Мониторинг топтары құбыжық емес

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Мониторинг топтары құбыжық емес 09.09.2021

Мониторинг топтары құбыжық емес

Шын мәнінде, мониторинг топтары карантиндік шектеулер жағдайында бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптардың орындалуын қадағалауға міндетті. Адамдардың денсаулығына немқұрайлы қарап, шектеулерге мұрындарын шүйіретіндерге тосқауыл бола алатын да - осы азаматтар. Өкінішке қарай, заң бұзушылар үшін мониторинг топ мүшелері жаудай көрінеді.  Сол себепті, қарсы әрекетке шығу, тіпті қоқан-лоққы көрсету оқиғалары кездесуде. Мониторинг топтарының жұмысы, тексерулер кезінде кездесетін қиындықтары жайында Павлодар қалалық кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Анна Омаровамен сұхбаттасқан едік.

- Анна Шаймұратқызы, Павлодар қаласында қанша мониторинг тобы жұмыс істеуде? Олардың құрамында кімдер бар?

- Мониторинг топтары белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Күніне 3 мәрте рейдке шығады. Тексеру шарасы түскі уақытта, кешке және түнде жүргізіледі. Облыс орталығында 3 мониторинг тобы бар. Мамандар кәсіпкерлік нысандарының жұмысын бақылайды. Көп жағдайда қоғамдық тамақтану орындарын, ресторан, түнгі клубтардың қызметі ерекше назарға алынған. Топтың құрамында жергілікті атқару органның өкілдері, учаскелік инспекторлар да бар. Рейдке шығу алдында InfoKazakhstan.kz сайтында акт тіркейміз. Онсыз тексеру шарасын жүргізе алмаймыз. Күніне 15 кәсіпкерлік нысанын аралаймыз. Демалыс күндері жүктеме одан да көп болады. Өйткені банкеттер, тойлар сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылатынын білесіздер.

- Қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханаларды тексеру кезінде қандай қиындықтар туындайды?

- Көп жағдайда аталған нысан мерекелік кештерді жабық түрде өткізеді. Белгілі бір мейрамхана, дәмханада банкет ұйымдастырылып жатқанын біле тұра, нысан ішіне кіре алмайтын жағдайлар болады. Тіпті, мониторинг топтарының келгенін естігенде, аталған нысан иелері есікті жауып, музыканы өшіріп, тынышталып қалады. Олар осылай таңға дейін отыруы мүмкін. Мамандар нысанның ашылуын көп уақыт күте алмайды. Себебі өзге де объектілерді аралап үлгермейміз. Жалпы, адамдар мерекелік кештерді өткізу кезінде адам санын 30-дан асырып, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Даяшылар медициналық маскасыз жұмыс істейді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, өңірде банкеттерді өткізуге тыйым салынған.

Жуырда қаладағы лаунж-бардың бірінде күзетшілер мониторинг тобының өкілдеріне күш қолданған фактісі тіркелді. Бұл іспен полиция департаменті айналысуда. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр.

- Есікті ішінен тарс жауып алып, қызмет істеп отырған кәсіпкерлік объектілерін қалай жауапқа тартасыздар?

- Өкінішке қарай, мониторинг топтары мұндай жағдайда ештеңе жасай алмайды. Есікті ашпаса, нысан иесін жауапқа тарта алмаймыз. Егер банкет өткізіліп жатқан орынның есігі жабық болып, музыка дыбысы естілсе, бейнебақылауға түсіру арқылы дәлелдеме ұсына аламыз. Учаскелік инспектор арнайы хаттама толтырып, жауапқа тарта алады. Егер видеодағы оқиға фактіні растаса, нысан иесіне әкімшілік жаза қолданылады.

- Кәсіпкерлік нысандарының дені облыс орталығында жұмыс істейді. 3 мониторинг топ барлық нысандарды аралап үлгере ме? Жүктеме ауыр емес пе?

- Шыны керек, сенбі-жексенбі күндері жүктеме көп. Өйткені құқықбұзушылықтың көпшілігі демалыс күндері тіркеледі. Бірақ мамандар өздеріне жүктелген міндетті орындауға бар күшін салуда. Кейде таңғы сағат 4-ке дейін де жұмыс істейді. Демалыс күндері кем дегенде 7 заң бұзушылық анықталады. Облыс орталығында «Гоголь», «Мажор», «Гараж» сынды көңіл көтеру орындары жиі құқық бұзады. Міне, осы объектілер есікті жауып жұмыс істеуге бейімделіп алған. Ішке кіре алмай, кері қайтатын жағдайлар көп.

- Аталған нысандар қаулыдағы талапты бірнеше мәрте бұзса, олардың қызметіне шектеу неге қойылмайды? Мониторинг топтары құқық-бұзушылыққа бірнеше рет барған кәсіпкерлік нысанын жаба ала ма?

- Карантин режимін бұзғаны үшін мұндай объектілерге әкімшілік айыппұл қарастырылған. Егер заңды екінші, үшінші мәрте бұзса, төлейтін айыппұл көлемі артып отырады. Бірақ қызметіне шектеу қойылмайды.

- Мониторинг топтарының талабына бағынбай, есікті іштен жауып алып, жұмыс істейтін нысан иелерін тәртіпке қалай шақыруға болады? Бұл мәселе талқыланды ма?

- Осы мәселені шешуде кәсіпкерлік палатасында ауқымды жиын өткізу жоспарлануда. Шараға мейрамхана, дәмхана, банкет залдарының иелерін шақыру көзделуде. Олардың да ойын тыңдап, жекелей әңгіме жүргізілмек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен - Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 521

Возврат к списку