Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс

Жылу маусымы, құрылыстағы қателіктер, инвестиция тартудағы түйткілдер, мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландыру – бұл облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен жергілікті журналистер арасында өткен жүздесуде көтерілген өзекті мәселелердің бір парасы ғана. Бейресми форматта ұйымдастырылған кездесу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тұрғындарды толғандырған талай түйткілді көтеріп, оларға қатысты тұшымды жауап алды.

Биылғы қыстың өзекті мәселелерінің бірі жылу маусы-мындағы олқылықтар екенін жұрт жақсы біледі. Қарашадан бастап Павлодар қаласында ара-тұра коммуналдық апаттар болып, үйлер мен нысандар бірнеше күн бойы жылудан ажыратылғанын, кейбір тұрғындардың пәтерлерде бүрсең қағып, жылу беретін қосымша құралдарды қолдануға мәжбүр болғанын ел ұмыта қойған жоқ. Келер жылы да осындай қиындық қайталана ма деп қауіптенеді жұрт. Әбілқайыр Сқақовтың айтуына қарағанда, жергілікті билік жылудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін барын салып жатыр. Бұл бағыттағы басты жоба – Усолка мен Дачный шағын аудандарын жылумен қамтуы тиіс ТМ-42 жылу магистралінің құрылысы. Оған қажет 2 млрд. теңге жергілікті бюджетте бар. Тағы 2 млрд. теңгені республикалық бюджеттен сұрау немесе қосымша қаржы көздерін іздеу қажет. Аймақ басшысы қалай болғанның күннің өзінде алдағы жылу маусымына дейін тиісті жұмыстар аяқталып, сынақ түрінде болсын жаңа жылу магистралі пайдалануға тиіс екенін айтты. 

Көпшілікті алаңдататын тағы бір мәселе – азық-түлік бағасының қымбаттауы. Облыста тұрақтандыру қоры құрылғанымен, оның жұмысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы күрт өскен кезде ғана байқалады. Тіпті, елімізде ең көп картоп көлемі бізде өндірілсе де, күз бен көктемде бұл өнімнің бағасы шарықтап шыға келетіні тұтынушыларға мәлім. Бұл ретте Әбілқайыр Бақтыбайұлы картоптың денін экспортқа жібермей, өзімізде алып қалып, арзан бағамен тұрғындарға ұсыну үшін жергілікті шаруалармен меморандум жасалғанын алға тартты. Осындай келісімшарттың негізінде былтыр 30 тонна картоп «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының серіктесі ретінде белгіленген сауда нүктелерінде төмен бағамен сатылды. 

Корпорация демекші, аймақ басшысы «Павлодар» ӘКК жұмыс бағытына көп көңіл бөлді. Бірнеше функцияны қатар алып жүрген корпорация бәсекелестер аз ортада, яғни кәсіпкерлердің екінің бірі аяғы баспайтын нарықты дамытуда қолдау көрсетіп, тұрғындарға бір табан жақын болуы тиіс екенін аңғартты. 
Журналистер құрылыс жұмыс-тарының сапасыздығына қатысты сауалдарды, ұсыныс-тілектерді ортаға салды. Шынымен, соңғы уақытта кейбір нысандардың, әсіресе жаңа тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейтінін көпшілік әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатады. Араға жыл салмай қабырғасы сөгіледі, төбеден су ағады, жертөлені су басады және тағысын тағылар. 

Облыс әкімі бұл бағытта кемшін тұстар барын жоққа шығармады. Әбілқайыр Бақтыбайұлының айтуынша, өткен жылғы жұмыстарға жүргізілген талдама нәтижелері әрбір екінші жобалық-сметалық құжаттаманың қайта түзетілетінін және әрбір екінші мердігер компанияның жұмысында олқы-лықтар кететінін көрсеткен. 
- Бірнеше жыл бойы кезекте тұрып, пәтер күткен павлодарлықтар «Бәлен жылдан бері күткен баспанамыз осы ма?» демеуі керек. Ол үшін жобалау жұмыстарынан бастап тұрғын үй қолданысқа берілгенге дейінгі жұмыстардың барлығы сапалы түрде атқарылып, оған жауапты мамандар жауапкершілік танытуы тиіс. Өкінішке қарай, кейде өз міндетіне атүсті қарайтындар, тек қағаз жүзінде аты бар мердігерлер кездеседі. Оған қоса, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, құрылыс нысанын қабылдау үшін тапсырыс беруші, мердігер және техникалық бақылау органдарының қолы болса жеткілікті. Сондықтан бұл мәселеде қоғамның бақылауы қажет-ақ. Сол үйге қоныстанатын азаматтар жұмыс барысын қадағаласа, сәулет және қала құрылысы мекемесі бақылауды күшейтсе, сапаға қатысты жағдай түзелер еді, - деген пікір айтты Ә.Сқақов. 

Бұл ретте мемлекеттік жүйені оңтайландыруға қатысты сөз қозғалды. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту туралы тапсырма бергені белгілі. Осы бағыттағы жұмыс облыс әкімдігі аппаратынан басталыпты. Мұндағы қызметкерлердің саны 25 пайызға қысқарып, соның нәтижесінде 410 млн. теңге үнемделді. Сол сияқты «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында қызметкерлердің қатары 25 пайызға азайды. Осылайша, квазимемлекеттік мекемелер 28 млн. теңгеден астам қаржыны оңтайландырды. 
- Мемлекеттік қызметте қағазбастылық, бір қызметті бірнеше адамның, мекеменің қатар атқаруы сынды қолды байлап, жұмыс тиімділігіне кері әсер ететін кедергілер бар. Мәселен, облыстағы бір мемлекеттік қызметші бір есепті толтырып, тиісті органдарға тапсыру үшін шамамен 20 сағат уақыт жұмсайды екен. Мұндай басы артық істердің барлығы қайта қаралып, нәтижеге бағытталған міндеттер ғана жүктеледі, - деді аймақ басшысы. 

Осы орайда кейбір басқарма басшылары, жергілікті биліктің басқа да өкілдері мемлекеттік тілді еркін меңгермегені талқыланды. Бірқатар басшылардың мемлекеттік тілде жауап беруден жалтарып, ресми тілде тіл қатуды құп көретіні жасырын емес. Бұл мәселеге қатысты Әбілқайыр Сқақов нақты ұстанымын білдірді.
- «Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етемін» деген әр адам мемлекеттік тілді білуі тиіс. Біз ол үшін барлық талапты жасап, тегін курстарға жібереміз әрі олардың мемлекеттік тілде баяндама жасау-ларын, тұрғындармен байланыс орнатуын талап етеміз, - деді Ә.Сқақов. 
Кездесу соңында аймақ басшысы биліктің бүгінгі басты міндеті халықтың үніне құлақ асып, маңызды мәселелерге қатысты шешімдерді бірге қабылдау екенін атап өтті. Жергілікті әкімдік осы бағытта жұмыс істеп, бұқарамен байланысты берік қылуға бейілді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 72

Возврат к списку