Мерейі үстем Мыңбаевтар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар 24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар

Отбасының мерейі – мемлекеттің мерейі. Отбасылық татулық пен береке-бірлік те - еліміздің бір байлығы мен бақыты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басталған «Мерейлі отбасы» байқауы осы құндылықтарды барынша дәріптеп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп келеді. Жақында аталған отбасылық байқаудың облыстық кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды. Биыл екібастұздық Мыңбаевтар әулетінің бағы жанып, жеңіске жетті және республикалық кезеңге жолдама алды.

Тілеуберді САХАБА

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, байқаудың облыстық кезеңіне 96 өтініш түсіп, оның 13-і ғана ақтық сынға жолдама алған. Жалпы, «Мерейлі отбасы» конкурсы қатысушылардың ұлтына, жасына және еңбек ететін саласына қарамай қабылдай береді. Ең негізгі мақсаты – үміткерлердің бойындағы ел сүйсінер ерекше қасиетті, айрықша құндылықты ұрпаққа үлгі ету. Өтініш берген 96 отбасының 54-і қазақ, 12-сі орыс, 11-і украин, 5-еуі татар, 5-еуі белорусь, 2-еуі неміс ұлтының отбасы екен. Сондай-ақ, 7-еуі интернационалды отбасы. Қатысушылардың арасында өнерпаздар, мұғалімдер, дәрігерлер, спортшылар және шахтерлер бар. Байқауға қатысушылардың жұмысын облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова бастаған қазылар алқасы сарапқа салып, жеңімпаздарды іріктеді. Бұл жерде көпшілікке білімімен, тәрбиесімен және елге сіңірген еңбегімен үлгі болар тұсын бірінші орынға қойды. Әсіресе, бір салада ұзақ жыл еңбек еткен династиялық жанұяларға көп баға берілетінін айтады ұйымдастырушылар. Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша Екібастұз қаласынан үміткер болған шахтерлер отбасы – Мыңбаевтар жеңіс тұғырынан көрінді. Енді олар республикалық кезеңге Павлодар облысының атынан барады. Екінші орын Баянауыл ауданында тұратын Сейітовтер отбасына бұйырса, үшінші жүлдені Май ауданынан келген Гросс отбасы еншілеп қайтты. Жеңімпаз атанған Жұмахан және Ғалия Мыңбаевтар Екібастұз қаласындағы «Богатырь көмір» ЖШС-де жұмыс істейді. Олардың көмір кенішіндегі еңбек өтілі 50 жылға жуық. Бүгінде әулеттің үлкені де, кішісі де осы көмір шахтасының бір кірпіші болып қаланып, ең сенімді жұмысшыларына айналған.

- Біздің әулетіміздің «Богатырь көмір» көмір кенішіндегі еңбек жолын туған ағам Қасымхан бастаған. Ол 1975 жылы сол кәсіпорынға машинист болып жұмысқа тұрып, кейін мені тартқан болатын. Ағамыз сол кәсіпорынға тапжылмай 40 жылдай маңдай терін сіңіріп, зейнеткерлікке шықты. Мен 1982 жылы қабылданып, бүгінгі күнге дейін сонда еңбек етудемін. Сонымен қатар, жұбайым Ғалия, ұлым Естай және күйеу балам Бауыржан да осы кәсіпорында жұмыс істейді. Одан бөлек, менің туған інім Нұрланның да несібесі осы көмір шахтасынан бұйырды, -
дейді Жұмахан Мыңбаев. Бұл отбасының ең басты қағидасы – береке-бірлікте өмір сүру. Екінші ерекшелігі – «сегіз қырлы, бір сырлы» деген атқа лайық өнерпаз жандар. Яғни, еңбексүйгіштігімен ғана емес, өнерге жақындығымен де елдің қошеметіне кенеліп келеді. Шахтада жұмыс істеп, жер астынан көмір шығару негізгі кәсіптері болғанымен, қолдары қалт етсе ән салатын, қажет болса отбасылық ансамбльдің ролін атқарып кете алатын шеттерінен өнерлі жандар.

- Менің атам да, әкем де - қолдарынан домбырасын тастамайтын әнші болған кісілер. Атамыз менің 7-8 жасымда 100-ге келіп, дүниеден өтті. Өмірінің соңғы сәтіне дейін домбырасын қолынан тастамады. Сол бабамыздың бойында тулаған киелі өнер әкеміздің қанымен бізге жетіп отыр. Әкеміз кеңес өкіметі кезінде әртүрлі өнер сайыстарында бақ сынап, облыс намысын қорғап жүріпті. Алдыңғы буынның жағып кеткен шамшырағын бүгін біз өшірмей лаулатып келеміз. Балаларым музыкалық колледжде білім алған кәсіби музыканттар. Демалыста балалармен және немере-жиендермен бірге табиғатқа саяхаттап, көңіл сергітіп, балық аулайтын ерекше дәстүріміз бар, - дейді отағасы Жұмахан Мыңбаев. Байқаудың екінші жүлдесін Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Жұмкен Сейітовтің отбасылық командасы еншіледі. Бұл әулеттің мүшелерінің көбі мәдениет саласында жұмыс істейді. Шаңырақ иесі Жұмкен Арқалықұлы бүгінде Баянауыл ауданына қарасты Жаңажол ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болса, жұбайы Айман Мұсабекқызы – дәрігер. Сол ауылдағы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы орта мектепте медбике болып еңбек етеді. Сонымен қатар, ұл-қыздары Тілек пен Мақпал да әке жолымен өнер саласын таңдаған. Үшінші орынға ие болған Альберт Гросстың отбасы Май ауданында тұрады. 1941 жылы Қырымнан жер аударылып келіп, қазақ жерін атамекеніне айналдырған неміс ұлтының өкілдері. Бір ерекшеліктері – отбасының барлық мүшелері таза қазақ тілінде сөйлейді және ұлтымыздың ұлағатты қасиеттерін, салт-дәстүрлерін бойларына сіңірген нағыз қазақы отбасы. Бұл жанұяның еңбек жолы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Яғни, отағасы Альберт Оттович пен оның жұбайы Мария Ивановна бар ғұмырларын мал және егін шаруашылығының дамуына арнап, зейнеткерлікке шыққан.

 


Количество показов: 272

Возврат к списку