Өрт сөндіруші қаза тапты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты 27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты

25 ақпан күні Ақсу кентіндегі тұрғын үй отқа оранды. Бұл туралы «101» нөміріне хабар түскен соң №12 өрт сөндіру бекеті оқиға орнына дереу жетті. Өкінішке қарай, баспанадағы қызыл жалынды өшіру кезінде 24 жасар өрт сөндіруші Арыстанбек Машрап қаза тапты. 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Ақсу қаласына қарасты Ақсу кенті, Театральная көшесі, 38 мекенжайындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабар сағат 7.46-да түскен екен. №12 өрт сөндіру бекетінің үш қызметкері сағат  7.53-те аталмыш мекенжайға жетті. Оқыс оқиға туралы келіп түскен хабарламада үйде адамның бар-жоғы туралы айтылған жоқ. Сондықтан азаматтық қорғаныс сержанты Арыстанбек Машрап пен кіші сержант Ермек Тұрлыбеков бірден төрт бөлмелі үйдегі өртті ауыздықтауға кірді. Ал көлік жүргізушісі сумен қамтамасыз ету үшін сыртта қалды.

Өрт сөндірушілер үйге кірген соң сыртқа шығар есік ашылмай қалған көрінеді. Сондықтан екеуі де қатты түтіннің арасында қалып қойды. Оқиға орнына олардан кейін жеткен екінші бөлім терезедегі темір торды бұзып, әріптестеріне көмек көрсету үшін ішке кірді. Бірақ бұл уақытта бөлім командирі Арыстанбек Машрап ес-түссіз жатқан екен. Оны дереу жергілікті жергілікті фельдшерлік-дәрігерлік пунктте жеткізіп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда медициналық көмек көрсетілгенге дейін сержант өмірден өтті. 

- Арыстанбек Машрап 1997 жылы туған. 2018 жылдың қаңтар айында өрт сөндіру қызметіне қабылданып, аз уақыт аралығында өзін кәсіби білікті маман ретінде көрсете білді. Өткен жылы лауазымы жоғарылап, бөлім командирі атанды. Оған қоса, шаңырақ көтеріп отбасылы болды. Әріптесіміздің қызметтік міндетін атқару жолында қаза табуы күллі азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің қабырғасын қайыстарды. Артында қалған ата-анасының, қарындасы мен жарының қайғысына ортақпыз. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі отбасына барлық көмекті көрсетеді. Қызметтік міндетін атқару жолында қаза тапқан Арыстанбек Дулатұлы мемлекеттік марапатқа ұсынылады, - деді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Ернұр Өтегенов. 

Тұрғын үйдегі отты ауыздықтауға кіріскен тағы бір өрт сөндіруші - кіші сержант Ермек Тұрлыбеков облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы бірқалыпты. 
Ернұр Өтегенов полиция қызметкерлері өрттің орын алуы мен адам өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. 
Айта кетелік, Театральная көшесіндегі үйдегі шыққан өрттің аумағы 80 шаршы метрді құрады. Оны өшіруге 18 адам мен 5 техника жұмылдырылып, сағат 11.00-де от толықтай ауыздықталды. Өрт шыққан кезде 1946 жылғы үйдің иесі сыртқа шығып кеткен екен. 

Елімізде тәуелсіздік алғалы бері 53 өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Өкінішке қарай, олардың қатарында үш жерлесіміз бар. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Арыстанбек Машраптың жақындарына көңіл айтып, жерлестерін құтқаруда өмірін қиған батырлардың даңқы мәңгілік болатынын айтты.

Количество показов: 93

Возврат к списку