Орталықтың пайдасы қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Орталықтың  пайдасы қандай? 09.09.2021

Орталықтың пайдасы қандай?

Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде көтерме-тарату орталықтарын салу мәселесі көтерілген болатын. Әу бастағы жоспар бойынша, алғашқы орталықтардың бірі былтыр біздің облыста қолданысқа берілуі керек еді. Бірақ азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақты сақтауы тиіс бұл орталықтардың құрылысына қатысты жұмыс сиырқұйымшақтанып кетті.

Жалпы, көтерме-тарату орта-лықтарын іске қосу тәжірибесі әлемде бұрыннан бар. Алысқа бармай-ақ, көршілес Ресейдегі бірнеше орталықты мысалға келтіруге болады. Бұл бағыттағы жұмыстың бір ізге келтірілгені соншалық, бүгінгі күні шаруалар, сатушылар мен тұтынушылар ет, сүт, көкөніс сынды тауарлар мәселесіне қатысты бас қатырмайды. Ал бізде ше?

Біздің елде де көтерме-тарату нүктелерін салу туралы айтылған еді. Алайда, айтылған күйі қалды. Құзырлы министрліктің ауқымды жобалары да іске асқан жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл мәселеге тағы да көңіл аударды.

- Қазақстанның ауыл шаруа-шылығының әлеуеті орасан зор екені көп айтылады. Бірақ, агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған проблемалар да аз емес. Ең алдымен, бұл – азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуі. Мен бұған дейін көтерме-тарату орталықтарының желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Осы орталықтардың шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, соның ішінде, жеке қосалқы шаруашылықтарға да қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл нарықтың монополиялануына жол беруге болмайды, - деп қадап айтты Президент.

Мұндай орталықтардың салынуы бірден бірнеше тарапқа тиімді болмақ. Атап айтқанда, бұл кластердің негізгі тірегі - шаруалар. Олар үшін өзі өсірген өнімнің тиімді бағамен сатылуы маңызды. Бұл ретте көтерме-тарату орталықтары тұрақты тапсырыспен қамтамасыз етеді. Екіншіден, өнімдерді сақтауға, жеткізуге жауапты болатын инвесторлар өнімге белгіленген көлемдегі үстемеақы қосу арқылы табыс табады. Үшіншіден, сауда орындары ұтады. Себебі дүкендерді сапалы әрі арзан өніммен қамту мәселесі шешіледі. Қазіргідей жеке шаруашылықтарды іздеп, олардың әрқайсысымен келіссөз жүргізіп, тауарды алып кетудің қажеті болмайды. Бәрінен де мұндай орталықтардың іске кірісуі тұтынушыларға оңтайлы болуы тиіс. Сатып алушыларда сапасы жоғары, бағасы төмен өңірлік өнімдерді алу мүмкіндігі болады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастапқы жоспарына сәйкес, алдымен еліміздің бес облысында осындай тарату орындары салынуы тиіс еді. Олардың қатарында Павлодар облысы да бар. Бірақ өткен жылы пайдалануға берілуі керек болған сауда нүктесі іске қосылмақ түгілі әлі қазығы қағылған жоқ. Жауапты сала өкілдері мұны инвестордың жұмысымен байланыстырып отыр. Құжаттарды рәсімдеу, сараптамалар қорытындысын алу сынды ресми шаруалар қолды байлағанға ұқсайды.

Жобаны жүзеге асыратын компания – «Ұлттық тауар тарату орталығы» ЖШС. Бүгінде аталмыш кәсіпорын тиісті конкурсты жеңіп, мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулен Қабдушевтің сөзінше, көтерме-тарату орталығына екі жер телімі берілді. Алғашқысы – Ақсу қаласындағы индустриялық аймақтағы 30 гектар аумақ. Мұнда қажетті инфрақұрылымның барлығы бар. Сондықтан өнімдерді сақтауда қиындық туындамауы тиіс. Екіншісі – облыс орталығынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Мичурин ауылының маңындағы 20 гектар жер. Қазіргі уақытта инвестор аталмыш жер телімдерін қоршау ісіне кірісті. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Айта кетейік, құрылыс барысында бөлінетін инвестиция көлемі 22,6 млрд теңгені құрайды. Ұлттық тауар тарату орталығы Ақсу аумағындағы орталықты салуға 13,1 млрд теңге, Мичурин ауылындағы алқаптағы құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд теңге бөлмек.

- Бұл орталықтың басты мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Аталмыш тарату нүктелері маусымаралық сұраныс кезінде өңір қажеттілігін қамтып, ауылшаруашылық тауарларына белгіленетін соңғы бағаны бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдар санын азайтады. Бұл ретте шағын шаруашылықтарға зор қолдау болмақ, - дейді Д.Қабдушев.

Бірақ жергілікті кейбір шаруа-лардың бұл бастамаға қатысты пікірі екіұдай болып тұр. «Әділ» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Оспанов көтерме-тарату орталықтарын өніммен қамту міндетті болмауы тиіс деп санайды.

- Шаруалардың өнімін бір орталықтың сатып алғаны дұрыс. Себебі картоп, сәбізді алатын тұтынушыларды іздеп, әуреге түспейміз. Бірақ бұл ретте екі мәселені ескеру керек. Бірінші – өнімнің бағасы. Егер босату құнынан түскен табыс шығынымызды өтемейтін болса, көкөністерді орталыққа беру тиімді бола қоймас. Екіншіден, субсидияның қайтарымы ретінде белгілі бір көлемдегі өнімді міндетті түрде өткізу қажет деген талап қойылмауы керек деп ойлаймын, - дейді шаруа.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ешқандай міндеттеу болмайтынына сендірді. Керісінше, шағын шаруашылықтарды қолдау тетігі ретінде іске аспақ. Келесі жылы ел көлемінде 17 көтерме-тарату орталығы салынуы керек. Сонымен қатар, отандық инвесторлар Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанда да осындай орталықтар құрылысын қолға алмақ. Ол үшін мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінбейді. Барлық жобалар жеке инвестиция есебінен іске асады.

Құндыз Қабылденова.


Количество показов: 578

Возврат к списку