Қоржында – қос қола

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Қоржында –  қос қола 27.07.2021

Қоржында – қос қола

Төрткіл дүние асыға күткен Токио Олимпиадасы қыза түсті. Дүбірлі дода көрермендерсіз өтіп жатса да, алғашқы күннен-ақ сенсациялар тіркелуде. Жанкүйерлердің делебесін қоздыратыны сол емес пе?

Жарыстың алғашқы күні бірде-бір медаль алмаған азулы АҚШ антирекорд орнатты. Бұл – соңғы 49 жылда болмаған оқиға. Тіпті, америкалық баскетболшылар күтпеген жерден Франциядан ұтылды. Спорттың барлық түрінен бақ сынайтын АҚШ жарыс аяқталғанға дейін көрсеткішті өзгертуге ниетті. Қазақстандықтар да қарап қалғысы жоқ. Жарыстың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына қола медаль салды. Естеріңізге салсақ, ол Рио Олимпиадасында күміс медаль еншілеген еді. Бұл жолы жартылай финалда отандасымыз азулы жапондық Такатоға есе жіберді. Кездесу 12 минутқа созылып, соңғы сәтте жапондық спортшының бағы жанды. Ол ақыры Токио Олимпиадасының чемпионы атанды. Ал қазақстандық спорт мамандары Елдостың қоласын алтынға пара-пар екенін жарыса айтуда.

- Токиода барымды салдым. Дегенмен бұл Олимпиадаға алтын үшін келгенмін. Қолымнан келгенін жасадым, бірақ бұйырғаны үшінші орын екен. Қазір қуанышты сезімдемін, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы уақытқа дейін не тәжірибе жинадым, күреске деген бойымда не қасиет бар, соның бәрін салдым деп ойлаймын, - деді белдесуден кейін Елдос. Жарыстың екінші күні ауыр атлет Игорь Сон қолаға қол жеткізді. Шыны керек, Игорьдің жүлдесі күтпеген жерден келді. Оны мойындау қажет. Сауд Арабиясы мен Жапония атлеттері серпе көтерудегі қателігі Сонға жүлде сыйлады. Егер арабиялық атлет екі мүмкіндігінің бірінде 166 келіні еңсергенде бізге жүлде бұйырмас еді Сонның өзі де «қола күтпеген жерден келді» деп толқи жауап берді. Ол 294 келіні, чемпион болған қытай Ли Фабин 313 келіні көтерді. Нәтиженің «арасы» тым алыс. Сон «жастардан ересектерге енді ғана ауыстым, алда қытай атлетімен бәсекелескім келеді» деді. Жалпы, бізге ауыр атлетикадан сән кеткендей көрінді. Допинг дауынан соң Ресей, Түркия, Тайланд, Колумбия, Қазақстан, Беларусь, Мысыр, Әзербайжан, Армения, Вьетнам, Өзбекстанға көп шектеу қойылды. Осыдан соң бұрынғыдай спортшылар арасында тактикаға толы бәсеке аз. Алтын, күміс, қола алғандардың нәтижесінің арасы тым алшақ. Жанкүйерлердің пікірі осыған саяды. Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов алғашқы кездесуін өткізіп, Венгрия елінің өкілі Роланд Галошты айқын басымдықпен ұтты. 57 келі салмақта өнер көрсететін жерлесіміздің келесі қарсыласы – америкалық Дюк Раган. Ол алғашқы айналымда француз Самуил Кистурриді 3:2 есебімен жеңді. Раган - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Финалда қазақстандық Қайрат Ералиевтен жеңіліп қалғанын атап өткен жөн. Егер Серік Теміржанов Дюк Раганды жеңсе, ширек финалда алтынға үміткерлердің бірі, өзбек Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасуы мүмкін. Ол 1/8 финалда Курт Энтони Уокермен кездеседі.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

 

 


Количество показов: 221

Возврат к списку