кейбір партиялардың еңсере алмағанын байқадық. Ал ауылдағы ағайынның жағдайын жақсартып, елді мекенді көркейту үшін «Ауыл» сынды партияның Парламенттен орын алғаны жөн болар еді. 
«Ауыл» демекші, облыстық мәслихатқа бұл партияның үш өкілі өткен екен. Жоқтан гөрі жақсы, әрине. Бірақ небары үш адамның облыстағы ауылдардың әл-ауқатын арттыруға шамасы жетпейді-ау. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегеннің кері болмаса игі. 
Аймақтық ақпарат көздеріндегі мәліметтерді шолып шығып, облыстық мәслихаттан әйелдер мен жастарға бұрынғыдан көп орын берілгенін байқадым. Мен бұл мәселені 1999 жылы көтерген едім. Сол жылдың 22 сәуірінде облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған авторлық мақаламда мынадай деректі де келтірген болатынмын: «Облыстық мәслихаттағы 45 депутаттың үшеуі ғана әйел адам. Оның арасында бірде-бір қазақ қызы жоқ. Павлодар қалалық мәслихатындағы жағдай да осындай. Жалпы, облыстағы жергілікті мәслихаттар депутаттары қатарында әйелдердің үлесі - шамамен 10 пайыз, олардың ішіндегі  қазақ қыз-келіншектерінің саны 5 пайыздан ары аспайды. Біздің арамызда педагог, дәрігер, заңгер, кәсіпкер сынды іске әйелдер аз ба? Алдағы сайлау кезінде нәзік жандыларды тағы ұмыт қалдырмасымызға кім кепіл? Бұл мәселе Сайлау туралы жаңа Заңда қамтылуы қажет» деп жазған екенмін. 
Араға 20 жылдан астам уақыт салып әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота берілді. Депутаттар қатарында дәл осы жандардың болуына баса мән берілетін болды. 1999 жылғы мәліметтерді тағы жаңғыртар болсақ,  сол тұста облыстағы мәслихаттарда депутаттық мандатқа ие болған 378 адамның арасында 30 жасқа дейінгі бірде-бір адам болмапты. Ал ол кезде де білімді, білікті, қолынан іс келетін, елдің дамуына бей-жай қарамайтын жастар аз болған жоқ. Білуімше, облыстық мәслихаттың VII шақырылымындағы депутаттарының ең жасы - 30-да. Мандатты иеленгендердің орташа жасы да жасарып, 45 жас болыпты. Әйелдерге, жастарға осындай мүмкіндіктің беріліп жатқаны жақсы-ақ. 
Десе де, бұл квотаны толтырудың амалы ғана болмауы керек. Әйелдер мен жастарға сайлаушылар сенім білдірген соң, олар сол сенім үдесінен шыға білуі тиіс. Мәслихат отырыс-тарына қатысып, қандай да бір мәселелерді дауысқа салған кезде қол көтеріп отырумен шектелу  депутаттыққа жатпайды. Аудан-қалалық, облыстық мәслихаттардың депутаттары жас-жасамыс болсын, ер-әйел болсын, барлығына ортақ мүдде бір - ел игілігі үшін қызмет ету. Соңғы уақыттағы жағдайларды сарапқа алсақ, депутаттар көбіне-көп мәселелердің байыбына бармай, қалғып-мүлгіп, жауапкершілікке атүсті қарайды. Жергілікті биліктен есеп алып, қордаланған мәселені көтеріп, ауылдықтар мен қалалықтарды алаңдатқан жайттарды шешу үшін жанын салып, маңдай терін төгіп жүргендер некен-саяқ. Біз депутат болғанда трибунаға қаймықпай шығып, ойымызды анық айтып, мәселелердің шешілуін талап ететін едік. Қазіргі депутаттарға да 
сондай бір қайсарлық, жігерлік жетпейді. 
Мәслихаттардың депутаттары сессия отырыстарына қатысуымен ғана қызметінен «құтылып» қалмауы тиіс. Ел арасына шығып, ауыл ақсақалдарымен, тұрғындарымен жүздесіп, жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелердің барлығын бүге-шігесіне дейін білуі керек. Өкінішке қарай, қазір біздің елімізде, оның ішінде облысымызда жастардың ажырасуы, жат қылықтарға әуес болуы, тұрғындардың онкология, туберкулез сынды дерттерге шалдығуы жиілеп кетті. Депутаттар осы сынды түйткілдерді назарға алып, олардың себеп-салдарымен күресуі керек. 
Бұл ретте оларға тек журналистер көмек қолын соза алады. Себебі, қоғамның бүгінгі күрмеулі жайттарын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен артық ешкім білмес. Сондықтан депутаттар қалам мен микрофонды серік еткендермен етене еңбек етіп, жұртшылықпен көгілдір экран, баспасөз беті арқылы тілдесіп, халыққа жақын болудың жолдарын қарастыруы қажет. Қордаланған жайттардың шешімін тауып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып, маңызды шешімдерді қабылдар тұста  қара басының қамын емес, тұрғындардың жағдайын ойлаған адам ғана - нағыз депутат! 
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамында оқу орындары мен кәсіпорындардың басшылары, медицина мен мәдениет қызметкерлері, басқа да бірқатар маңызды сала өкілдері бар екен. Олардың депутат атанып, қызметке кіріскеніне бір апта ғана болды. Сондықтан жұмысқа баға беруге әлі ерте. Десе де, жоғарыда айтылған ескертулерді қабылдап, содан ой түйер деп ойлаймын. Сонда ғана олар нағыз депутат бола алады. Ал қалғанының бәрі бос сөз. 

Жазып алған - 
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 79

Возврат к списку