Мектеп зайырлы және ұлттық болып қалуы керек

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Мектеп зайырлы және ұлттық болып қалуы керек 14.09.2021

Мектеп зайырлы және ұлттық болып қалуы керек

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы:

Оқу жылының басы оқу орындарының қайсында болсын қарбалас. Мектепке қатысы бар азаматтар, мұғалім достар Фейсбуктегі посттарында дүмшеліктің зайырлы дәстүрді ығыстырып жатқанын айтып зар қағуда.

Жағдай онша емес. Мен мектеп оқушыларының басты проблемасы - смартфон, оны үйде қалдырып кету керек, министрлік бұл туралы Ереже қабылдауы керек деп пост жазайын деп отырсам. Басқа да проблема жетерлік екен.

Расында да қауіпті деңгейге жеткен екенбіз, одан әрі талибанның құлағы қылтиып тұр. Кейбіреулер «Қыз баланың басына орамал тағуы - Алланың бұйрығы (заңы), оған қарсы болатын сіз бен біз кімбіз» деп уәж айтып жатыр. Алланың қай заңында бұл мәселе айтылды екен? Лауқыл-макбұзды көріп, оқыған жан бар ма? Пайғамбардың хадисіне жүгінетін де жері бар, жүгінбейтін де жері бар. Жүгінетін жері - адамзатқа ортақ адами құндылықтар туралы айтқаны (ұрлама, әділ бол, ғылымды сыйла, т.б.), жүгінбейтін жері - 7-інші ғасырдағы арабтың жабайы тұрмысынан туындаған мәселелер, ол кезеңге дейін араб жаңа туған қыздарын өлтіріп отырған. Біз 30 жыл бойы жастарымызды ғылымға емес, дінге бағыттадық, бір жағынан атеистік қоғамнан шыққан соң Құдайымызға қайта келейік дедік, екінші жағынан ғылым мен білімнің қадірін кетіріп алдық, біздің биліктің тойынған өкілдері, бизнес ақшасын ғылымға, жаңа лабораториялар мен сынақ алаңдары емес, мешіт салуға, қайта-қайта қажыға баруға, ваххабтарды қолдауға арнады, шет ел бізге ғылымды емес, дүмшелікті таңуға мүдделі болды, қырық пышақ қырылысты туғызуды көздеді. Қазақстан мектебі бүкіл еліміз үшін мемлекет тіліне басымдық берген ұлттық стандартты мектеп болуы керек еді, ол мәселені шеше алған жоқпыз. Мектебіміз ең болмағанда зайырлы идеологияға, дүмше емес, ізденімпаз, креативті тұлға қалыптастыруға негізделген мектеп болуы керек еді, шамасы оны да шеше алмадық. Енді сол «Алланың бұйрығы (заңы), оған қарсы болатын сіз бен біз кімбіз» деп отыру ғана қалды. Парадокс!!!

Қазақ баласы - ұлы да, қызы да 8-9 жасқа дейін бірдей жүреді, бір тәрбие көреді. 9 жастан аса бере қыз балаға аналары көйлек, тақия кигізіп, одан әрі дұрыс бойжетуіне жағдай жасайды. Ауыл мектептерінде оқитындары ұлдармен бірге оқи береді. Қалалық жерлерде молдалардың әйелдері қыздардан жеке топ жасап, жеке оқитын практика болған. Бірақ қандай жағдайда да қыз балаға ұзатылғанға дейін орамал салмайды. Тіпті әйтеуір басы жалаңаш болмасын десеңіз, әдемі тақия тіккізіп кигізсеңіз болады. Орамалдың қазақ дәстүрінде өз орны бар. Біз қанша жерден мұсылман болсақ та, біріншіден ұлттық дәстүрімізден, екіншіден зайырлылықтан ауытқуымызға болмайды.



Количество показов: 352

Возврат к списку