Өмір салтанаты ұқсас қос тұлға

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

13.02.2021

Өмір салтанаты ұқсас қос тұлға

Мерғалым соғыс жылдарында елде қалып, Қызыл Армияның Жеңісі үшін тәуліктің 10-12 сағатында колхозда еңбек еткен. Жер баптап, егін өсірген. Күз айналғанда «Коммунар», «Сталинец-6» комбайн штурвалына тұрып, егін бастырған. Тонналап майдан үшін астық дайындаған. Бейсенбекпен, Мұсамен бірге Қызыл әскер қатарына шақырылып, ата жаумен арпалысқан Ісләмбек елге аман-есен оралады. Ісләмбек Әленов Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен жеңіске дейін қолынан атыс қаруын тастамаған. Ұлы Отан соғысының жеңісін гитлерлік Германия ордасы - Берлиннің түбінде қарсы алады. Елде қалған жас аруы - Айымбала соғысқа кеткен Ісләмбектің орнын басып, «ХТЗ» маркалы тракторға отырып, колхоз шаруашылығын жалаңаш-жалпы, қан майданда от кешіп жүрген жұбайын зарыға тоса, жылап-сықтай жүре тындырған. Күз айларында Айымбала молотилкамен егін бастырған, комбайнға да отырған. 
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, жаумен арпалыстағы батылдықтары үшін қатардағы солдат «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарын тағып, елге оралған. Ол бейбіт еңбекте де қоғам үшін, қасиетті нан молшылығы үшін білек сермеп, маңдай терін төкті. 
1954 жыл. Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге туысқан республикалардан жастар, тіпті 30 бен 40-тар шамасындағы алуан ұлт өкілдері де келіп жатты. Тыңға «шабуылдың» алғашқы көктемі жауын-шашынын ала келді. Түнере түйілген қалың бұлт кейде тарқап, аспан шайдай ашылады. Куйбышев (қазіргі Ақтоғай) ауданы, «Спартак» совхозының тың даласына екі бригада қос тігіп, ту көтереді. Екі бригада, шу дегенде 4000 гектардан аса тың және тыңайған жер игермек. Бригаданың бірін тәжірибесі мол механизатор Ісләмбек Әленов басқаратын болды. Бұл бригадаға өз жүректерінің қалауымен тың даланы түлетуге келген Н.Лачугин, В.Романюк, В.Хрулев, П.Грулев секілді жалынды жастар кірді. Техника тілін жете білгенімен, бұл жігіттер тың төсінің қыр-сырын білмейтін, еңбек тәжірибесі де тапшы еді. Жер баптаудың әр алуан әдіс-айласы, тың даланың Украина жерінен өзгешелігі секілділерді Сілекең бригада мүшелеріне үйретумен болды. Иә, кеше ғана туысқан Украина жерін өзі жаудан қорғап келді. Енді, міне, сол Украинадан Қазақстан жеріне Василий Романюктей жас қыран келіп отыр. Жер-Ананы түлетуге, халық байлығын арттыруға келіп отыр ол. Міне, осы бір ой Ісләмбекті толғандыратын. Еңбекте озат, қайратты украин жігіті - Василийді көргенде, сонау сұрапыл жылдардағы жаралы Украина жері, майдандас достары көз алдынан кино лентасынша өтіп жататын. Жасыратыны жоқ, Қазақстанның жазғы ыстық аптабы, қыс айларының үскірік аязы, оңайлықпен игерілмейтін тың жер көмекке келген кейбір некен-саяқ желбас жастарға ұнамады. Тракторды тастап, кетіп қалғандары да болды.
Бригаданың әр мүшесіне ағалық, кейбіріне  әкелік қамқорлық жасаған Сілекең өз ұжымында зор беделге ие болды. Оның адамгершілігі мен іскерлігіне бригада жігіттері бас иді. Одан үлгі-өнеге алысты. 
- «Қазақ» деген өнерлі әрі қонақжай халық екен. Халқының пейіліндей жері де кең. Бақытымызды осынау елден, еңбектен тапқандаймыз, - деп хат жазды туған Украинасына ағайынды Романюктер. 
Сермелген білек, маңдайдан аққан ащы тер нәтижесіз қалған ба? Әленов бригадасы игерген 2000 гектар егістіктің әр гектарынан алғашқы жылы 14 центнерден өнім жиналды. Осынау еңбек көрсеткішін ол бір жыл емес-ау, бірнеше жыл қайталады. Тың игерушілердің бұл бригадасы 1958 жылдың өзінде аудан, облыс еңбеккерлеріне танымал болды. Аудан, облыс басшылары «Спартак» совхозына келгенде, ат басын Әленов бригадасына тіремей кетпейтін. Солдат гимнас-тёркасын шешіп те үлгермеген жігіттер мен ерлерше киінген қыздар қимылы, жайқала өскен алтын дән, дамыл таппай зіркілдеген мотор үні, ақшаңқан дала қосы, желбіреген еңбек жеңісінің туы - тексере келгендердің талайын тамсандырған. 
Тың игерушілер бригадасын Сілекең 7 жыл бойы басқарды. 7 жыл бойы егістіктің әр гектарынан 10-14 центнерден кем өнім жинамады. Етілген ерен еңбек еш кетпеді. Механизаторлар ағасы Ісләмбек Әленов «Ленин» орденімен марапатталды. «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген механизатор» деген құрметті атаққа да ие болды. Зейнет жасына жетер алдында совхоздың машина-трактор ауласын басқарды. Абырой-атаққа ие болған бригадасын өзінің шәкірті Павел Грулёвқа табыс еткен-ді. Зейнеткерлікке шығар алдында Василий Романюк, Николай Лачугин сынды ұзақ жылдар бойы қарамағында жүріп, егіншілік еңбектің озық нәтижелеріне жеткен шәкірттерін көтермеледі. Совхоз, аудан басшыларына шығып, бұлардың біріне механиктік, біріне бригадирлік қызмет тағайындатты. Екеуі де мемлекеттік марапаттауға да ұсынылған болатын. Өз басым бұлардың екеуін де жақсы білгенмін. Бұлар қалай дәріптесе де тұрарлық, сол кезеңдегі «Спартак» совхозының экономикалық тұрғыда дамуына өз үлестерін мол қосқан еңбек адамдары еді. Бұлар тың көтерді. Тың жер бұларды көтерді. Ұлы Отан соғысының ардагері Салахиден Кәмешұлы Біләлов бұл совхозды 17 жыл бойы үзіліссіз басқарды. Осы жылдарда Ертіс өзені қойнауына орныққан совхоз егін және мал шаруашылығы бойынша облыстағы іргелі, алдыңғы қатардағы шаруашылықтардың алғашқы ондығынан орын алады. Ұмытпасақ, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының тамылжыған тамыз айы болуы керек. Облысымыздың егін шаруашылығы мықтап дамыған Ертіс ауданына сол кезеңдегі республика басшысы Д.А.Қонаев іссапармен келеді. Мәртебелі мемлекет қайраткері әуелі күре жол бойындағы «Спартак» совхозының егістік алқабын көргісі келеді. «Бітік өскен егінжайыңа қарап, қызметіңді таныдым» дегендей, ол жас директорға ризашылық пейілін білдірген. 
Мемлекет басшысы риза көңіл танытқан бұл егістік алқабы соғыс және еңбек ардагері Әленов Ісләмбек басқарған бригада мүшелерінің жанкешті еңбектерін айғақтағандай еді. 
Ұлы Отан соғысы және еңбек майданы ардагері Ісләмбек Әленовтің өмірден озғанына да көп жылдар өтті. Өзі тұрып, еңбек еткен Қараоба МТС-ы қазір жоқ. Бұрынғы «Спартак» совхозының орталығы - Қараоба ауылының іргесі сөгілмеген. Ауданымыздағы тіректі елді мекен. Ісләмбек аға шаңырағының түтінін түзу түтетіп, баласы Жақан қалды отбасымен бүгінде. 
Мырзамбек Рақымжанов 1918 жылы Павлодар облысы, Май ауданы жерінде, орта шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан еңбексүйгіш Мырзамбек қазақ даласына алғаш келе бастаған «ХТЗ», «ЧТЗ» тракторларына ерекше қызыға қарайды. Тракторшы болуды армандайды. Арман жетелеген жас өрен 1936 жылдың өзінде Шарбақты селосындағы механизаторлар дайындайтын мектепке түсіп, оны ойдағыдай тәмамдап шығады. Тракторшы, комбайншы  мамандықтары бойынша куәлік алып шыққан ол Куйбышев ауданы (қазіргі Ақтоғай ауданы), «Жаңа ұйым» колхозында өз кәсібі бойынша еңбекке араласады. II Дүниежүзілік соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі жұмыс өтілі 44 жылды құрайды. 1938-1946 жылдар аралығында Қызыл әскер қатарында қызмет етеді. 
1939-1940 жылдардағы ақ финдермен болған соғысқа қатысып, жарақат алады. Әскери госпитальда емделіп, Гитлерлік Германия-
мен болған Ұлы Отан соғысына қатысып, Ленинградты қорғайды. Соғыс жылдарында жасаған ерліктеріне байланысты 1945 жылдың 
22 маусымында «Қызыл жұлдыз» орденімен, 1942 жылдың 31 наурызында «Ерлігі үшін», 1942 жылдың 22 желтоқсанында «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және бейбіт өмірде Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдарымен, Г.К.Жуков атындағы медальмен марапатталады.
Ардагердің бейбіт еңбек майданында алған марапаттары «Ленин» орденін 1966 жылы, «Құрмет белгісі» орденін 1957 жылы, «Октябрь революциясы» орденін 1974 жылы, «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медалін 1956  жылы, Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалін 1955 жылы алады. Айтпақшы, осы көрменің қола медалін 1964 жылы алады. Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасымен» 2 мәрте марапатталады. 1976 жылы ол «Павлодар облысының озат механизаторы» атағын да алған еді. Халық депутаттарының Павлодар облыстық кеңесіне депутат болып та сайланған. 
Міне, Ұлы Отан соғысы мен бейбіт еңбек майданы  ардагері Мырзамбек Рақымжанов пен Ісләмбек Әленовтер жарық  дүниедегі ғұмырларының басым бөлігін ауданымыздың Жаңа ұйым, Қараоба елді мекендерінде өткеріп, арттарына тамаша ұрпақ қалдырды. Екеуі де ауыл шаруашылығы техникасының алуан түрін жетік игерген механизатор, екеуі де мемлекеттің биік марапаттарына ие болған, ұсынсақ қол жетпейтін заңғар тұлғалар, ел-жұрты қадірлеген парасат иелері-тұғын.  

Еркін МУНДУИНОВ,
Қазақстан Журналистер 
одағының мүшесі.


Количество показов: 72

Возврат к списку