Мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Мемлекеттік грант кімдерге беріледі? 01.04.2021

Мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

Облыста жастардың кәсіп бастауына мол мүмкіндік бар. Бұған дейін ел көлемінде тек біздің өңірде «Zhas-Halyk.Ertis» бағдарламасының бірнеше кезеңі іске асып, кепілсіз несие берілсе, енді мемлекеттік гранттар үлестірілмек. Яғни, озық ойлы жастар 5 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы ала алады. Қомақты сома алудан үміттілерге қандай талаптар қойылады? Оны қандай мақсатта жұмсауға болады? Осы мәселе төңірегіндегі сауалдарға облыстық кәсіп-керлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Тұрсынғалиев жауап берді. 

- Айбек Әлібекұлы, қайтарымсыз қаржы кімдерге беріледі? 
- «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 29 жасқа дейінгі жастарға 2-5 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Олар осы сома аралығындағы қаражатты пайызсыз әрі қайтарымсыз ала алады. Тек нақты жобасын жүзеге асыру үшін пайдаланса болғаны. Кеше www.dkb.qoldau.kz сайты арқылы өтініш қабылдау мерзімі аяқталды. Енді үміткерлер арнайы құрылған комиссияның алдында жобаларын қорғайды. Бұл комис-сияның құрамында құзырлы орган өкілдері, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері бар. Инновациялық идеяны ортаға салып, жобаның маңыздылығын нақты көрсетіп, сәтті қорғап шыққандардың есімдері сәуір айының соңында жарияланады. Кейін үздік жоба авторларына тиісті көлемдегі қайтарымсыз қаражат беріледі. 
- Бұл ретте үміткерлерге қойылатын талап қандай? 
- Бизнес-жоспар, ашылатын жұмыс орындарының санын, грант сомасының 10 пайызын қосымша қаржыландыру мүмкіндігі барын растайтын құжаттардың болуы міндетті. Егер қандай да бір әлеуметтік осал топ өкілі болса, мәртебесін растауы керек. Себебі осы топ өкілдері қосымша қаржыландыру талабынан босатылады. Яғни, қайтарымсыз қаржы алған жағдайда жобаның жүзеге асуы үшін қалтасынан 10 пайыз көлемінде қаражат шығармайды. Барлық үміткерлерге ортақ тағы бір талап – Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік негіздерін үйренгенін растайтын сертификаттың болуы. 
- «Бастау» жобасы аясында оқудан өткендердің барлығы бірдей конкурсқа қатыса ала ма? 
- «Бастау» жобасы бойынша берілген сертификат тек екі жыл жарамды. Демек, соңғы екі жыл аралығында бизнес бастаудың, жүргізудің қыр-сырын үйренген жастар ғана өтініш бере алады. Ал сертификатты үш жыл немесе одан да бұрын алған тұрғындар конкурсқа қатыса алмайды. 
- Мемлекеттік грант сомасын қандай мақсатта жұмсауға болады? 
- Жастар мемлекеттік бағдарлама аясында берілген қаржыны тауарларды шығаруға, қызмет көрсетуге қажет шикізат, материалдар, құрал-жабдықтарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаларды сатып алу және зерттеу, жаңа технологияларды енгізуге қатысты шығындарды өтеу үшін пайдалана алады. Жоба 18 ай аралығында іске асып, қаражат мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Оның барысын «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры қатаң қадағалайды. Мемлекеттік грант тиімсіз жұмсалған жағдайда қаржыны қайтаруға міндеттеледі. 
- Құжат қабылдаудың бірінші легі кезінде өтініш беріп үлгермеген тұрғындар биыл тағы да бағын сынай ала ма? 
- Иә, жоспар бойынша екінші жартыжылдықта «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың екінші легі өтеді. Сол тұста 29 жасқа дейінгі жастар өтініш беріп, көптен бері көкейде жүрген идеясын мемлекеттің қаржылай қолдауы арқылы сәтті жүзеге асыра алады. 
- Ақпаратыңызға рақмет! 

Әңгімелескен – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА. 


Количество показов: 58

Возврат к списку