Сәби сүю - шаңырақ бақыты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

13.02.2021

Сәби сүю - шаңырақ бақыты

- Гүлнәр Зейнел-Қаби-денқызы, облыста 2 мыңнан астам отбасы бала сүю мәселесі бойынша есепке алынған. Ал квота кезе-гінде тек 800-ден астам ерлі-зайыпты тұр. Өзгелердің денсаулығы ЭКҰ-ға жарамсыз ба?
- Жоқ, олай айтуға келмейді. Қазіргі уақытта облыста 2400-ден астам жұп бедеулік мәселесі бойынша тіркеуде тұрғаны рас. Бұл статистика күн сайын өзгереді. Себебі емханаға бала жоспарлау бойынша денсаулығын тексертуге келетін жұптар көп. 2 мыңнан астам отбасының ішінде баласы бар, сәби сүюді жоспарламаған, әлі ем қабылдап  жүргендер бар. Сондықтан мұндай жұптар кезекке тұрмады. 
Қазір 859 адам квота кезегіне алынған. Яғни, олар тек ЭКҰ арқылы ғана бала сүйе алатындар. Елімізде ЭКҰ-ға квота 2009 жылдан бастап бөлініп келеді. Сол уақытта облысқа 5 квота берілді. Өткен жылы 46 отбасы тегін ЭКҰ жасатты. Қуантарлығы, биыл бұл көлем 290-ға жетіп отыр. 
- Квотаны алуда ерлі–зайыптылардың жас ерекше-лігіне шектеу қойыла ма?
- «Аңсаған сәби» бағдарламасы бала сүйгісі келетін отбасыларға зор мүмкіндік сыйлап отыр деп айта аламын. Өйткені бұған дейін 18-35 жас аралығындағы отбасылар ғана квотадан үмітті еді. Енді бұл бағдарламаға 18 жастан 42 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар қатыса алады. 
- «Аңсаған сәби» бағдар-ламасына қатысу үшін не істеу керек? Квота аясында қанша қаражат бөлінеді?
- Облыс орталығында 2015 жылдан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанында шағын репродуктивті орталық жұмыс істеп келеді. Онда тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Мұнда жұптарға тек кеңес беріледі, ЭКҰ жасалмайды. «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысқысы келетін ерлі-зайыптылар алдымен жергі-лікті емханаға барып, бедеулік мәселесі бойынша есепке алынуы тиіс. Егер денсаулықтары ЭКҰ-ға жарамды деп танылса, квотаға кезекке алынады. Кейін өздері таңдаған репродуктивті орталыққа барып, ЭКҰ жасатады. Еліміз бойынша ЭКҰ-мен айналысатын 25 репродуктивті орталық жұмыс істейді. Оның ішінде 15 орталық ерлі-зайыптыларды мемлекеттік тапсырыс аясында  қабылдайды. ЭКҰ әдісіне 900 мың теңгеден бастап 1 млн. 200 мың теңгеге дейін көлемде қаражат жұмсалады. Квотаға ие болған жұпқа бұл қаржы міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры аясында республикалық бюджеттен төленеді. 
- Өңірде  2009 жылдан бері ЭКҰ арқылы қанша бала дүниеге келді?
- 11 жылдың ішінде облыста экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы 168 нәресте жарық дүние есігін ашты. Бұл бағдар-лама ерлі-зайыптыларға 100 пайыз көмектеседі деп айта алмаймыз. Өйткені сәтсіз аяқталған жағдайлар да бар. Оған жұптардың денсаулығы себеп болып жатады. Өткен жылы 46 квотаның 15-і ғана сәтті өтті. Яғни, ЭКҰ-ға жолдама алған отбасылардың тек 32-40 пайызы ғана сәби сүйе алады. Десе де, биыл үмітіміз зор. Себебі квота саны жылдағыдан  6 есеге артып отыр. Демек, көптеген шаңыраққа сәби күлкісін сыйлайтын боламыз. 
- Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан – 
Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 71

Возврат к списку