Редакцияға оралмаған жетеу

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алдымен экономика, содан кейін саясат»: қиындықтарды жеңу
03.08.2021

Қола - қалтада
03.08.2021

Өрт азайған
03.08.2021

QazVac жеткізілді
03.08.2021

Кезең-кезеңмен шешіледі
03.08.2021

Шарапаты мол
03.08.2021

Алғабастың жолы жөнделе ме?
03.08.2021

Сарыарқа самалы, 3 тамыз, сейсенбі
03.08.2021

Энергоблок жаңаруда
31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»
31.07.2021

Тағы да жапондықтар жайлы
31.07.2021

Жақсылыққа шақырады
31.07.2021

Күміспен күптелді
31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»
31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?
31.07.2021

Той-томалақ тыйылмай тұр
31.07.2021

Індет қайта өршіді
31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады
31.07.2021

Ұтымды ұқсату керек
31.07.2021

Ауылдың ажары артты
31.07.2021

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі
31.07.2021

Тартысқа толы Токио
29.07.2021

«Sary qyz»
29.07.2021

Жаяу Мұса
29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?
29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға
29.07.2021

Вакциналаудың қарқыны төмен
29.07.2021

«Достықтың» мәселесі шешілуде
29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз
29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады
29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...
29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?
29.07.2021

Сарыарқа самалы, 29 шілде, бейсенбі
29.07.2021

Қоржында – қос қола
27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
27.07.2021

Ел үміті ақталса игі
27.07.2021

Белгісіз батыр
27.07.2021

Молдовадан табылды
27.07.2021

Әкім бол, халқыңа жақын бол
27.07.2021

«Сырлы аяқтың сыны кетпес»
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 27 шілде, сейсенбі
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 24 шілде, сенбі
24.07.2021

Сербтердің мысын басты
24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар
24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема
24.07.2021

Инновациялық панельден салынады
24.07.2021

Ауылда да маркет бар
24.07.2021

Білімді мыңды жығады
24.07.2021

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
24.07.2021

Арнайы жоспар қажет
24.07.2021

Түркістанға әуе кемесі қатынайды
24.07.2021

Қордаланған мәселе көп
24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы
24.07.2021

Штаб құрылды
24.07.2021

Құрылыс қалдықтары көп
24.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады
22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады
22.07.2021

Стамбул сұлулығы
22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...
22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...
22.07.2021

Редакцияға оралмаған жетеу 18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу

Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газеті тоқсан жылдан астам тарихында халықпен бірге ел басына келген қасіретті шақтарды бірге татқаны анық.  Ұлы Отан соғысы басталғанда сол кездегі «Қызыл ту» газетінің ер азаматтары да қолына қару ұстап, майданға аттанды. Әттең-айы, олардың арасында 7 журналист оралмады. Олардың есімдері бүгінде редакция ғимаратында орнатылған мемориалдық тақтада жазулы. Бұл тақта 1979 жылы газеттің 50 жылдық мерейтойына орай қашалған екен.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. 1941-1945 жылдар» атты мемориалдық тақта әу баста газет редакциясы ғимаратының 4-қабатқа көтерілетін баспалдақ алаңында орнатылған еді. Кейін жалпы көпшіліктің назарында болсын деген ниетпен, Астана көшесі 143-үйдің, ғимараттың сыртына көшірілді. 
Ол тақтада кімдердің есімдері бедерленген?
Мемориалдық тақтада былай деп жазылған:
«Ұлы Отан соғысында Павлодар облыс-
тық «Қызыл ту» газетінің қаза тапқан журналистеріне тағзым
Дүйсенов Қажыбай
Мухаметжанов К
Сексенбаев М
Мергалиев Д
Сергазитдинов А
Умербаев Хамза
Мемориалдық тақта газеттің 50 жылдық мерейтойына орай орнатылған. Павлодар қаласы. 15 ақпан. 1979 жыл».
Орнатылғанына 40 жылдан астам уақыт өтсе де, тақта тастың жазуы өшпеген. Яғни, жауынгер-журналистердің есімдері ұрпақ жадында осылай жаңғырып тұруға тиіс.
Ендігі жерде мемориалдық тақтада есімдері жазылған, майданнан оралмаған журналистердің кімдер екені туралы аздап сыр шертсек...
Өкінішке қарай, газеттің 90 жылдығына орай облыстық мемлекеттік архивтен сұратқан бірқатар қызметкерлердің жеке мәліметтері табылмады. «Кеңес туы» болып аталған газеттің алғашқы редакторы Бейсенбай Кенжебаев, редакциялық алқа мүшелері Кәрім Әжібеков, Сапарғали Аймағамбетов, Б.Г.Мазитов, А.Қарасартов сынды партия қатарында болған журналистердің құжаттар көшірмелері ғана қолға тиді. 
Дегенмен, сарғайған газет парақтарында біз сөз етіп отырған журналистерге қатысты аз-кем деректер жарияланған екен. 
Солардың бірі - «Сарыарқа самалы» газетінің өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі болған, өзі де соғыс ардагері Әбдеш Баймұрзиннің «Редакцияға оралмаған жетеу» атты мақаласын алайық:
«Мен көп адамдармен жолдас болдым. Жай жолдас емес, еңбектес, қаламдас болдым. Сондай бір топ қаламдас достарым кешегі өлім мен өмір белдескен Ұлы Отан соғысы басталысымен, ал кейбіреулері одан да бұрындау қалам орнына найза ұстап, кәр төккен, ызғар шашқан жауынгер болды. Олардың біразы Отан үшін қайтпас сапар шекті. 
Дәулетияр Мерғалиев көз шарасы үлкен, қоңқақ мұрын, тапалтақ, жұқа өңді, жылтыр қара жігіт болатын. Жылдам, қатты сөйлейтін. Ол Алматыда Коммунистік журналистика институтын 1938 жылы бітіріп, «Қызыл ту» газетіне жұмысқа орналасты. Өнеркәсіп, транспорт бөлімінің меңгерушісі болды. Ол әскерге отан соғысы басталған соң екінші айда шақырылды. 1941 жылдың июнь айының аяқ шенінде Қиыр Шығысқа шеру тартты. Онда офицерлер даярлайтын әскери училищенің қысқамерзімдік курсын бітіріп, 1942 жылдың басында Москваны қорғауға аттанды. 
Сөйткен сабаз Москва түбінде болған ұлы шайқаста өзі басқарған взводы мен атақты Сібір двизиясының қатарында бір қатты ұрыста ерлікпен қаза табады. 
Мәдетбек Сексенбаев Баянауыл баура-йында Жуантөбе деген жерде туып, асықты бірге ойнап, тал-шыбықты ат қып мініп, бірге өскен жігіт еді. Кейін Отан соғысы басталар алдында «Қызыл Ту» газетінде бірге істедік. Ол әуелі аға корректор, кейін кезекті әскерге қызметке шақырылар алдында әдеби қызметкер болып істеді. 
Мәдетбек қияға қанат қақтырған ұясы редакцияға қайтып оралмады. Өлім мен өмір белдескен қиян-кесті соғыс күндерінің бірінде Отан үшін қаза тапты. 
Ахмет Серазитдинов редакцияда аға бухгалтер (ол кезде финанс жұмысы редакцияның қарауында болатын) әрі аудармашы боп істеп жүрді. 
Қажыбай Дүйсенов ақын еді. «Қызыл тудың» меншікті тілшісі болып істеді. Оның өлеңдері республикалық, облыстық газеттерде жиі басылып жүрді. 
Қ.Дүйсенов Отан соғысынан бұрын міндетті әскери қызметті өтеп келген жігіт еді. Сондықтан да соғыс басталысымен іле әскерге шақырылды. Отты ақын Қажыбай да өлең өнерін енді-енді игеріп, поэзия шыңына еркін өрлеп келе жатқан сәтте Отан үшін жанын пида етті. 
Иә, олар жетеу еді. Бәрі де - «Қызыл ту» газетінде істеген жас қаламгерлер. Жетеуі де қыршындай жас еді. Сол жас түлектердің ішінде «Қызыл тудың» бұрынғы Бесқарағай ауданындағы меншікті тілшісі Құсайын Мұхаметжанов, аға корректор Ақылбек Ноғайбаев, педучилищеде оқи жүріп, бір жағынан біздің газетке кезекші корректор болған жас ақын Хамзе Өмірбаев болатын. «Сарыарқа самалы» 15 ақпан, 1994 жыл». 
Аталған 7 журналист-майдангер туралы тұшынатын, толымды дейтін дерек осы.
Әрине, уақыт өте келе, аталған журналистердің кейбірінің ұрпақтарынан да хабар табылған. Солардың бірі туралы газет ардагері Тұрсынбай Ибадуллин шамамен 1989 жылы жазған екен. Мақала «Жетеудің бірі» деп аталады.
«Жуырда редакцияға үш адам келді. Оның бірі ақ сары жүзді орта бойлы, әжім іздері молайған ақ шашты ана да, қалған екеуі оның балалары болып шықты.
Таныса келе, бұлар редакцияға оралмаған жетеудің бірі – Ахметриза Сиражетдиновтің отбасы болып шығады. «Қызыл ту» газетінің шыққанына 60 жыл толады деген хабарды естігелі отанасы осы редакцияда қызмет істеп, Ұлы Отан соғысының майданынан елге оралмаған жан жолдасы Ахметриза Сиражетдинов туралы естелік айтуға келген екен. 
Ахметриза аға бұл газетте 1934 жылғы 16 ноябрьден бастап істеген екен. Оған қолындағы сарғыш тартқан, шеттері әбден мүжіліп, жазулары көмескілене бастаған анықтама куә. Онда: Бұл анықтама Павлодар аудандық «Колхоз» газетінің өндіріс бөлімінің секторында бухгалтер болып, (әрі аудармашы) істейтін Ахматриза Ахметұлы Сиражетдиновке берілді. Жауапты редактор Жанғабылов, Жауапты секретарь Әукенов деп куәландырған» деп жазылған. Айтқандай А.Сиражетдинов кадрлардың тапшы кезінде редакцияда аға бухгалтер әрі аудармашы болып жұмыс істеген. Майданға Ахметриза 1942 жылы сентябрьде алынған. Сонда редакцияда ол кісі сегіз жылдай ғана еңбек еткен. Одан әрі солдат жолы басталады. Бірақ оның майдандағы өмірі де қысқа болғанға ұқсайды. Үйіне бір-ақ рет хат жазып үлгерген екен. Арада төрт ай өтпей жатып солдат семьясы қаралы қағаз алады. Соңында үш бала қалған, екі ұлы, бір қызы білім алып, өмірден өз орнын тапқан. Үлкен ұлы, араб тілінің білгірі Рабиль Сиражетдинов Москвада тұратын, екінші ұлы Наиль, қызы Надия Павлодарда тұрады делінген. Әрине, содан бері 30 жылдан аса уақыт өткенін ескерсек, бүгінде немере-шөберелерінің өзі егде тартқан болар. 
Мемориалдық тақтада аты-жөні көрсетілген Хамза Өмірбаевтың жас екені ғана жазылған. Бір ғажабы, ол туралы деректі біз атақты партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің естелігінен ұшырастырдық. Қ.Қайсенов ол естелікті павлодарлық көрнекті ақын Қабдыкәрім Ыдырысовқа арнап жазған екен. Ортасында Х.Өмірбаев туралы дерек келтірген. 
 «Шынымды айтсам, Қабдыкәрім шын мәнінде, табиғатында әнші еді. Бірде терлеп, бабында отырғанда «Қорланға» басты. Тыңдап отырып, менің жан-дүнием егіліп, көзіме жас толып кетті. Естай атаның бұл әнін 1939 жылы пойыздың жүк таситын вагонында оның жиені Өмірбаев Хамзаның аузынан естіген едім. 
Хамза Естай атаның қарындасынан туған жалғыз ұл еді. Ол ақын, ойлы, парасатты жігіт еді. Екеуіміз 1939 жылдың басында Керекуден Фин соғысына, армия қатарына алынып, майданға аттанып бара жатқан кезіміз еді. Бірақ Мәскеуге жете бергенде сол бір аяулы жаннан мені тағдыр айырды. Мені Мәскеудегі әскери барлау-шылар мектебіне бөліп алып қалды да, ол әскерге аттанған жас жігіттермен бірге қызыл вагонда кете барды. Соңынан осы талантты жанмен Украинаның Каменск-Подольский қаласында тұрған 198-артиллерия полкында 1941 жылы кездесіп, соғыс басталар күні «Амангелді» киносын бірге көріп едік. Біз онда практикаға уақытша барғанбыз. Бізді Мәскеуге алып кетті де, Хамза полкы соғысқа кірді. 
Кейін білдім, ол көп ұзамай оққа ұшыпты. Ол аз уақыт болса да үйіне, біздің Асылға менімен бірге хат жазып тұрды. Асыл да оның анасымен хат алысып тұрған екен. Дүние-ай, ол талантты жан тірі болғанда қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі болатын еді-ау! Өзі Отан үшін көз жұмып, анасы аңырап жалғызын көре алмай, асыл арманымен бірге ол да дүниеден аттанған шығар!» - деп жазады Қасым Қайсенов «Дархан дарын иесі» естелігінде.
Редакция ғимаратындағы ескерткіш тақтада есімі жазылған журналистің бірі Қажыбай Дүйсенов туралы айтсақ, кейінгі ұрпақтарынан Бағдат Дүйсенов есімді ақын, өнертанушы азаматты танимыз. Журналист Қ.Дүйсеновтің жеке басы туралы мәлімет редакцияда жоқ.
Өкінішке қарай, редакцияға оралмаған жетеудің ішіндегі өзгелері туралы кең мәлімет табылмай келеді. Ел іші болғаннан кейін ұрпақтары табылып, оларда аталары туралы жазба деректері болса, редакцияға жолдауларын сұраймыз. Бұл 92 жылдық тарихы бар газеттің өткенін түгендеуге, ерлік көрсеткен аталар алдындағы қарызымызды өтеуге бір мүмкіндік болар еді. 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
Суретті түсірген - Константин Шелков.

Айтқандай, облыстық «Saryarqa samaly» (бұрынғы «Кеңес туы», «Колхоз», «Қызыл ту» аталғанда да) газеті де, оның қызметкерлері де елмен бірге барлық тағдыр сынағын кешті. Соғыстың алдында саяси қуғын-сүргін зобалаңы да редакцияны айналып өтпегені  - бір бөлек әңгіме. Әзірге сөз Ұлы Отан соғысына байланысты айтылып отыр. Осы жерде еске сала кетейік, 2019 жылы газеттің 90 жылдық мерейтойына орай Ұлы Отан соғысынан аман оралып, редакцияда еңбек еткен 5 журналистің (С.Шошанов, Ж.Қарпықов, Б.Әбдіқадыров, К.Бекбергенов, Ә.Баймұрзин) Павлодар қаласында тұрған үйлерінің ғимаратына мемориалдық тақталар орнатылған еді.
Газет тарихын насихаттау – біздің әркезгі қасиетті борышымыз.


Количество показов: 140

Возврат к списку