Әр сауал жауапсыз қалмайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды

Оның 151-і - қалалар мен аудан-дардың, ал 349-ы - кент, ауылдық округ және ауыл тұрғындары алдындағы есептік кездесулер. Эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, әкімдердің есеп беруі онлайн форматта өтуде. Десе де, ғаламтор жылдамдығы төмен, халық саны аз кейбір шалғай ауылдарда әкімдер бұрынғыша есеп берді. Әрине, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Ал онлайн форматтың есептік кездесулері «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырылуда. Қала берді, әкімдердің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалап, сауалдарыңызды жолдауға мүмкіндік зор.
 Десе де, «Ғаламтордың көмегіне жүгіне алмайтын жалғызбасты зейнеткерлер, өзге де әлеуметтік топ өкілдері сұрағын қалай қояды?» деген сауал туындауы - заңдылық. Мұндайда мәселеңізді қағазға түсіріп, жергілікті әкімдік ғимаратындағы пошта жәшігіне қалдыруыңызға болады. Оның жауабы да жазбаша түрде келмек. Ұялы телефоны жоқ жандар жай телефон арқылы да хабарласа алады.
Өзге де себептермен онлайн кездесуге қатыса алмайтындар тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, қала және аудан әкімдерінің қорытынды есептік кездесулерінен бір күн бұрын әкімдер азаматтарды онлайн форматта жеке қабылдайтын болады. Қабылдау азамат таңдаған кез келген онлайн жүйеде өткізілмек. 
Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі – Павлодар және Екібастұз қалалары әкімдерінің қорытынды есептік кездесулерін «Тікелей желі» форматында жергілікті телеарналардан көрсету көзделген. Осылайша, тұрғындар телефон арқылы байланысқа шығып, сауалдарын жолдай алады.
Аймағымызда 15 қаңтарда басталған әкімдердің есептік кездесуі 19 ақпанда облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың қорытынды есептік кездесуімен түйінделмек. Облыс әкімінің есептік кездесуі қарсаңында өңірдің әрбір тұрғыны өзіне ыңғайлы байланыс арнасын таңдап, сауалдарын қоюға, ұсыныстар енгізуге немесе онлайн қабылдауға жазылуға болады.
Өтінішті:
1. Қазақстан Республикасының www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы;
2. Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 49-үй мекенжайы бойынша облыс әкімдігінің ғимараты жанындағы арнайы жәшікке конвертпен тастауға;
3. Облыс әкімдігінің www.pavlodar.gov.kz сайтындағы «Open Dialog» блог-тұғырнамасына;
4. Әлеуметтік желілердегі аккаунт-
тар мен мессенджерлерге:
- Instagram - @pavlodar_region, 
- Facebook – Pavlodar Region, 
- Telegram - Pavlodar_region_bot,
- WhatsApp +77021661661;
Сондай-ақ (87182) 65-10-50, 65-10-46, 
66-39-25 байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы жолдауға болады.
Өтінішті толтыру кезінде өтініш берушінің толық деректерін (аты-жөні, пошталық мекенжайы, байланыс телефондары) және мәселенің/ұсыныстың қысқаша мазмұнын көрсету қажет.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 87

Возврат к списку