Салық сомасы қайтарыла ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?

Мәселе мынада: бұған дейін азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызмет көрсеткен адамдардан алдымен еңбекақы сомасының 10 пайызы жеке табыс салығы ретінде, тағы 10 пайызы зейнетақы аударымдары, бір пайызы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасы ретінде ұсталып келген. 2018 жылы еңбекақыдан шегерілетін аударымдардың тәртібін өзгерту туралы ұсыныс жасалды. Яғни, алдымен міндетті зейнетақы аударымын, кейін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарна-
сын, содан қалған сомадан ғана жеке табыс салығын аудару қажет деген жаңа тәртіп енгізілмек болды. Бірақ бұрынғы Мәжіліс депутаттары бұл жобаны бақандай үш жыл бойы талқылап, өткен жылдың 
10 желтоқсанында ғана қабылдады. Ал жобада бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс деп жазылған. Осы жерде түрлі түсініспеушіліктер туындады. 
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жаңа өзгерістерге байланысты жұртшылыққа жөні түзу ақпарат пен түсінік бермеген соң бір сауал мың сауалға айналды. Әлеуметтік желілерде қаржы саласында кеңес беретін кейбір блогерлер «Есепшілер салықты дұрыс есептеген екен» деп өздерінше пайым жасады. Енді бірі «Есепшілер соңғы үш жылдағы салықтық есептердің барлығын қайта рәсімдеп, 
31 наурызға дейін жаңа үлгіге сәйкес тапсыруы керек» деген «сарапшылық» ойын білдіріп жатты. Жаһандану заманында көз ілеспес жылдамдықпен тарайтын мұндай нақтыланбаған, бейресми деректер көпшілікті әлекке салды. Олай болса, мәселені шама-шарқымызша тарқатып көрелік. 
Алдымен, бұл өзгерістердің тек азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты екеніне баса мән беру керек. Олар - жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге немесе шағын, орта, ірі бизнес нысандарына жекелеген келісімшарт негізінде қызмет көрсететін мамандар. Көпшілік арасында оларды фрилансерлер де атайды.  Олар жұмыс берушімен еңбек келісімшартын жасамайды әрі мекеме қызметкері болып тіркелмейді. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір жүктелген жұмысты атқарып, сол үшін келісілген бағаны алып, ары қарай өз еркіне кетеді. Көп жағдайда келісімшарттың дәл осы түрі бойынша журналистер, жазушылар, түрлі саладағы кеңесшілер, құрылысшылар, есепшілердің өздері және тағы басқалары штаттан тыс еңбек етеді. Міне, жұмыс берушімен осындай азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде байланыс орнатып, жұмыс істегендерге төленген салық қайта есептелуі мүмкін. Тұрғындар тарапынан осыған қатысты сауалдар жиі түскендіктен, таяуда ғана Мемлекеттік кірістер комитеті мынадай түсініктеме берді: 
«Мәселен, азаматтық-құқықтық келісім-шартқа сәйкес, қызметкердің еңбекақысы 100 мың теңге делік. Ереже бойынша, бұл сомадан алдымен міндетті зейнетақы аударымын, кейін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын ұстауы керек. Екеуін қосқанда 11 пайыз, яғни 11 мың теңге аударылады. Сонда еңбекақыдан 89 мың теңге қалады. Жеке табыс салығы 100 мың теңгеден емес, дәл осы сомадан ұсталуы тиіс. Яғни, қызметкер 8900 теңгені салық ретінде төлеуі қажет. Бірақ оның орнына жеке табыс салығы еңбекақының жалпы сомасының 10 пайызы ретінде 10 мың теңге көлемінде шегеріліп келген. Демек, қызметкерден 1100 теңге артық ұсталған», - 
деді комитет өкілдері. 
Десе де, бұған дейін есептеудің мұндай жүйесі болған жоқ. Салық Кодексіне сәйкес, есепшілер алдымен жеке табыс салығын, кейін зейнетақы аударымдарын, содан соң медициналық жарнаны ұстап қалып отырған. Павлодар қаласындағы кәсіпорындардың 
бірінде жұмыс істейтін есепші Әсем Жәкенова бұл жерде есеп-қисап жүргізетін мамандарды кінәлаудың реті жоқ екенін айтты. 
- Мен осы уақытқа дейін бірнеше кәсіпорында есепші болып жұмыс істедім. Мемлекеттік қызмет саласында да еңбек өтілім бар. Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан жеке табыс салығы мәселесіне қатысты айтарым - есепшілер ештеңені қате есептеген жоқ. Қате есептей алмайды да. Себебі «1 С» деп аталатын арнайы бағдарлама бар. Сол жерде салық, басқа да міндетті аударымдарды есептеудің формуласы автоматты түрде көрсетіледі. Есепшілер бұған дейін белгіленген ереже-
лерге әрі сол формулаға сәйкес, қызметкер-лердің табысының бір бөлігін қазынаға аударып отырды. Бұл жерде өзгерістердің кеш енгізілуі, оның жұртшылыққа жалпақ тілмен түсіндірілуіне қатысты кеткен кемшін тұстардың барын байқауға болады, - дейді есепші. 
Ресми түсініктеме алу үшін жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне хабар-ластық. Құзырлы органның түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова салықтық нормада еш қателіктің жоқтығын алға тартты. 
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт жасаған жеке тұлғалардың еңбекақысынан міндетті зейнетақы және әлеуметтік-медициналық сақтандыру аударымдарын есептеуге қатысты күшіне енген норма дұрыс. Есепшілерге соңғы үш жылдың құжаттарын қайта қарап, жеке табыс салығын жаңа норма бойынша есептеудің еш қажеті жоқ. Биылдан бастап тұрғындардың жеке табыс салығы жаңа формулаға сәйкес есептелсе болғаны, - деді Г.Бирюкова. 
Қысқасы, 2018 жылдан бері азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет еткен адамдардан жеке табыс салығы жалпы еңбекақы сомасының 10 пайызы көлемінде ұсталған болса, олар жұмыс берушіден тиісті құжаттарды талап етуге құқылы. Соның негізінде артық төленген салық сомасын қайтару туралы электронды түрде өтініш бере алады. Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай өтініштерді қарастырып, тиісті жауапты береді. Жеке табыс салығын есептеуде шынымен ағаттық кетсе, артығымен ұсталған сома бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қайтарылады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА 


Количество показов: 68

Возврат к списку