«Оқушы жетістігі – өз жетістігім!»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

31.12.2020

«Оқушы жетістігі – өз жетістігім!»

- Гүлбаршын Арқалыққызы, ұлт алдында жауапкершілігі зор ұстаздық салада жүргеніңізге 35 жылдан асыпты. Білім беру саласына алғаш келген кезіңізді еске түсірсеңіз...
- Иә, мен 1982 жылы Екібастұз педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1985 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алдым. Сол жылы Екібастұз қаласындағы қара шаңырақ  №2  қазақ орта мектебінде аға тәлімгер болып қызмет  бастадым. Екі жылдан кейін бастауыш сынып мұғалімі болып, алғашқы оқушы-ларымды қабылдадым. Менің ана тіліне деген сүйіспеншілігім мен құрметім әрқашан жоғары тұрады. Осы қасие-тімді аңғарған сол кездегі директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары, марқұм Құрмантай Тұрдымбетқызын «сен тіл маманы болуың керек» деп, екінші мамандық алуыма зор септігін тигізген болатын. Аға ұстаздың осы бір ауыз сөзі себеп болып, Павлодар мемле-кеттік университетіне оқуға түсіп, «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын меңгердім. 1992 жылы бүгінгі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы гимназия мектебі  ашылып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып осы мектепке ауыстым. Содан бері осы білім ордасындамын. 
- Осы уақытқа дейін тәжі-рибеңізді өзге әріптестеріңізге тарататындай қандай іс атқар-дыңыз?
- Бұған дейін  «Шешендік өнер», «Түркі халық ауыз әдебиеті» сияқты авторлық бағдарламалар құрастырдым. Сондай-ақ, «Балаларға базарлық» көмекші құралын жаздым. Мектеп ішіндегі «Дарын» жастар театры мен «Жас ақындар» үйірмелері де менің бастамаммен ашылды. Бұл үйірмелер оқушылардың шығарма-шылық қабілеттерін шындап, театр және сөз өнеріне деген қызығушылықтарын арттырды.
- Қандай жетістіктеріңіз бар?
- Шәкірттерімнің жетістігі – менің де жетістігім. Бүгінгі таңда көптеген  оқушыларым әр түрлі сайыстарда, оқуларда, олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Атап айтсақ, Айдана Құрманиязова, Мадина Аппас, Асыл Абдуллина, Дана Тілепбергенова, Бауыржан Кәкімов, Бексұлтан Қайдаров, Абылқас Даяна, Аян Сайпен сияқты шәкірттерім облыстық, республикалық дәрежеде жүлделі орындар алып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатуда. Қайдаров Бексұлтан облыстық, республикалық оқушылар арасында өткен айтыстың жеңімпазы атанып, ұлттық өнер сахнасында  көзге түсіп жүр. Осындай білімді де өнерлі оқушыларды «Шәкірттерім - мақтанышым, мерейім» деп үнемі мақтан тұтып жүремін. Өз жетістігіме тоқталар болсам, «Үздік қазақ тілі мұғалімі-2017» байқауының бас жүлдесін, облыстық «Жыл мұғалімі-2017» байқауының «Тәлімгер ұстаз» номинациясын жеңіп алдым. Сонымен қатар, қалалық білім беру бөлімінің шешімімен «Тандаулы ұстаз» атандым. Бұлардан бөлек облыстық білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен және ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғанмын. 
- Ұстаздар қауымы үшін 2020 жыл несімен есте қалды деп ойлайсыз?
- 2020 жыл есте қалар оқиғаларға толы болды. Ең айтулысы – тарихта алғаш рет қашықтан білім беруге көшуіміз. Мұның келешек ұрпақ үшін пайдасы да бар, зияны да шаш-етектен. Мектептерде «Өзгеріс тобы» құрылды. Бұл топтың мақсаты - қашықтан білім беру бойынша оқушылардың толық білім алуын қамтамасыз етіп, ақпараттандырудың тың үлгілерімен айналысу. Оқушылар әр түрлі платформаларды, білім ресурстарын пайдалануды меңгерді. Ал зияны деп отырғанымыз – онлайн оқудың сапасы дәстүрлі жүйеде оқығандай болмайтыны бәрімізді қынжылтады. Сонымен қатар, биыл жаңартылған білім беру мазмұнына көштік. Ал жергілікті ұстаздар үшін «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталуы да жағымды жаңалық ретінде есте қалмақ. Бұл марапатқа үздіктердің қатарында мен де ілігіп, мерейім тасыды. Аса қуаныштымын. Бұл мұғалімдердің мәртебесін асырып, өз ісіне деген жауапкершілікті күшейте түскені анық. 
- Әңгімеңізге рахмет!


Сұхбаттасқан – 
Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 62

Возврат к списку

Раздел не найден.