Пәтер жалдау мұңға айналған заман

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Пәтер жалдау  мұңға айналған заман 09.09.2021

Пәтер жалдау мұңға айналған заман

Көпшілік көптен күткен дәстүрлі форматтағы оқу жылы басталды. Бір жарым жыл бойы онлайн режимде білім алып, ауылда жатқан студент жастар қалаға қайта оралды. Алайда облыс орталығы оларды құшақ жая қарсы ала қойған жоқ. Сол баяғы пәтер жалдау мәселесі тағы да кесе-көлденең шығып, әуре-сарсаңға салып тұр.

Студенттерге салмақ салып тұр

Өткен жылдың наурыз айында еліміздің студенттері де мектеп оқушылары сияқты пандемияға байланысты қашықтан білім алу форматына көшті. Дәрістер, семинар, тәжірибелік сабақтардың барлығы дерлік ZOOM-алаңында өтті. Тек осы жылдың екінші семестрі барысында 1-курс студенттері үшін кейбір сабақтар дәстүрлі түрде өткізіле бастады. Оның өзінде жастар аптасына бір мәрте университетте білім алумен шектелді. Сол тұста өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылықтары ауыл жастары үшін жатақханадан орындар ұсынып, ғаламтор желісімен қамтуға тырысты. Ал 2-4-курс студенттері бұрынғыша үй жағдайында оқуын жалғастырды.

Сондай студенттердің бірі - Динара Тасболат. Онлайн оқу басталған тұста ол Торайғыров университетінің бірінші курсында білім алатын-ды. Бірінші курстың жартысын, екінші курсты толығымен қашықтан өткізді. Дәлірек айтқанда, Ақтоғай ауданындағы үйінде отырып білім алды. Ал үшінші курсты қайтадан университет қабырғасында оқымақ. Алайда бұл ретте пәтер жалдау мәселесімен бетпе-бет келді.

- Біздің отбасы көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың қатарына жатпайды. Сондықтан бірінші курсқа баратын кезде-ақ жатақханадан орын бұйырмайтынын жақсы білдік. Студенттер үйі көп жағдайда «Серпін» бағдарламасының қатысушылары, қандастар, әлеуметтік осал топ өкілдеріне ғана қолжетімді. Сол себепті оқу жылы басталар тұста сыныптас құрбыларыммен бірге пәтер жалдауды жөн көрдік. Сол тұста бір бөлмелі пәтердің бағасы 50 мың теңге болатын. Кейін ауылға кетіп, баспананы жалға алу мәселесіне бас қатыра қойған жоқпыз. Биылғы оқу дәстүрлі түрде өтетін болған соң қайтадан пәтер іздей бастадық. Бірақ олардың иелері ұсынған бағаларды байқап, жағамызды ұстадық. Бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы жалға алу бағасы - 90-100 (!) мың теңге. Бұл - біз үшін өте қымбат. Оған қоса, кейбір үйдің қожайындары студент екенімізді білгенде ат-тонын ала қашады. Сабақ басталса да әлі күнге дейін қалтамызға сай келер баспана таба алмай, туыстарды жағалап жүрміз, - дейді Динара.

Инновациялық Еуразия универ-ситетінің студенті Нұрбақыт Ерболат ер балаларға пәтер жалдау тіпті қиын екенін алға тартады.

- Байқасаңыз, бүгінде қызмет көрсету орындарында жұмыс істейтін жастар өте көп. Он екі сағат, тіпті кейде тәулік бойы дүкенді, басқа да мекемелерді күзетіп, даяшы, сатушы, кеңес беруші болып жұмыс істеу оңай емес. Олар қайбір жетіскеннен жанталасып жүр дейсіз? Оқу мен пәтер ақысын төлеу керек. Кей кездері жұмысқа үлгеру үшін сабаққа бара алмайтын, тапсырмаларды уақытылы жіберуге мүмкіндік болмайтын кездер болады. Ата-анамызға ауыртпалық салмай, тым құрығанда бір жыртығымызды өзіміз жамасақ дейміз. Бірақ пәтерлердің қазіргі бағасы бір жұмыстың аздық ететінін көрсетіп отыр. Оның аспандап кеткен бағасы бір бөлек, үй қожайындарының студенттерге, әсіресе жігіттерге пәтер кілтін бергісі келмейтіні тағы бар. «Ақшаны уақытылы төлейміз» дегенге де иланбайды. Олардың бұл әрекетін біліп алған соң біз де қулыққа көшетін болдық. Әпке, тәтелерге, кейді тіпті жоғары курстың қыздарына қолқа салып, үйде әпкесі мен бауыры ғана тұратындай кейіп жасаймыз. Осылай алдаудан басқа амал болмай тұр, - дейді ол.

Ата-аналарды да балаларының оқуынан бұрын тұрар жері алаңдатады. Бірақ ай сайын 100 мың теңге көлеміндегі жалдау ақысын бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді.

- Бүгінде әркім өзінің күйбең тіршілігімен айналысады. Бұрынғыдай туыс-туғанның үйінде балаларды төрт жыл тұрғызып қоятын заман жоқ. Олар ағайынның қас-қабағына қарап қалмасын деп пәтер жалдауды жөн санаймыз. Бірақ төмен бағадағы үйлер табылмай, біраз сарсаңға салады. Жалға алу ақысын қорадағы малдың есебінен төлейтіндей де мүмкіндік бола бермейді. Қазір бір ірі қара мал ары кетсе екі айдың ғана пәтер төлемін жабады. Сондықтан балалар бізге салмақ түспесін деп жұмысқа ерте араласады. Кейде сабақтарына да қатыса алмайды. Оған қоса ақылы бөлімдегі оқуға жылына 500-600 мың теңге төлейміз. Есептеп қарасақ, бір баланың оқуы мен тұрар жеріне ғана бір жылда 1 млн теңгеден астам қаражат қажет екен. Бұл - ауылдағы біз сияқты 50-60 мың теңге айлық алатын адамдарға әжептеуір ауыртпалық. Десе де, бауыр етіміздің қамы үшін амалын табуға тура келеді, - дейді Аққулы ауданының тұрғыны Жанар Өмірзақова.

«Қазаншының өз еркі...»

Нарықтағы жағдайды білмек болып, біз де хабарландыруларды ақтара бастадық. Ақтардық та, жағамызды ұстадық. Облыс орталығындағы бір бөлмелі пәтерлерді ай сайын жалға алу бағасы 70 мың теңгеден басталып, 140 мың теңгеге дейін жетеді екен. Ал екі бөлмелі пәтерді жалдау үшін 90 мың теңгеден 170 мың теңгеге дейін төлеу керек. Оған қоса, коммуналдық төлем, «депозит» деген дүние тағы бар. Яғни, баспанаға кірген кезде бірден бір айлық төлемақы мен артық ақшаны беріп қою қажет. Оны құдды бір кепілдік дерсіз. Ертеңгі күні үйдегі жиһаздар, инженерлік желілерден ақау шықса, сол қаражаттың есебінен жөнделеді. «Депозитті» де әркім әрқалай белгілейді. Бірі жалға алу құнының көлемін талап етсе, енді бірі 30-50 мың теңге көлемінде белгілейді. Яғни, пәтер жалдау үшін қалтаңызда кемінде 100-120 мың теңге болуы тиіс. Салыстырмалы түрде қарар болсақ, өткен жылы бір-екі бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы 50-70 мың теңгенің айналасында болатынды.

Мұндай бағаларды көрген соң «Пәтер иелерінен ұят кеткен бе?» деген ой орала берді. Иә, пәтер ақысының оқу жылының қарсаңында қымбаттауы - соңғы жылдардағы заңды құбылыс. Бірақ мұншалықты шарық-татып, студенттерді қанауға тағы болмас.

Бағаның бірден 20-30, тіпті 50 мыңға өсуінің себебі неде екенін білмек болып, хабарландыруда көрсетілген нөмірлердің біріне қоңырау шалдық. Сұраған бағасы - 130 мың теңге.

- Сіз қызық екенсіз, - деп бірден бас салды телефон тұтқасының ар жағындағы келіншек. - Хабарландыруды байқасаңыз, жұрт жөндеу, жиһазы, тұрмыстық техникалары жоқ үйлері үшін айына 80-90 мың теңге сұрайды. Менің пәтерімде мұның барлығы бар. Сондықтан бағасы олардан жоғары. Оған қоса, баспана қаланың қақ ортасында тұр. Университеттер жақын. Сіз алмасаңыз, басқа адам табылады, - деп тұтқаны қоя салды үй иесі.

Жә дедік те, басты көмекшіміз - жылжымайтын мүлік агенттіктерінің біріне хабарластық. Екатерина есімді менеджер ақшасын төлесеңіз, лайықты пәтер табудың еш қиындығы жоқ екенін айта жөнелді. Тек олардың іздеу, баспана қожайындарымен кездесу, келісімшарт жасауы үшін ай сайынғы жалдау ақысының 40 пайызын агенттікте төлеуіңіз тиіс. Яғни, пәтер 100 мың теңгеге жалға беріледі десек, соны тауып бергені үшін агенттік қызметкеріне қосымша 40 мың теңге бересіз. 

 Оқу орындары басшылығының жаны аши ма?

Бұл мәселелер - студенттер үйлерінде орынның тапшы болуы салдарынан туындаған түйткілдер. Жатақханада жатар орын жеткілікті болса, жастар пәтер жағалап, қыруар қаражат шығарар ма еді? Облыстағы жоғары оқу орындарында білім алушыларды баспанамен қамту жағдайы қалай болып жатқанын білу мақсатында ресми сауалдар жолдап, басшылықпен тілдестік.

Торайғыров университеті ұсынған мәліметке сүйенсек, биылғы оқу жылында барлығы 8500 студент білім алады. Соның ішінде 3081 студент бакалавриат, магистратура мен докторантураға биыл оқуға түсті.

- Университетке қарасты екі  жатақханада 860 орын бар. Бұл қуаттылықты арттыру және студенттерге арналған үйлерді кеңей-ту жоспарда бар. Дәлірек айтқанда, 600 орынға арналған  үшінші жатақхананың құрылысы басталды. №2 жатақханадағы бір орынның ай сайынғы бағасы - 8836 теңге. №1 жатақханада тұратын студенттер айына 7000 теңге төлейді. Қаржылық жағдайды ескере отырып, осы жылы жатақхана  бағасы көтерілген жоқ, - делінген ресми жауапта.

Ал Павлодар педагогикалық универси-тетінде 5300-ден астам студент бар. Олардың қатарындағы 1-2-курстың 786 студенті жатақханада тұрады. Кеңестік кезеңде салынған жатақханадағы ай сайынғы төлем - 10 мың, 2015 жылы қолданысқа берілген студенттер үйіндегі бір орын үшін төлем - 12 мың теңге. Торайғыров университетінің бағасымен салыстырғанда қымбаттау дерсіз. Есесіне ұстаздар ұстаханасының басшылығы білім алушыларды жайлы орындарға орналастырып, олардың жағдайын жасауға тырысып бағуда.

- Біздің университеттің 1113 студенті жатақханаға мұқтаж. Өкінішке қарай, оларға студенттер үйінде орын жоқ. Сондықтан осы жылдың сәуір айынан бастап «Сарыарқа» қонақ үйімен келіссөздер жүргізіп, жақында меморандум жасадық. Соған сәйкес, аталмыш мейманхана біздің студенттерге 100 орын беретін болды. Ай сайынғы төлем - 15 мың теңге. Бүгінде 75 жас бөлмелерге жайғасты, тағы 25 орын үшін өтініштер қабылдап жатырмыз. Қонақ үй басшылығы студенттерді орналастыру арқылы қаржылық жағынан ұтылары анық. Себебі мұндағы екі адамға арналған бөлменің бір тәулікке белгіленген құны - 8 мың теңге. Ал жастар сол бөлме үшін айына 30 мың теңге ғана төлейді. Сонымен қатар, И.Байзақов көшесінің бойында орналасқан қыздар жатақханасының басшылығымен 50 орын қарастыру туралы келісімге келдік. Әр студент бір орын үшін айына 13500 теңге беруі керек, - дейді Павлодар педагогикалық институтының  проректоры Ольга Андрющенко.

Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айында Павлодар педагогикалық университеті 550 орындық жатақхананы қолданысқа тапсыруы тиіс еді. Алайда мердігерлердің немқұрайлығы салдарынан жұмыс жарты жолда тоқтап тұр. Енді құрылысты әрі қарай жалғастырар басқа компания іздестірілуде.

Байқағанымыздай, пәтер жалдау мәсе-лесі студенттерді әбден титықтатты. Бағасы аспандап тұрған баспананы ақылы бөлімде оқитын жастар қалай жалға алмақ?! Шәкіртақы алатындардың шамасы жетері де шамалы. Сондық-тан жоғары оқу орындары жатақхана-дағы орын санын көбейтпесе, мәселенің шешілмейтін түрі бар. Оған дейін, пәтер иелері ауылдан келген қаракөздерді әрі қарай «қанай» бермек...

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 277

Возврат к списку