Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді? 08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?

Жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбие, тіл мен діл секілді басты құндылықтардың дәнін егетін орын - орта мектеп. Жасыратыны жоқ, мектеп қабырғасында 11 жыл оқып, мемлекеттік тілді тіпті ауызекі деңгейде үйренбей шығып жатқан жастар көп.  Есесіне, оқушылар бір-екі жылдың шет тілін еркін меңгеріп алатынын көріп келеміз. Бұл бір мектепке немесе бір өңірге тиесілі кемшілік емес. Жалпы, бүгінге қоғамда түйнектеліп, шешімі табылмай тұрған мәселенің бірі. Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің кезекті онлайн «дөңгелек үстелінде» аралас мектептер мен балабақшалардағы қазақ тілін оқыту мәселесі талқыланды. ZOOM қосымшасы арқылы өткен пікірталасқа ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Тіл саясат комитетінің төрағасы Әділбек Қаба, облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, оқу орнындағы қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының басшысы Ырысгүл Шақаман, Павлодар қаласындағы №1 аралас мектебінің директоры Азамат Сыздықов, облыстық білім беру басқармасына қарасты «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» қазақ тілі пәні бойынша әдіскері Жұлдыз Мүтәліпова қатысты.

 Журналист:
- Құрметті Әділбек Күнесханұлы, республикалық Тіл саясат комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қара-мағына өтіп жатыр екен. Яғни, сіздер осы мәселеге біртабан жақындап келесіздер деген сөз. Ендеше, орыс тілінде білім алатын оқушылар мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгере алмауына нақты не себеп болып отыр? Әңгімені осыдан бастасақ...

33.jpg
Әділбек КҮНЕСХАНҰЛЫ:
- Бұл - бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Кеше ғана ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесіп, осы тақырыпты талқылаған едік. Бұны мектептің төңірегінде ғана қарастыруға болмайды. Бұл - кешенді түрде қаралып, жауабын іздейтін өте ауқымды тақырып. Ең алдымен неден бастаймыз деген сұраққа келсек. Әрине, бесіктен, анасының әлдиінен басталады. Бізде «атамекен», «атажұрт», «ата жолы», «жеті ата» сынды аса құнды ұғымдар бар. Қарап тұрсаңыз, барлығын атамен байланыстырып айтқан. Ал, тілге келгенде ғана оның анасымен байланыстырып, «ана тілі» дейміз. Себебі, сәбиге кішкентайынан тәрбие беретін де, алғаш былдырлап тілі шыға бастағанда тіл табысатын да анасы. Міне, жас ұрпаққа ана тілін сіңіру жұмысы балабақшадан да емес, мектептен де емес, тура отбасынан басталады. Әрбір ананың міндеті баласының тамағын қамдап, киімін бүтіндеумен шектелмейді. Сонымен қатар, өз елінің толыққанды патриот азаматы етіп тәрбиелеуге де көңіл бөлген абзал. Одан кейінгі міндет балабақшаға және мектепке жүктеледі. Бірақ, мектеп пен балабақшадағы тіл оқыту жүйесі де көңіл көншітпейді. Менің бір білерім, осы уақытқа дейін қолданылып келген оқулықтарды, әдістемелік құралдарды толығымен жаңартуды қажет етіп тұр. Бүгінге дейін қазақ тілі мен әдебиетінің қалай оқытылып келгені баршамызға аян. Мектеп бітіргенге дейін нақты бір нәтижеге қол жеткізе алатын тиімді жүйе жоқ. Сондықтан, бағалау жүйесін қайта құру керек. Мысал ретінде айтсам, оқушы бастауыш сыныптан не үйренді, жоғары сыныпты тәмамдайтын түлектің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі қандай? Сонымен қатар, колледж және жоғары оқу орны қабырғасынан қазақ тілін қаншалықты меңгеріп шықты? Осыны анықтайтын және сертификаттайтын бағдарлама керек. Егер оқушы немесе студент қазақ тілінде сөйлеуде белгіленген деңгейге жетпеген жағдайда, сертификат ала алмаса қайта сыныпқа түсіру тәсілі қолданылса.  Сол кезде ғана жауапкершілікті сезініп, жоғары сыныпқа, немесе жоғарғы курсқа көшу үшін тіл үйренуге мәжбүр болады. Бұл  - тіл үйретудің халықаралық тәжірибесінде бар тәсіл. Ал қазіргі оқу жүйесінен жас буынның қазақ тіліне қызығатын ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Ал, жоғары оқу орнын бітірген жас маман қызметке, әсіресе мемлекеттік қызметке тағайындалмас бұрын тест тапсырса дейміз. Жалпы, мемлекеттік қызметке баратын кез келген адам қазақ тілінен тест тапсыруы тиіс. Осы жерде тиімді қолданатын тағы бір әдістеме  – тілді саты-сатымен оқыту мәселесі. Мысалы, 6-сыныптың баласы қазақша осынша сөз білуі керек немесе осындай деңгейдегі күрделі сөйлемдерді түсінуі тиіс. 11-сынып бітіретін оқушы осынша сөз білуі керек деген секілді жүйелерді енгізген дұрыс па деп ойлаймын. Міне, осындай жағдайлар жасалғанда ғана тілге деген қажеттілік қалыптасады. Яғни, бұл үлкен бір реформалық қозғалысты күтіп тұрған сала және бұны жақын күндері қолға алатын боламыз. Бала тілінің шұбарланып шығуына себеп болып тұрған дүниелердің бірі – гаджеттер. Барлығымызға таныс жағдай, баламыз мазамызды ала бастаса құлағымыздың тыныштығы үшін телефон ұстата саламыз. Бала осылай біртіндеп телефонға тәуелді бола бастайды. Ал, одан кейін қандай тілде мультфильм көріп отырғанында шаруамыз жоқ. Әрине, ол көп жағдайда орыс тіліндегі мультфильмдерді қарайды.

Журналист:
- Қазақ тіліндегі телебағдар-ламаларға және мультфильмдерге көңіліңіз тола ма?
- Біздің арналарда қызықты мультсериалдар мен тартымды бағдарламалар мүлдем беріл-мейді. Өткен жолы осы салада жұмыс істеп жүрген продюсерлермен бір мәрте кездестім. Сондағы көзім жеткені, қазақтың төл ертегілерінен мультфильм түсіруге не болмаса шетелдің сапалы өнімдерін дубляждауға жеткілікті қаражат бөлінбейді екен. Екіншіден, оны аударатын маман тапшы, үшіншіден, заманауи құрылғылар жоқ. Сондықтан, мұны күн тәртібіндегі ең негізгі мәселелердің бірі ретінде қолға алатын болып, қарар қабылдадық. Мысалы, Қытай, Франция, Италия елдері балаларға арналған мульт-фильм түсіруді стратегиялық маңызы бар шаруа ретінде қарайды. Тіпті, Ресейдің өзі тіл мәселесіне ұлттық қауіпсіздік деңгейінде назар аударды. Біз де тілге сол деңгейде қарауымыз керек. 

Журналист:
- Тұшымды жауабыңызға көп рахмет. Келесі сұрақты Дінислам Болатханұлына бағыттағым келіп отыр. Жалпы, Павлодар өңірінде орыс тілінде білім беретін қанша мектеп бар?

11.jpg
Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ:
- Павлодар облысында таза қазақ тілінде білім беретін - 135, аралас негізде оқытатын - 163, ресми тілде оқытатын 53 мектеп бар. Қазір орыс мектептерінен қазақ сыныптарын ашып, тым болмағанда аралас жүйеге көшіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Осыдан 3 жыл бұрын таза орыс мектептерінен, соның ішінде элиталы мектептердің ішінен қазақ сыныптарын ашуды қолға алдық. Бұл оңайға соққан жоқ. Бір өкініштісі, қазақтардың өзі осы бастамаға қарсы шығып, балаларын қазақ сыныптарына бергісі келмеді. Міне, құлдық сананың әбден қалыптасып қалғанын осыдан-ақ байқауға болады. Мен кейін оның себебін де зерттедім. Сөйтсем, біздің өңірдің адамдары аралас мектептерге үреймен қарайды екен. Егер өзімізге, тілімізге жанымыз ашыса оның мәселесіне батпандап кіру керек қой. Аралас мектептерде қалыптасқан білім жүйесіне ата-аналардың жауапкершілігін күшейту керек.
Ал орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшалардың барлығында қазақ тілі пәні жүргізіледі. Сонымен қатар, мекемелерде жұмыс істейтін тәрбиешілерге «белгіленген мерзімге дейін 500 сөз үйретіңдер және оны ары қарай жалғастырыңдар» деген талап қойдық.  Бірақ, ата-ана үйде  баласымен ана тілінде сөйлеспесе, мектеп пен балабақшада қанша үйретсек те оның нәтижесі біз күткендей болмайды. 

Журналист:
- Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің осы пәнді оқыту тәсіліне, қолданып отырған әдістемесіне көңіліңіз тола ма?

- Ең алдымен қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруіміз керек. Мен осы қызметке келгеннен кейін бірнеше мектепке барып, оқыту барысымен таныстым. Өкінішке қарай, қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әлі кеңестік идеологиямен өмір сүріп келеді. Бұл - ащы болса да шындық. Қазіргі оқу бағдарламасында монументальді түрде қалыптасқан және ешқандай сынауды көтермейтін әдеби туындылар бар. Яғни, біз оқытып жүрген көп әдебиет - келмеске кеткен социалистік реализм әдісімен жазылған шығармалар. Бірде мектептердің біріне бас сұғып, оқушы балаға «Бай болғың келе ме?» деген сауал қойдым. Оқушы бірден: «Жоқ» деген жауап береді. «Неге?» десем: «Бай болған жаман» дейді. Себебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі баланың санасына сондай ескі идеологияны құйып тастаған. Жеткіншектің санасындағы байлардың кейпі жағымсыз, кедейлер ғана жағымды. Бір сөзбен айтқанда, 70 жыл бойы біздің миымыз бен рухымызды улаған идеология дәл қазіргі уақытта қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында көрініс табуда. Сондықтан, оқытылатын әдебиеттердің мазмұнын қайта қарау керек секілді. Бізге керегі - жыраулар поэзиясы, нағыз қазақы өр рух сонда. Біз - кешегі ұлы империялардың жұрнағымыз, біз -  Алтын орданың тікелей мұрагеріміз. Міне, соны жас ұрпаққа әдебиет арқылы сіңіруіміз керек. 

Журналист:
- Орыс тілді мектептерді қазақша сөйлетудің тағы бір емі – идеология. Білім мекемелерінде қазақы құндылықтар қаншалықты насихатталуда?

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ:
- Бұл тұрғыда әсіресе мектеп ішін, сынып жүйесін жабдықтаудың да маңызы зор деп айтар едім. Бір байқағаным, біздің облыстағы мектептерде Ұлы Отан соғысына деген көзқарас ерекше. Көп мекемелерде соғыс тақырыбына арналған мұражайлар бар. Иә, біздің аталарымыз сол ұлы майданда ерлік көрсетті. Талайымыздың аталарымыз құрбан болды, мүлдем хабарсыз кеткендері де көп. Мүгедек болып оралғандары да бар. Десе де, бұл біздің жас буынға ұлттық рух, рухани тәрбие бере ала ма деген сұрақ туындайды. Сондықтан, біз Елбасының мақаласын негізге ала отырып, мектептерге «Ұлы Дала елі» музейлерін ашуды қолға алып жатырмыз.  Онда ежелгі дәуірден бастап, Қазақстанның қазіргі қалыптасу кезеңіне дейінгі мәліметтер қамтылады. Мұндай музейлерді алдымен қазақ мектептеріне емес, орыс тілінде білім беретін мектептерде іске қосуды жөн деп таптық. Кейін ауқымын кеңейте беретін боламыз. Мұның ұлттық идеология тұрғысынан маңызы зор. Білім саласындағы тағы бір үлкен кемшілік, қазір елімізде тәжік, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептер бар. Оның бізге қандай  қажеттілігі бар?  Ондай кең етектіліктен арылу керек. Мысалы, бір ауылдағы 100 шақты тәжік ұлт өкілі үшін бір мектепті ұстап отыру деген - ақылға қонымсыз дүние. Еліміздегі монолитті ұлттың қалыптаспай отыруының басты себебі – осы. Есесіне, тәжік, өзбек, ұйғыр тілдерін мектепке факультатив ретінде енгізіп қойсын, сол да жеткілікті. Іргедегі Ресей солай жасап отыр. Бұл реформаны біз оңтүстіктен бастауымыз керек. Осылайша ақырындап солтүстік өңірлерде де жүзеге  асырыла бастағаны абзал. Тағы бір үлкен мәселе, «орыс тілді мектеп» деген атауды және қоғамдағы осындай ұғымды мүлдем жою керек. Оның орнын «көп тілді мектеп» деген атаумен алмастыруды ұсынамын. Біз бұған дейін «Ер есімі – ел есінде» деген бір ауқымды жобаны қолға алған едік. Оның мақсаты – елге еңбегі сіңген Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қошке Кемеңгеров және т.б. ұлт қайраткерлерінің есімдерін орыс және аралас мектептеріне беру. Себебі, бала мектепке кірген сайын маңдайшадағы сол атауларды көреді. Бұл - оның санасына да оң әсер ететін фактор. Яғни, мекеменің атауының өзі баланы тәрбиелейді емес пе?! Кезінде Алланың Елшісі, Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Балаға мұсылманшылықты менің атыммен болса да үйретіңдер» депті. Бұл да сондай тәсіл ғой. Менің Үкімет тарапынан сұрарым, осындай жұмыстарға бірден рұқсат беріп отырса. Себебі, құжаттарын рәсімдеу кезінде көптеген бюрократиялық кедергілерге ұшыраймыз. Осының жолдарын барынша жеңілдетуді сұраймын.

Журналист:
- Ырысгүл Бектемірқызы, жоғары оқу орындарында орыс сыныптарына арналған қазақ тілі мұғалімдерін дайындау бойынша қандай жаңашылдықтар бар? 

22.jpg
Ырысгүл БЕКТЕМІРҚЫЗЫ: 
- Бүгін өте өзекті мәселені ортаға салып отырсыздар және көңілге қонымды жақсы ұсыныс-пікірлер айтылуда. Әсіресе жоғарыда Әділбек Күнесханұлының егер мемлекеттік тілде өз деңгейінде меңгермесе сыныпта қалдыру керек деген пікірін қос қолымды көтеріп қолдаймын. Мектеп оқушысын қазақша сөйлетудің жалғыз тәсілі –  осы. Енді оны Үкімет тарапынан арнайы құжатпен бекітіп, нақты бір тұжырымдамасын әзірлеп берсе жақсы болар еді. Мұндай жүйені мектепке ғана емес, мемлекеттік мекемелерге де енгізуге болады меніңше. Енді жоғары оқу орнына келсек, біз мұнда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін екі бағытта дайындаймыз. Біріншісі, қазақ мектептеріне, екіншісі орыс мектептеріне арналған мамандар. Сонымен қатар, жаңаша тіл оқыту әдістемелері де бар. Яғни, Назарбаев зияткерлік мектептерінен алынған әдістемелердің түр-түрі енгізіліп, үйретіліп жатыр. Бұл жерде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандарының қолынан түк келмейді» деп тұқырта беруге болмайды. Мектепте тіл меңгертудің түрлі әдістері қолданылуда. Барлығы ортаға және қажеттілікке байланысты екенін мойындау керек. Егер барлығы әдістемеге тіреліп тұрған болса, мен неге ағылшын тілін, қытай тілін үйреніп алмаймын?! Шынын айту керек, қазір орыс тілді мектептерінде оқитын кез келген бала қазақша түсінеді және жауап бере алады. Бірақ, олардың қазақ тілін қолдануды дағдылануға мүмкіндік бермей отырған өзіміз ғой. Яғни, мемлекеттік деңгейдегі саяси мәселелер реттелмейінше бұл өзгермейді. Ал, Дінислам Болатханұлының «қазақ әдебиеті мұғалімдері әдебиетті оқытуда социалистік реализм шекпенінен шыға алмай отыр» деген пікірімен келіспеймін. Шындап келгенде, біздің мұғалімдер әдебиет арқылы шынайы өмірді үйретуде. Ол жерде жағымды немесе жағымсыз образ деген жоқ. Әрине, әр кейіпкердің әртүрлі қасиеті бар. Мысалы, Құнанбайдың өзін жоғары деңгейдегі ұлағатты адам ретінде көрсетіп жатыр. Мұндай мысалдар жеткілікті. 

Журналист:
- Азамат Жанайдарұлы, сіз бұл мәселенің дәл ортасында отырсыз. Яғни, аралас мектептің жай-күйін бізден жақсы білесіз. Бүгінгі қонақтардың бірі әдістемелік құралдардың әлсіздігі десе, енді бірі ортаның жоқтығы дейді. Не дейсіз? 

55.jpg
Азамат СЫЗДЫҚОВ:
- Павлодар қаласының №1 мектебі аралас негізде жұмыс істейді. Дей тұрғанмен, болашақта таза қазақ тілінде білім беруге көшеміз деген жоспарымыз бар. Яғни, қазіргі таңда қазақ сыныптарын көбейтіп, орыс сыныптарының санын азайту жұмыстары біртіндеп жүруде. Біз бастауыш пен орта буынды толығымен қазақшаға көшірдік. Енді үлкен сыныптары ғана қалып отыр. Тағы бір жаңалығымыз – мектебімізге болашақта Малайсары батырдың есімі беріледі деп жоспарлануда. Мекеменің бірінші қабатында батырға арналған шағын музей құрылды. Ал негізгі тақырыпқа оралар болсам, орыс сыныптарында оқитын балалардың қазақ тілін үйренуге деген құлықсыздығы бізде де бар.  Оның басты себебі – қазақы ортаның қалыптаспауы дер едім. Бұл пікірді алдыңғы спикерлер де айтты, мен де қайталаймын. Мысалы, кейбір қазағы көп ауылдарға барсаңыз, өзге ұлттың балалары таза қазақ тілінде сөйлеп жүреді. Бұл – әдістемеден гөрі ортаның маңызы зор екенін көрсететін бірден-бір дәлел. Негізі қазақ мектебінде оқыған бала мен орыс мектебінде оқыған баланың тәрбиесі жер мен көктей. Өзім қазақ мектебінде оқып, кейін аралас мектепке келдім. Бұл айырмашылықты сонда байқадым. Тіпті, қазақ балаларының өзі әуелі ана тілінен алыс, ұлттық салт-санадан кемшін болып өседі екен. Ата-аналар осыны ескерсе деймін.

Журналист:
- Ендеше келесі сөзді Жұлдыз Аманқұлқызына берейік. Орыс мектебі оқушылары қазақ тілін жеңіл үйрену үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды тереңдету қажет пе?

44.jpg
Жұлдыз АМАНҚҰЛҚЫЗЫ:
- Әрине, сағатыңыз, уақытыңыз жеткілікті болып жатса тереңдетіп оқытып, қосымша сабақтар өткізген дұрыс. Бұл – бір. Екіншіден, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың әдістері сан алуан. Осының арасынан  өзіне жақын және сыныпқа лайықты екі әдістемені жақсылап меңгеріп алса жеткілікті. Көп жағдайда бір мұғалім бірнеше әдісті таңдап алады да, соның қайсысын қолданарын білмей баса қатып отырады. Мұғалімнің шеберлігі, жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі өз білімін жетілдіріп, өз тәжірибесін шыңдап отырған дұрыс. Сонда өз жұмысының нәтижесін көреді. Яғни, тіл үйрету, оқыту әдістемелерін жүйелеп, жіктеп, оны сабақта тиімді қолдана білу педагогтің шеберлігін көрсетеді. Мен көп жыл орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келдім.  Менің алған тәжірибем бойынша, өзге тілді ұлттарға жіктеп көрсетудің пайдасы зор. Біріншіден,  оқушыға берілетін білімнің сапасы артады. Екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды. Үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Оқушылар тілді практикалық-теориялық және теориялық-практикалық жағынан меңгереді. Мен ұсынатын тағы бір тәсіл - сабақты ойнап-күліп, көңілді өткізу.

Журналист:
- Орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдерінің қолында нақты қандай күш бар? Мысалы, дұрыс оқымай келген балаға екілік немесе үштік бағасын қойып берсін. Мүмкін, сол кезде жоғары баға алу үшін тырысатын шығар...

Жұлдыз АМАНҚҰЛҚЫЗЫ:
- Қазір баланы бағамен қорқытатын немесе оқуға қызықтыратын заман емес. Сынып жетекшілерінің көбі оқушыларының 70 пайызын «үздік оқушы» санатына енгізгісі келеді. Оның түсінігінде бірде-бір оқушысы үштік баға алмауы керек.  Егер, сабақты дұрыс меңгермеген бір балаға төмен баға қоятын болсақ, сынып жетекшісі алдымен оқушының ата-анасын шақыртып, одан кейін директорға шағым түсіріп, алдында қойған бағаны қайта түзеткізеді. Міне, біз осындай жалған намыспен балаларды әбден жаман үйреткенбіз. Бұдан кейін кім сабақты дұрыс оқығысы келеді? Балалардың санасында оқысам да, оқымасам да ешкім үш қоя алмайды деген сенім қалыптасып қалған. 

Азамат ЖАНАЙДАРҰЛЫ: 
- Мұндай жағдай бізде де жиі кездесіп жатады. Ата-аналардың арасында бәсекелестік бар. Баласы тоқсан соңында бір пәннен төмен баға алып жатса, оны көтеру үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысады.

Ырысгүл БЕКТЕМІРҚЫЗЫ:
- Осы пікір-сайыстың қоры-тындысы бойынша мынадай бір түйінге келіп отырмын. Болашақта бір әдістемелік кеңес құрып, орыс тілді және аралас мектептерді аралап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні қалай оқытылып жатқанын бақылайық. Кеңестің құрамына мектеп директорлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері енсе.

Түйін: 
Онлайн өткен «Дөңгелек үстелде» мәселені шешудің әртүрлі жолдары көрсетілді, көптеген тиімді ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Шара барысында орта мектепте, әсіресе орыс сыныбында отырған балаларды қазақша сөйлетудің негізгі үш бағыты жиі айтылды. Біріншісі қазақы орта қалыптастыру, екіншісі идеологиялық жұмыстарды күшейту, үшіншісі тиімді әдістемелік және оқу құралдарын әзірлеу. Бір анығы, орыс сыныптарына мемлекеттік тілді меңгерту жағы ақсап жатыр. Бұл мәселе болашақта қалай шешіледі? Сала мамандары өзара ақылдасып, нақты әдістерін табады деген сенім зор. Маңызды мәселеге қатысты сіз не дейсіз, оқырман?

«Дөңгелек үстелді» ұйымдастырған – Тілеуберді САХАБА. 


Количество показов: 49

Возврат к списку