Монополист неге белсенді емес?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?

Облыстың Құрметті азаматы Александр Рюмкин жылу жетіс-пеушілігіне жағдайды уысынан шығарып алған жауапты мамандар кінәлі екен айтады. 
- Шынын айту керек, биылғы қысқы маусымға жылу кәсіпорындары дайын болған жоқ. Қатарынан бірнеше апат орын алып еді. Не істерін білмей дал болды. Бес күн бойы желілерді бір-біріне жалғап, естері шықты. Оған дейін 100-ге жуық үйді суық жайлап алды. Апаттың алдын алу үшін жыл сайын кем дегенде 12-15 шақырым жылу желілері жаңартылуы керек. Былтыр небары 3 км құбыр ауыстырылыпты. Бұған тариф бағасының төмендігі сылтау бола алмас. Тариф артса да, жағдайдың оңалатынына күмәнім бар. Құбырлардың дені - қала әкімінің иелігінде. Яғни, «Павлодарэнерго» сенімді басқарушы болып табылады. Ақша жетпесе, сұрауы керек еді ғой. Бастысы – 
қаражаттың қандай мақсатта жұмсалатынын дәлелдеп, жобаны қорғай білу, - дейді А.Рюмкин.
Сенімді басқарушы дегеннен шығады. Кез келген уақытта «Павлодарэнерго» компаниясы қала иелігіндегі жылу желілерінен бас тартуы мүмкін. Ал тозған құбырлар шаһар әкімінің еншісінде қала беретіні анық. Бәлкім, монополист мекеме өзгенікі болғандықтан, оны жаңғыртуға белсенділік танытпай отырған да болуы мүмкін. Бұл – жылу жөнінде құрылған тәуелсіз комиссия мүшелерінің жиын сыртындағы пікірі.
- Кезінде шаһарға жетекшілік еттім. Біз ел басқарған кезеңде де жылу желілерінде ірілі-ұсақты апаттар орын алды. Бірақ, бас жоспар шеңберінде жыл сайын құбырларды жаңартып отырдық. Қаражат жетпесе, дөңгелек үстелде жиі кеңес құрып, тығырықтан шығуды жолын іздестірдік. Жылуға жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс істеп, өзіміздің техникамыз бен мамандарымызды көмекке жұмылдырдық. Ағымдағы қысқы маусым аяқталмай жатып келесі қысқы маусымның жоспарын құратын едік. Әр маман өз ісіне жауапкершілікпен қараса, кез келген мәселені шешуге болады, - дейді А.Рюмкин.
Естеріңізге салсақ, Александр Рюмкин - жылу жөнінде құрылған тәуелсіз комиссияның белсенді мүшесі. Қаланы басқару ісінде мол тәжірибесі бар азаматтың әр ой-пікірі мен ұсынысын жылуға жауапты мекеме өкілдері кәдеге жаратса игі.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 92

Возврат к списку