ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

ӨМІРДІҢ  ӨЗІНЕН 27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

Амантай Тойшыбайұлы – ҚМДБ Павлодар өкілдігінің баспасөз хатшысы, «Mazhab.kz» діни ағартушылық порталының редакторы. Сонымен қатар, біздің газеттің тұрақты авторларының бірі. Қаламгердің шағын әңгімелер топтамасын беріп отырмыз. Автордың әр шығармасынан өмірдің шынайы бейнесін көруге болады. Сондай-ақ, оқырманға өнеге, жастарға жігер берер ғибратты мысалдар көптеп кездеседі. Қаламгерге шығармашылық шабыт тілейміз.

Университет ректорының сауапты ісі

Оңтүстік Кореяның Теджон қала-сындағы Ханнам университетінің ректоры Ли Док Хун жуырда өзінің қызметтік көлігінен бас тарту арқылы студенттер стипендиясына қосымша 450 миллион вон үнемдегенін айтты. Ли Док Хун 2016 жылы университет ректорына тағайындалғанда, студенттерге арналған стипендия қорын арттыру үшін университеттен өзіне берілген көліктен бас тартып, мектепке дейінгі 4 км жолды жаяу барып-келу арқылы жылына 150 миллион вон жинауға уәде берген болатын. Бұл автомобильді жалдау қызметінің тарифі мен жанармай шығыны негізінде есептелген жалпы сома болатын. Осылайша ол төрт жылда 4 шақырым жолды 40 минут жаяу жүру арқылы 450 миллион вон үнемдеп, «Даниель стипендиясы» атты қор құрыпты. Әрине, бұл қор ең алдымен мектептің үлгілі студенттеріне, кітапханасына, жатақхана шығындарына және жаңа студенттердің оқу ақысын жеңілдетуге жұмсалады. Ханнам университетінің студенттері бұл қорды «Бренд стипендиясы» деп атады. Сонымен қатар, қордан түскен қаражат қоршаған ортаны тазартуға жұмсалады. «Күнде таңертең жұмысқа барып, қайтып келе жатып, студенттермен амандасқанда өзімді сергек сезінемін», - дейді ректор Ли Док Хун.

 

Ескі қайық

Ертеде үлкен өзеннің жағасында кедей балықшы көпбалалы отбасымен өмір сүріпті. Өмірі мен жұмысы ойдағыдай өткен кездері болды, бірақ ол артта қалып, бүгінгі күндері әр күн сайын таң ата сынған қайығын жөндеп, негізгі табыс көзі болған балық аулаумен күнін өткізіп, өмірі кедейшілікте өтіп жатыпты. Жаңа қайық сатып алуға ақшасы болмағандықтан, күн сайын ескі қайықты жөндеумен жаңа күні басталады екен. Күндер осылай бірқалыпты өтіп, балықшының да көңілі пәс тартып, жалығу мен үміт үзуге шақ қалыпты. Бірде жолаушылап кетіп бара жатқан бір қарт адам одан үйіне түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Балықшы да қуана келісіп, онсыз да аз-маз кешкі асын бөлісіп, оған лашығының ең ыңғайлы бұрышынан төсек салып береді. Қария таңертең кетерде үй иесіне алғысын айтып, «Сізге қандай көмек қажет?», - деп сұрағанда, балықшы онша дәулетті емес көрінетін қарияны мазақ етіп: «Сен ақылды адам болуың керек. Көп жерді аралап, көп нәрсені білетін шығарсыз. Маған кедейліктен шығуға көмектесетін кеңестер беріңіз», - депті. Қария: «Жарайды», - деп жауап береді де, «Егер сен кедейліктен құтылғың келсе, сынған қайығыңды өзенге батырып жібер», - депті де, артына бұрылмай кетіп қалыпты. Оның сөзінің мағынасын түсінбеген балықшы: «Қария қартайып алжыған екен. Әрең-пәрең тамақ тауып беріп тұрған жалғыз қайығымды қалай батырып жібере аламын, онда аштан өлеміз ғой», - деп ойлайды. Кеңесті елемеген балықшы бірнеше жылдар бойы сол күйі кедейленіп, тамақ бірде бар, бірде жоқ күн кешеді. Бір қатты дауылда ескі қайығы суға батып, балықшының өзі әупірімдеп жүріп аман қалыпты. Ескі қайығынан айырылған балықшы қатты қайғырып, бұл жерден кетуге мәжбүр болды, ақыры отбасын ертіп алып өзен жағасымен өрлеп жүріп кетіпті. Олар қанша ұзаққа, қанша жол жүргені беймәлім, әйтеуір бір жерде балықшылар қосынына кездесіп, көптеген үлкенді-кішілі қайықтарды көреді. Балықшы оларды көріп қатты қуанғанымен, өзіне тиесілі қайығы болмағандықтан таңертең жағажайға барып, біраз қарап отырып, кейбір қайықтардың ана жерін, кейбірінің мына жерін жаңалау керек, ана бір қайықты шұғыл жөндеу керек екен деп ойлап, иелеріне айтып жөндеп берумен, қайық жөндеп, нәпақа тауып, тіршілігі де түзеле бастапты. Өзінің ескі қайығын күн сайын жөндейтін тәжірибесінің пайдалы болғаны соншалық, ол «керемет жөндеуші», ескі қайықты әдемі ететін алтын қолды адам атанып, атағы жайылады. Біраз уақыттан кейін жақсы жаңа үй сатып алып, өзінікі деген жаңа қайық алып, жақсы өмір сүре бастайды. Балықшы әлгі қарттың кеңесін осы кезде ғана түсініп, «Оның сөздері неткен ақыл еді» деп іштей сыбырлап, сол ақылды уақытында орындамағанына өкініпті. Иә, адамдар әрқашан осындай. Бір нәрсеге жабысып алса, өзгеруден қорқатындықтан, қиын әрі ауыр болса да, сол ескіден айырыла алмайды. Өзгеріс жасау үшін батыл болайын, жетістікке жетемін деп серпілмейді. Әсіресе, адамдар өздері әрнәрсені сылтауратып, кейінге қалдырып, шешім қабылдай алмай көп уақыт жүріп қалады.Жаңадан болған нәрсенің бәрі жақсылық әкеледі. Ыңғайсыз, қиын жерде тұра берудің мағынасы жоқ. Белгісіз және беймәлім нәрселерден қорқумен уақыт жоғалтпай алға ұмтылып, тез өзгер. Алдыңда тек жақсылық қана тосып тұр дегенге сенімді бол! Өз тәжірибең де саған көп жағынан көмекке келетін болады.

 

Жақсыны көре білсең...

Ауыл шетінде отырған қарияның қасына бір жас жігіт келіп: «Бұл жерге менің бірінші рет келуім. Осы ауылда қандай адамдар тұрады?», - деп сұрапты. Қария: «Бұрын өзің тұратын ауылдың адамдары қандай еді?», - десе, жігіт: «Нашар, шетінен қара басының қамын ойлайтын адамдар болатын, сондықтан мен ол жақтан кетіп қалдым», - депті. Қария: «Ендеше сен кеткен сол ауылдың адамдары қалай болса, бұл ауыл да дәл сондай», - деп жауап беріпті. Сәлден соң тағы бір жас жігіт келіп, қарттан: «Бұл ауылда қандай адамдар тұрады?», - деп сұрады. Қария тағы: «Сенің келген жеріңнің адамдары қандай еді?» - деді. «Оо! Олар өте жақсы және қонақжай адамдар болды. Менің көптеген достарым қалды. Оларды қиып кетуім қиын болды», - дегенде қария: «Сен дәл сондай адамдарды осында да көптеп кездестіресің», - депті. Екі әңгімеге де куә болған келесі бір адам қарияға: «Сіз екі адамның бірдей сұрағына неліктен қарама-қарсы жауап бердіңіз?» - деп кінәлапты. Сонда қария: «Балам, әр адам өз әлемін жүрегіне сақтап алып жүреді. Бұрынғы тұрған жерінен жақсылық таппаған адам мұнда да таба алмайды. Ал жақсы достары болған жас жігіттің мұнда да адал достары болады. Балам, айналамыздағы адамдар, олардан біз не көреміз, дәл солай болады!» деп жауап беріпті.

 

Таңдау құқығыөзіңде!..

 

Мен сіздерге бір әпсана айтып берейін! Құдай адамды жаратып, «Кім болғың келеді?», - деп сұрапты. Жас жігіт тәжірибесіз болғандықтан: «Мен білмеймін ғой», - депті. Құдай оны теңіз жағалауына апарып, су түбінде жатқан ұлуларды көрсетіп: «Егер сен тілесең, су түбінде тіршілік ететін миллиондаған тіршілік иелерінің арасында, тек су ағынымен қоректенетін, кешегің бүгінгіңмен және ертеңгіңмен де бірдей болатын, ешбір қауіп-қатері, өзгерісі де жоқ өмірді сүресің. Жеңіс және жеңіліс деген түсінік мұнда болмайды. Тек қана төменде қозғалмай жатсаң болғаны, бәрі бір қалыпта өмірде боласың», - депті. Содан кейін ол жас жігітті тауларға жетелеп апарып, биік таудың басындағы бүркіттің ұясын көрсетті де: «Егер қаласаң, осында өмір сүруді таңдауыңа болады. Мұнда сен дәл бүркіт сияқты өзің қалаған биікте қалықтап, ең биік шыңға жете аласың, сол шыңда тек өзің сияқты бірнеше адамды ғана кездестіресің. Қайда ұшатыныңды өзің ғана анықтап, және шығар биігіңнің құны қанша тұратынын, ешкім де, не нәрсе де, ешқашан тегін табылмайтынын білетін өмірді сүресің. Сен күн сайын қорек табу үшін ұшасың, оған да маңдай теріңді ағызып, қасық қаныңды тамызып жүріп жетесің», - депті. Сол заманнан бері әлемде ұлу тіршілігімен өмір сүретін адам өте көп, бірақ бүркіттің өмірін таңдаған аз адам ғана пайда болыпты-мыс.

Бақыт шары

 

Мұғалім мектептегі әр оқушыға бір-бір үрлемелі шар үлестіріп беріп: «Шарды үрлеп, өз есімдеріңді жазып, дәлізге шығарыңдар», - депті. Оқушылар ұстаздың айтқанындай істепті. Дәліздегі барлық шарлар аралас-тырылғаннан кейін мұғалім оқушыларға: «Бес минуттің ішінде әркім өзінің аты жазылған шарды табыңдар», - депті. Оқушылар әуреге түсіп іздегенімен ешкім өз аты бар шарды 5 минут ішінде таба алмады. Содан кейін мұғалім, енді әркім өзінің алғаш қолына алған шарын аты жазылған иесіне тез арада апарып беруді тапсырғанда бес минуттан кейін әркім өз шарларын тапқан екен. Мұғалім оқушыларға: «Әуе шарын бақыт деп ойлаңдар. Егер әр адам тек өзінің бақытын ғана іздесе, оны табу қиын екен. Ал біз өзгенің бақытына көмектесе бастағанда, біздің де өз бақытымыз табыла кетті. Біз шарды иелеріне тауып бергеніміздей бір-біріміздің жолымызды жарық етіп көмектесу арқылы, өз жолымызды да жарық болдыратын үлкен күшке ие болады екенбіз», - депті.

 


Количество показов: 206

Возврат к списку