Полиэтилен пакеттердің баламасы бар ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Полиэтилен пакеттердің  баламасы бар ма? 01.04.2021

Полиэтилен пакеттердің баламасы бар ма?

Бүгінде күнделікті өмірді полиэтиленді пакеттерсіз елестету қиын. Кез келген дүкеннен табылатын бұл өнім – таптырмас «көмекші». Қалташалар ыңғайлылығымен, қолжетімді болуымен тіршіліктің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда пайдаланылған пакеттердің қоршаған ортаға келтірер зияны көп. Олар тек бір ғасырдан соң толығымен ыдырап, жер бетінен жойылады. Осы уақыт аралығында экологияға кері әсерін тигізіп үлгереді. Әлеуметтік әрі экологиялық маңызға басымдық берсек, қолайлы «құралдардан» айырылып қаламыз. Пакеттерді әрі қарай да шексіз көлемде қолданар болсақ, өзімізге де, өзгелерге де залал келтіруі мүмкін. Сонда қайтпек керек?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

 

Қоршаған ортаға қауіпті

Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, қазақстандықтар күніне орта есеппен 15 млн. дана полиэтиленді пакетті пайдаланады. Демек, бір жылда 6 млрд.-қа жуық қалташа қолданылады. Бір қарағанда кезекті есептік көрсеткіштердің бірі болғанмен, оның ар жағында қоршаған ортаға төнетін зор қауіп тұр.Бұл қауіп туралы көпшілік жақсы біледі. Жарамсыз қалған полиэтиленді пакеттер аяқасты жиі жатады, ағаштар мен ғимараттарға ілініп, сүреңсіз етеді және тағысын тағылар. Жыл сайын жәндіктер мен құстардың шамамен 800 түрі дәл осы қалташалардың салдарынан жойылады. Павлодарлық эколог Марина Поухтың айтуынша, тіршілік иелері пакеттерді азық ретінде көріп, соның салдарынан қырылады. Сол сияқты балықтар да су түбіне түскен қалташаларды жұтып, оларға оратылып, азайып жатыр. Өсімдіктерге келтіретін зияны да орасан зор. Осының барлығын ескере келе, полиэтиленнен бас тартқан дұрыс, деп санайды эколог.

- Полиэтиленді пакеттердің экологияға төндірер қаупі баяғыда-ақ дәлелденіп қойған. Ендігі ретте сол пакеттердің санын азайту, оларды басқа өнімдермен алмастыру, биологиялық таза тауарларды шығару өндірісіне ден қою керек. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сүйеніп, қалталардың санын шектеу, оларды айналымнан шығару, қолдануға тыйым салу мәселесіне назар аударған жөн. Әйтпегенде, қоршаған орта қазіргіден де зор шығынға ұшырайды, - дейді эколог. Иә, әлемнің 40-тан астам елінде полиэтиленді пакеттерді қолдануға тыйым салынған. Олардың қатарында Кения, Аустралия, Грузия, Италия және тағы басқа мемлекеттер бар. Оған қоса, ондаған елдің билігі пластиктен жасалған өнімдерді өндіру, оларды сатып алуға шектеу қойды.Қазақстан да бұл бағытта бірқатар қадам жасады. Айталық, дүкендерде, супермаркеттерде целлофандарды, пакеттерді тегін таратуды тоқтатты. Яғни, тұтынушылар пакеттердіің ақылы екенін білсе, оларды аз алар деп топшылады. Себебі тегін нәрсенің ұшы-қиыры жоқ екені белгілі. Мұндай әдіс кейбір тұрғындарға әсер еткенмен, кейбірі баға мәселесін назарға алған жоқ. Бұрын қалташаларды қандай көлемде пайдаланса, сол көлемді азайта қоймады. Сондықтан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тағы бір әдіске көшті. 2025 жылға дейін сауда орындарындағы полиэтиленнен жасалған өнімдер олардың қағаздан, матадан дайындалған экологиялық таза түрлеріне алмастырылуы керек. Павлодар облысы аталмыш талапты назарға алып, экологиялық қауіпсіздікті сақтап, қоршаған ортаға келер зиянды азайту үшін бірқатар істі қолға алды. Солардың бірі – «Business Eco Ertis» бағдарламасының аясында жергілікті сауда орындарымен арнайы меморандум жасауы.

- Экологиялық жағдайды жақсарту үшін полиэтиленді пакеттерді пайдалану көлемін азайтқан дұрыс. Осы бағытта жергілікті сауда желілерімен бірлескен шаралар қабылданды. Атап айтқанда, «Greenwich», «Small» және «iNMART» сауда желілері күнделікті қолданыстағы пакеттермен қатар тұтынушыларға қағаздан жасалған, матадан тігілген қалташаларды да ұсынуы керек. Яғни, экологиялық тұрғыдан таза пакеттерді кезең-кезеңмен енгізеді. Дәл осындай келісімдерді аймақтың өзге сауда орындарымен жасау да жоспарда бар, - дейді облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Дәурен Усаханов.

Тұтынушылар әзірше дайын емес

Жоғарыда аталған сауда орындарының меморандумды қаншалықты ескеріп жатқанын әрі тұтынушылардың жаңа пакеттерге деген көзқарасын білмек болып, арнайы бардық. «Greenwich» және «Small» сауда желілерінің кассаларында экологиялық деп саналатын қалталар бар. Ал «iNMART» дүкені бұл қатарға сәуір айының алғашқы күндері қосылуды жоспарлап отырған көрінеді. Бұл ретте ауылдық жерлердегі дүкендердің де экологиялық пакеттерді сатылымға шығаруға ден қойғанын атап өткен жөн. Мәселен, Железин ауданындағы «Желтый» минимаркеті келушілерге күнделікті қолданыстағы пакеттермен қатар, қағаздан дайындалған биологиялық қалталарды ұсынады. Енді сапа мен баға мәселесіне ойыссақ. «Small» дүкендеріне келушілер матадан тігілген қалташаларды 170 теңгеге ала алады. Үлкен көлемдегі пакеттерге біраз тауардың сыятыны анық. Ал полиэтиленнен жасалған бір пакеттің бағасы – 5 теңге. Аружан есімді сатушының сөзінше, тұрғындар көп жағдайда ескі әдетке басып, полиэтиленді пакетті алады. Матадан тігілген түріне таңдау жасайтындар некен-саяқ. «Greenwich» гипермаркеті тұтынушыларға қағаздан дайындалған қалташаларды ұсынады. Үлкен пакеттің бағасы - 172 теңге. Көлемі одан сәл кіші пакет 168 теңге тұрады. Сатып алушылардың айтуына қарағанда, қалтаның мұндай түрі экологиялық таза болғанмен, күнделікті өмірде пайдалануға қолайсыз.

- Целлофан қалташалардың қоршаған ортаға зиян екенін көріп те, естіп те жүрміз. Десе де, олардың орнын алмастыратын ыңғайлы пакеттер әзірше жоқ. Жақында ғана «Greenwich» дүкендерінде сауда орнының белгісі қойылған қалталар сатыла бастады. Алған тауарларды соған салып алуға болады. Бірақ оған көп зат сыймайды әрі үйге жеткенге дейін жыртылып қалуы мүмкін. Оны тағы бірнеше рет пайдалануыңыз екіталай. Бағасы да полиэтиленді пакеттің бағасымен салыстырғанда анағұрлым қымбат. Сондықтан әзірше қағаз қалталарды алғым келмейді. Матадан тігілген түрін алып, қолданып көруге келетін сияқты, - дейді павлодарлық Жадыра Бекбаева. Тұтынушылардың әзірше жаңа мәдениетке дайын емес екенін «Гофротара» кәсіпорнының басшысы Гүлнар Қайдарова да айтады. Қағаздан түрлі өнімдер шығаратын зауыт басшылығы пакеттер өндірісін қолға алуға дайын болғанмен, қазіргі таңда сұраныс аз көрінеді.

- Бүгінде біздің кәсіпорында ұн, қарақұмық сынды азық-түлік түрлерін салуға арналған қағаз қалташалар шығарылады. Жақында көлемі үлкенірек пакеттерді өндіретін құрылғыларды орнаттық. Десе де, тұтынушылар тарапынан мұндай қалталарға сұраныс әлі де аз. Сатып алушылар полиэтиленнен бас тартуға асықпайды. Ал Еуропа елдерінің жұртшылығы осыдан біраз уақыт бұрын қағаз қалталарға көшті. Біздің жерлестер бір пакетті бірнеше рет пайдаланып, артық ақша шығармауға бейілді көрінеді. Шыны керек, қағаздан дайындалған пакеттердің бағасы полиэтиленнен қымбат болады. Себебі шикізат Ресейден жеткізіледі. Мәселен, қазір дүкендерде бір целлофан қалташасы 1 теңге болса, қағаз қалташалардың бағасы шамамен 10-12 теңгеге дейін жетеді, - дейді Г.Қайдарова. Қалай болған күннің өзінде алдағы төрт жыл ішінде полиэтиленді пакеттерді нарықтан ығыстырып, биологиялық баламаларына басымдық беруіміз керек. Әлбетте, бұл елімізде полэтиленнен өнім дайындайтын 10-ға жуық кәсіпорынның жұмысына кері ықпал етуі мүмкін. Есесіне экологиялық бағытты қолдайтын жаңа кәсіпорындардың ашылуына, істеп тұрған өндіріс орнының нарық талабына сай икемделуіне де оң ықпал береді. Ал тұтынушылар қағаз, мата қалталарды көбірек пайдалану арқылы қоршаған орта ахуалының жақсаруына үлес қоса алады.

Сурет ғаламтордан алынды.

 


Количество показов: 70

Возврат к списку