Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!

Талап 
  жеңілдетілсе...
Иә, субсидия десе, шаруалардың елең ете қалатыны рас. Әрине, мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор қолдауды кім жек көрсін. Десе де, демеуқаржы жүйесі қолға алынғаннан бері жыл сайын өзгерістер енгізіліп, фермерлердің діңкесі құрып біткені жасырын емес. Бірақ, әр шаруа өзіне тиесілі қаражатқа кешігіп қол жеткізсе де, демеуқаржының тиімділігін сезініп отыр. Субсидия саясатының көздегені де сол.
Май ауданындағы «Бейсен» шаруа қожалығының басшысы Нұрбек Байғалиев субсидия алуға талпынып көріпті. Бірақ, талаптарын орындау үшін әбігерге түскен.
- Ақша артықтық етпейді ғой. Қой шаруа-шылығымен айналысып жүргендіктен, сол бағыттағы субсидияларға қол жеткізуге тырысып көрген едім. Алайда, көптеген талаптар көсе-көлденең шығып, қолымды бір-ақ сілтедім. Ережеге сай, қойлардың әрқайсысына электронды сырға тағу керек екен. Өзге де машақаттары аз болған жоқ. Есептеп қарасам, талаптарды орындауға кеткен шығын субсидияның қаражатымен бірдей. Уақытымды сарп етіп, шығындалып құжат жинап сандалғанша, демеуқаржыдан бас тарту әлдеқайда тиімді емес пе? Бұл – барлық шаруаларға ортақ мәселе. Бұрындары асылдандыру бағдарламасы шеңберінде әр ірі қараға 18 мың теңге субсидия қарастырылып, ол қаражатқа бас ауыртпай қол жеткізетін едік. Жыл сайын ережелер өзгеріп, шаруалардың жүйкесін жұқартқаны рас. Айтпағым, субсидиялардың талаптары жеңілдетілсе екен. Мемлекеттік қолдау ешқандай қиындықсыз діттеген жеріне жету керек, - дейді Н.Байғалиев.
Естеріңізге салсақ, соңғы жылдардағы өзгерістерге сәйкес, субсидия алу үшін «Qoldau.kz» сайтына өтініш қалдыру керек. Яғни, барлық шаруа электронды түрде реттеледі. Алғашқыда жүйе дұрыс жұмыс істемей, жиі істен шығып жүрді. Шалғайдағы шаруалар да компьютердің «тілін» түсінбей, өзіне тиесілі қаражаттан қағылған болатын. Яғни, интернет жылдамдығы аз, тіпті жоқ жерде шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа-
лар демеуқаржы алуға үлгермей қалды. Қазір жаңа жүйеге үйренісіп, жедел өтінішін қалдыруға дағдыланған. Десе де, кейбір жағдайда әлі күнге дейін өтінішті толтыру кезінде ақпараттар толық қамтылмайтын көрінеді. Бұл өтінішті қанағаттандыру процесін тежеп, сәйкесінше, қаражаттың кешігіп түсуіне алып келмек. Сондықтан да, шаруаларға барынша мұқияттылық танытқан абзал.
- Жаңа жүйе субсидия бөлудің ашық-тығына көз жеткізуге мүмкіндік бергенімен, егде тартқан шаруалар енді ғана көшке ілесіп келеді. Бағдарламаға құжаттарын жедел енгізген шаруалар алғашқы болып субсидияға қол жеткізетінін еске салғым келеді. Үлгермей қалғандарына тиісті қаражат келесі жылы ең бірінші кезекте беріледі, - 
дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қымбат Сейітқалиева.
 Мал баққан 
 ағайынға көмек
Облыстағы мал санының басым бөлігі Баянауыл ауданына тиесілі екенін ескерсек, баянауылдықтар мал шаруашылығы бағы-тындағы субсидиялардан қалыс қалып жатқан жоқ.
- Былтыр жергілікті шаруалар 896 мил-
лион теңгенің субсидиясына қол жеткізді. Қаражат алуға үлгермей қалғандарға биыл төленетін болады. Әр ауданнан түскен ақпараттарға сәйкес, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы субсидияға деген қажеттілікті анықтайтыны белгілі. Бұл ретте, биыл жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгенің субсидиясына өтініш беріп қойдық. Бірақ, бұл - аталған қаражаттың барлығы шаруаларға үлестіріледі деген сөз емес. Соңғы жаңашылдықтарға сәйкес, облыстық бюджет есебінен малдың жем-азығын әзірлеуге демеуқаржы бөлінбек. Ол үшін шаруалардың жайылым жері болуы тиіс. Аналық ірі қара саны 50 бастан кем болмауы керек. Мұндай қолдау баянауылдық шаруаларға пайдасын тигізіп, саланың дамуына серпін беретіні сөзсіз, - дейді Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Әлия Қаниева.
 Өзгерістердің өзегі
Жоғарыда жазғанымыздай, субсидия тәртібі жиі өзгеріске ұшырап тұрады. Қымбат Сейітқалиеваның айтуынша, жылдағы «дәстүр» бойынша биыл да инвестициялық субидиялаудың ережесіне азғантай өзгеріс енгізіліпті.
- Ендігі жерде субсидия бөлу кезінде паспорт деген ұғым қолданылады. Демеуқаржыны үлестіру кезінде қаражат жетпей жатса, паспорттардағы қаржыны бір-біріне ауыстыруға мүмкіндік бар. Ұсақ шаруашылықтарға көбіне №4 паспорт тиімді. Десе де, өзгерістерге сәйкес, күн панельдерін субсидиялау тоқтатылды. Бұрын жайлауда орнатылған вагондарға 
80 пайыз субсидия берілсе, енді 25 пайызы төленеді. Қала берді, сумен жабдықтау ісі бойынша генератор, су сорғысы, ұңғыма қызу жұмыстарының 50 пайызы субсидия-ланатын болды, - дейді Қ.Сейітқалиева.
Белгілі болғандай, былтыр павлодарлық шаруаларды инвестсубсидиялауға респуб-ликалық бюджеттен 10,1 миллиард теңге қаражат бөлініпті. Кейін республикалық қазынадан қосымша 3,9 миллиард теңге үлестірілгенін де атап өткен жөн. Биыл қаражат көлемі артпаса, азаймайды деп күтілуде.
Тиын тиімдісіне тиеді
Жыл сайын субсидия тәртібінің өзгеруінің себебі бар. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әр жылдың қорытындысын саралап, тиімсіз бағыттардың тізімін жаңартып отырады. Мәселен, соңғы жылдары көпшіліктің талқылауына түскен «гектарлық» субсидия алынып тасталды. Себебін жіктеп берсек. Бұған дейін көктемгі егіс науқаны кезінде жоспарланған тұқым себілетін алқаптың көлеміне қарай қаржылай көмек көрсетіліп келді. Жоспар орындалды, қаржы игеріледі. Комиссия жұмыс көлемін растап, қабылдайды. Сосын түрлі себеп-сылтаулар табылып, әлгі себілген аудан белгілі бір мөлшерге азаяды. Тіпті, егіс алқабына жоспарланған дақылдардың орнына басқа тұқым себілген жағдайлар да тіркелген. Бірақ, жұмсалған ақшаны сұрап жатқан ешкім жоқ, комиссия актісі болса болды. Бұл ретте, сала мамандары субсидия түпкі нәтижеге төлену керек деген шешімге келіп, «гектарлық» демеуқаржы тізімнен алынып тасталған болатын.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, 2017 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы тауарлық-спецификалық субсидиялар азая бастаған.
- Ең әуелі дәнді дақылдарды, кейін майлы және көкөніс-бақша дақылдарын субсидиялаудан бас тарттық. Қазіргі уақытта ірі қара мал етіне, жұмыртқа, қымыз бен шұбатқа, күрішке, мақтаға арналған субсидияларды алып тастауды жоспарлап отырмыз. Өйткені бұл тауарлар бойынша еліміздің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі тұрақты. Бұл ретте босатылған қаражат салада қалады. Яғни, олар азаймайды және ешқайда кетпейді. Көбіне асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу, сондай-ақ импортқа тәуелді - сүт, құс еті, қант қызылшасы сияқты басым бағыттарға жұмсалады, - дейді С.Омаров.

Түйін:

Бір анығы, осы уақытқа дейін көптеген шаруалар қолдаудың арқасында аяққа тік тұрып, аймақтың ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлестерін қосып отыр. Алғашқы жылдары субсидияның түрлері аз болатын. Кейін әр жыл сайын шетелдік тәжірибеге сүйеніп, демеуқаржының көптеген түрлері жүзеге аса бастады. Бұл ретте, осы іске бөлінген қаражаттың көлемі артып, сәйкесінше агроөнеркәсіп кешені жанданып келеді.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 76

Возврат к списку