«Оразаның сауабын өзім беремін»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін» 08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»

Жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту – әр мұсылманға ортақ парыз амал. Оған Алла Елшісі, Пайғамбарымыздың мына хадисі дәлел: «Ораза тұту сіздерден бұрынғыларға парыз болғаны секілді, сіздерге де парыз етілді» дейді.  Ал парыз үкімі бар әрбір амалды мұсылман баласы жасауы міндет. Сол секілді Рамазан айының оразасын да мүмкіндігі бар адам ұстағаны абзал екенін айтады имамдар.
Елімізге белгілі дінтанушы, ұстаз Арман Қуанышбаевтың сөзінше, бұл ғибадат Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мединеге қоныс аударған соң екі жылдан кейін парыз болған екен. Содан бастап Алла Елшісі 9 рет ораза ұстапты. Оның 4-еуі 30 күндік болса, 5-еуі 29 күндік болыпты.
- Жалпы, адам баласы осы өмірде істеген жақсы ісі мен ғибадат құлшылығына сай сауабын алады. Оны Алла тағаланың бұйрығы бойынша арнайы бекітілген періштелері жазып отырады екен. Мысалы, қиямет күні келген уақытта намаз оқыған адам осынша сауапқа, садақа берген адам осындай сауап, жетім-жесірге көмек берген пенде мынадай сауапқа ие деп, түгелінің есебін шығарады. Ал, отыз күн бойы тұтқан оразаға берілетін сауаптың көптігінде ешқандай да өлшем мен есеп жоқ екен. Себебі,  «Алла Тағала: «Оразаны мен үшін ұстады. Оның сауабын Өзім беремін», деп айтады екен.  Ораза құлшылығындағы құпия сырдың мәні де осында деуге болады. Яғни, ораза құлшылығына берілетін сауап Аллаға ғана мәлім. Одан періштелер де бейхабар. Өйткені, ораза – риясыз ғибадат, ол ешкімге жариясыз жасалатын амал. Бір сөзбен айтқанда, оразаны кім қалай ұстап жүр, ол жағы Жаратушы мен құл арасындағы құпия сыр ғана,  - дейді Арман ұстаз. Дінтанушының сөзінше, мұсылман қауым әрбір ұстаған оразасын қияметте Жаратушысының дидарын көруге апарар бірден-бір себеп деп біледі. Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Ораза ұстаған адамның екі қуанышы бар. Бірі ауыз ашқан сәті. Екіншісі, қияметте Алланың дидарын көрген сәті» делінеді. Яғни, Алла Тағаланың дидарын көру бақыты ораза ұстаған адамға ғана бұйыратынын еске салады. Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде: «Алла үшін тұтқан бір күнгі ораза адамды 40 жылдық тозақ жолынан алыстады» дейді. Оразаның тағы бір нығметі – жасаған қателік-күнәларынан арылып қана қоймай, кейінгі уақытта да жаман істерге барудан аулақ болады. Бір сөзбен айтқанда адамға өзінің нәпсісін тез құрықтап ала алатын рухани күш-жігер береді. Ораза тұтқан адам сабыр сақтауды үйренеді, шыдамдылықтың не екенін біледі. Сабырлылық – Алланың ең үлкен нығметтерінің бірі. Мысалы, алдыңыздағы адал болған ас-судың өзінен Алла үшін бас тартып отырсыз. Мұндай қасиет екінің бірінің бойында жоқ. Таңнан кешке дейін Алланың адал қылған нәрсесінен тиылған адам, рұқсат етпекен нәрсесіне мүлдем бармайды деген сөз. Алланың Елшісі бір өсиетінде «Кейбір оразашылар бар, күні бойы аш жүргеннен басқа ешнәрсе таба алмайды» деген. Яғни, рамазан оразасына үлкен рухани дайындықпен келмесеңіз, бір ай уақытыңызды бос өткізіп алуыңыз мүмкін екенін де ескертеді. 
- Өкінішке қарай, оразаны ғибадат үшін емес, арықтау үшін тұтатын адамдар өте көп.  Қасиетті айдың қадірін білмей жүргендер қанша?!  Отыз күндік оразаның не мақсатта парыз етілгенін сезінбейтін жандар бар. Бір адамдар болады, «күн ыстық» деп ораза ұстамайды. Керісінше сол күн ыстық уақытта ораза ұстап, өзінің қаншалықты сабырлы, мықты екенін неге бір сынап алмасқа?! Кейбір бауырларымыз «ораза ұстап жүрмін» жалқаулыққа салынып кетеді. «Менің аузым берік, жұмыс істесем Халім құриды» деп өзін бүкіл жұмыс шаруадан босатып алады. Бұл сонда қандай құлшылық болмақ? Бұл адамды жалқаулыққа жетелейтін жағдай. Ал, Ислам діні жалқаулықты құптамайды. Кешке қарнын тойдырып алады да, құптан намазын да оқымай ұйқыға кететіндерді байқаймыз. Міне, сол жатқаннан мол жатып, таңғы намазды өткізіп, күн ысығанда басын бірақ көтереді. Сосын кешке тарауыққа баратын болса, сегіз ракатын оқиды да шыға жөнеледі. Немесе елдің бәрі жамағатпен намазға жығылып жатқанда қабырғаға сүйеніп қарап отыратын жігіттерді көреміз. Бұлай жалғастыра берсеңіз сауаптың исін де зезіне алмайсыз. Ішіп-жеуден тиылғаныңызбен жалқаулық деген нәпсіңізді тия алмай отырсыз деген сөз. Адам нәпсісі - ең үлкен жауы. Егер өз еркімен жібере берсеңіз, сізге бұдан зорғысын жасатуы мүкін. Сол нәпсіні құрықтап, жеңетін уақыт –  Рамазан айы, - дейді Арман Қуанышбаев. Бұл жердегі дінтанушылардың айтпағы, ауыз бекітуді міндет қылып, өзіне айрықша жағдай жасау қателік. Яғни, күнде жасайтын жұмыс-шаруасы қандай болса, соны жалғас-тыра беруі керек. Алла тағала ол адамға жеңілдігін өзі жасайды, қандай жұмыс болса да атқарып әкетер күш-қуат береді. Міне, осыны сезінген адам ғана Рамазанның қадіріне жеткен болып есептеледі екен.

Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 36

Возврат к списку