Өнерімен танымал

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

26.01.2021

Өнерімен танымал

Жоба идеясы «Бақыт Қилыбаевтың сценарийлік шеберханасында» пайда болған. Шынайы оқиғаларға негізделген көркем сериал Қазақстанның барлық өңірлерінен түрлі шығармашылық топтар түсірген 50 киноновелладан тұрады.
Шағын фильм негізіне алынған әңгімелердің біріне Екібас-тұздан келген суретші және мүсінші Баян Қайнышеваның оқиғасы арқау болған. Бұл фильмнің сценарийін жұбайы Рашид Жапанов жазған.
- Өткен жазда «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасы туралы білген соң, қатысуға шешім қабылдадым. Болашақ фильмнің негізгі идеясы қазақ-стандықтарды еліміздегі әйел мүсіншілердің шығармашылығымен таныстыру болды. Нәзік жанды мүсіншілер елімізде өте аз және мұндай жандар туралы халық та аз біледі. Киноновелланың басты кейіпкері менің жұбайым Баян Қайнышева және оның жасаған «Ана» мүсіні болды, - деді Р.Жапанов.
Баян Қайнышеваның туған жері - Екібастұз қаласы. Мұндағы жұртшылық оны суретші ретінде жақсы таниды. Ол педагогикалық училищеден кейін ИнЕУ-дің дизайн факультетін бітірген. 90-жылдары оған С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясында бейнелеу өнері мұғалімі қызметін ұсынған және әлі күнге дейін сол жерде сабақ береді.
– Алғашқы шағын мүсіннің тақырыбына әкемнің бейнесі арқау болды. Бұл алдағы 
жұмыстарыма шабыт берді. Мен өз бетімше білім алумен көп айналыстым, шығармашылықты дамытуға үлкен мүмкіндіктер беретін мүсіндер жасау үшін түрлі тәсілдер мен материалдарды зерттедім, - дейді мүсінші.
Бірнеше жыл бұрын екібастұздық өнер иесі республикалық «Қанатты әйел» фестиваліне қатысқан, сол жерде көптеген қатысушылар мүсінші қазақ әйелінің бар екеніне таң қалған. Баян Қайнышева саздан 100-ден астам түрлі өнер туынды-
сын жасаған. Шағын мүсіндер мен төрт үлкен композиция Екібастұз шаһарын безендіріп тұр. Оның ішінде Мұхтар 
Әуезов, Абай Құнанбаев, Естай Беркімбаев және Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды атақты тұлғалардың бюстері бар. Мүсін-деуге кәсіби суретші Ақертіс Солтанбаев, сонымен қатар Б.Қайнышеваның жолдасы мен жиені көмектескен. Себебі, бұл мүсіндерді жасау үшін дене еңбегі де ауадай қажет еді.
Сондай-ақ Баянауылда Ж.Аймауытов атындағы мәдениет үйінің жанында жазушы және драматург Жүсіпбек Аймауытовтың бюсті тұр. Оның биіктігі бір жарым метрден астам. Ерейментаудағы Үмбетей жырау атындағы мәдениет сарайының жанында орнатылған, қолында 
домбырасы бар қазақ жыршысының бюсті де - біздің жерлесіміздің еңбегі.
- Көп нәрсе шабытқа байланысты. Болашақ портрет немесе мүсін бойынша бірнеше күн жұмыс істей аламын. Әрқашан ұлттық нақыш пен өзіндік ерек-шелікке баса назар аударамын. Мен үшін ұлттық киім, музыкалық аспаптар сияқты бөлшектер де маңызды. Көптеген жұмыс-тарым Қазақ елінің ірі саяси әрі тарихи тұлғасы Абылайханға, жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа, академик Қаныш Сәтбаевқа арналған - дейді Баян апай.
Кейбір туындылары Екібас-тұздағы тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Мысалы, Әулиекөлдің жағасында домбыра ойнап отырған Естай Беркім-баевтың кескіні.
Бұдан бөлек, ол портреттік қуыршақтар жасаумен айналысады. Оны полимерлі саздан өрнектеп, оларға бөлек киім тігіледі. Шебер мүсіндік пластиктен Екібастұзда танымал ақын Жұмағали Қоғабайдың қуыршағын жасаған. Қаламгер дзюдоны жақсы көретіндіктен, авторға кимоно кигізген. 
Баян Қайнышеваның бос уақыты болмайды. Ол қашан да мүсін жасаумен айналысады. Қуыршақ, кестелер тігеді немесе сурет салады. 
Өз шығармашылығының қырсырын С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бөлісуде. Олардың арасында түрлі байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаз-дары көп. Соның ішінде анасының ізімен жүрген Қасымхан да бар.
- 2006 жылы Қасымхан С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің сәулет факультетінің білім грантына ие болды, - деді 
Рашид Жапанов. - Біздің ұлдың базалық шығармашылық білімі болмаған, көркемсурет мектебін ғана тәмамдаған. Дей тұрғанмен, ол оқу орнының үздік студенті атанды. 
Қазір Қасымхан Нұр-Сұлтан қаласында дизайн студиясын басқарады. Ол белгілі дизайнер болып танылып үлгерді. Бірнеше ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2011 жылы Алматыда өткен қысқы Азия ойындарына арналған медальдар мен логотиптерді әзірлеген. 
Екінші ұлы Ислам - кәсіпкер. Кіші ұлы Димаш - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. 

Бақыт ҚИЛЫБАЕВ, жобаның бас продюсері:
- Екібастұз тұрғыны туралы оқиға бірден қазылар алқасына әсер етті. Р.Жапановтың өз әйелі, өнер иесі 
туралы конкурсқа жіберген материалында жылулық пен махаббаттың әсері басым еді. Басты кейіпкер - қарапайым мұғалімнің мысалында біз көрерменге өмірімізді қалай өзгерту керектігін көрсетуді шештік. Ең бастысы - тілек пен мақсат. Бұл серияда ешқандай әрекет, күтпеген бұрылыстар жоқ. Бұл серияда көрерменнің көз алдында «Бөбек» қорының символына айналатын таңғажайып мүсін пайда болады. Біз өз жобамыз арқылы жұртшылық таңғажайып қазақстандықтар туралы білгенін қаладық. Олардың қаншалықты талантты, жанашыр және 
мейірімді екенін білдік. Баян Қайнышева – солардың бірі және «7 күн» киноновелласының танымал кейіпкері. 




Количество показов: 74

Возврат к списку