Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта

Биылғы Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін жаңашылдыққа толы болмақ. Бұған дейін белгілі бір жүйесі мен нақты тұжырымы бекітілмеген ұлық мейрамды алдағы уақытта атап өтудің жөн-жобасы бекітілді. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы тікелей түрткі болды. Сонымен, ел болып 10 күн тойлайтын әз-Наурызда нені басты назарға алуымыз шарт? Қандай құндылықтарымызды жаңғыртуға мән беруіміз керек?

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ 


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел», - деген еді.
Шынымен де, елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері үш күн, яғни 21-23 наурыз аралығында атап өтіліп келсе, еліміздің Оңтүстік өңірінде соңғы жылдары 10 күн тойлау үрдісі қалыптасып келе жатқан еді. Енді міне, ел болып ескі жылды есіркеп, жаңа жылды ерекше тойлауды бастамақпыз. 
VNB_5547 Копирование.JPG
Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түркі халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланатыны тарихтан белгілі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова былай дейді:
 - Наурыз – заманауи қазақ қоғамына еркін бойлап, қоғамдағы достық пен ынты-мақтың символына айналды. Қазақстанда өмір сүріп жатқан 100-ден аса өзге ұлт өкілі Ұлыстың ұлы күнін қадір тұтып, жалпыхалықтық сипатта тойлап келеді. Көпұлтты мемлекетіміздегі достықты күшейтіп, ұлттық бірегейлігімізді сақтап, бейбітшілік пен бірліктің, достықтың жарқын үлгісін көрсеткен мейрам. Наурыз мейрамының негізі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. 
Ал «Нұр-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің Аққулы аудандық филиалының басшысы Бақтыбала Бекжанованың айтуынша, Наурыз мейрамында жасалатын жөн-жоралғы, салт-дәстүр жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылығымызды сіңіріп, елі мен жерін сүюді дәріптейді.
VNB_5559.JPG
- Бұған дейін тек 21-23 наурыз аралығында алаңдарға киіз үй тігіліп, бұқараны орталыққа жинап, салт-дәстүрдің белгілі бір тобын ғана дәріптеумен өткізіп келдік. Енді белгіленген 10 күнде жас буынға бұған дейін айтылмаған, дәріптелмеген құндылықтарымызды көрсе-туге мүмкіндік алып отырмыз. Мысалы, қытымыр қыстан аман шығып, көктемде ағайын-туыстың бір-біріне қонаққа барып, жақсылықпен көрісуінің өзінде бір-бірімізге деген бауырмалдық, үлкен жақсылық жатыр. Жасыратыны жоқ, қазіргі жастар қалаға кетіп, ауылға сирек ат басын бұрады. Міне, жанымен ауылдан алыстап кеткен ұрпақтың қайта оралуына, туған жеріне келіп, оталған орманның орнына көшеттер отырғызып, перзенттік борышын өтеуге мүмкіндік беретін тәрбиелік мәні зор мейрамымыз қайта жаңғырды, - деді Б.Бекжанова.
Наурыз мейрамында бұған дейін тек санаулы ғана салт-дәстүрімізді дәріптеп келгеніміз ақиқат. Енді өшкенімізді жаңартып, түп-тамырынан ажыратпай, бүгінгі заманға сай етіп қайта жаңарып оралған Наурыз мерекесі біздің қоғам үшін нағыз рухани жаңғыру болды. Осы ретте облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының актері Жұмахан Доспаев Наурыз мерекесі - қасиетті күн дейді. 
- Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн - төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін кезең. Түптеп келгенде, дін мен тілге, ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, барша қауымды татулыққа тартып, ұлыстарды ұйысуға шақыратын Наурыз мейрамының және бір ерекшелігі - бұл күні жақсы тілек тілеу, араз ағайынмен жарасу, табысу секілді адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, осының өзі адам баласын жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Араз ағайынның былтырдан қалған ренішін ұмыттыратын кез де - осы Наурыз. Түбі бір түркі жұртының төл мейрамы Наурыз ең алдымен қазақтың мәдени мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды ерекше қадірлеудің жарқын айғағына да айналып отыр. Жалпы, Наурыз - достықтың, ынтымақтың, ырыс-берекенің, жаңарудың мерекесі, халықтар бірлігі мен татулығының бастауы. Сондықтан да, бұл мейрам бір ұлтқа ғана емес, жалпыға ортақ болуы, ұлыстардың ұйытқысымен шын пейілдегі жалпыхалықтың мейрамына айналуы шарт. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ең алдымен Ұлыстың ұлы күнін тойлау ауқымы мен мазмұнының кеңейе түскені қуантты, - дейді өнер иесі.
Мемлекет басшысы «Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз» деген еді. Осы ретте елдегі бірлікті нығайтып, татулықты ту етіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы да биылғы мерекеге ерекше дайындықты бастаған. 
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаеваның айтуынша, Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруды көздейді.
- Биылғы Наурыз елден ерек болмақ. Көптеген ұлттардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп, әлемге татулық пен тұрақтылықтың алтын бесігі болып танылған Қазақ елінің әз-Наурызды өз деңгейінде атап өтетініне қуаныштымыз. Осы ретте Ассамблея мүшелері, соның ішінде аймағымыздағы этно-мәдени бірлестіктер Наурыздың мақсатын ашып, оның өз биігінде тойлануына өз үлесін қосатын болады. 10 күн аталып өтілетін мерекенің әр күнін өңірдегі өзге ұлт өкілдері арасында насихаттап, оның құндылығын түсіндіру жолында атқаратын жоспарымыз бекітілді. Әсіресе, «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер күні», «Зияткерлік» және «Ұлттық тағамдар» мен «Жоралғы күні» ерекше аталып өтілетін болады, - деді ол.
Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдері салт-дәстүрді дәріптеп қана қоймай, жастарды қоршаған ортаны қорғауға баулуды дағдыға айналдырған. Мәселен, жыл сайын Ассамблея саябағына ағаш көшеттерін отырғызып, оған күтім жасауды да өз міндеттеріне алған.
Наурыз мерекесіне арналған тұжы-рымдамада «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасының идеялық құндылықтарын іске асыру мән мәтінінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтудің мәні жоғары. Наурыз – үйлесімнің, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді қалыптастыру, сананың ашықтығын арттыру тұрғысынан маңызды мейрам», - делінген.
Осы ретте облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы да Ертіс-Баян өңірінде аталып өтілетін  биылғы Наурыз мейрамының тұжырымдамасын әзірлеуде. Мерекелік шарада бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалып-тастыру көзделген. Басқарма басшысы Самал Бегалинова мейрам мән-маңызына сай өз салт-жоралғысымен өткізілетінін атап өтті. 
- Облыста атқарылатын мәдени іс-шаралардың тұжырымдамасы бекітілуде. Соңғы жөн-жобасы аудандар мен қалаларға жіберіледі. Алдағы уақытта белгіленген жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Мұнда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру көзделіп отыр, - деді басқарма басшысы.

Ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп, қазақтың дархандығы мен даналығын танытатын Әз-Наурыз мерекесінің тұтас 
Қазақ елінде 10 күн тойланатыны көптің тілеуі еді. Бастысы, бағытынан жаңылмай, Ұлыстың Ұлы күні өз деңгейінде аталып өтсе игі.


Количество показов: 38

Возврат к списку

Раздел не найден.