Талапты күшейту керек
13.04.2021
Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021
Құрметті жерлестер!
13.04.2021
Алқаптар отқа оранды
13.04.2021
Екпе егу жалғасуда
13.04.2021
Үйлерді су басты
13.04.2021
Алғашқы сенбілік
13.04.2021
Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021
Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021
Ердің ісі – ерлік
13.04.2021
Игі істер жалғасады
13.04.2021
Көш басында!
13.04.2021
Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021
Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021
Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021
Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021
Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021
Жаңа орынбасар
10.04.2021
Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021
Академик тұтынған заттар
10.04.2021
Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021
Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021
Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021
Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021
САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021
Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021
Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021
«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021
Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021
Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021
Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021
Тыйым салынады
08.04.2021
«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021
САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021
Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021
Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021
Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021
Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021
Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021
«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021
Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021
Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021
Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021
Дарындылар топ жарды
08.04.2021
«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021
Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021
Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021
Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021
Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021
Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021
Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021
Экспорттық әлеует артты
06.04.2021
Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021
Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021
Тиімдісі - QR-код
06.04.2021
Бір апта уақыт берді
06.04.2021
Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021
Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021
Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021
Халықтардың Ұлы көші кезінде Алтайдан сонау Еуропаға ат терлетіп жеткен ғұндардың санасында телегей теңіз жыр-дастандар да тасқындаған бойымен жетіп жатты. Еуропаны шарлап келіп, алғаш рет Алмания елінде жарық көрген ғұн баласы Аттила туралы «Песнь о Нибелунгах» дастанының түп тамыры қайда жатқанын аңғару біз үшін қиынға соқпас. Елді-елді шарлап кеткен жырлардың бірінде қамыс арасынан шыға келіп оқтай атылған жолбарыстың басынан ұстап шықшытын айырып жатқан Қамбар батырдың ерлігі мен өжеттігін жырлаған тұстар да бар. Батырдың аң падишасымен айқасқа түскені жайлы сурет бейнелер де баршылық, Бертінгі шақта сол аң иен даламызда қамыс кезіп жүрді дегенге сенер адам таппас күйге жеткен екенбіз. Балалар арасында жолбарыс аңының түр-түрі бар екенін теледидардан көрсе көргендері бар болар. Барыстарды жолбарыс, қар барысы, үнді барысы, тайга барысы деп санамалап жөнелсек тез арада тоқтала қоймасымыз анық. Оның үстіне ягуар, пантера, пумаларды қоссақ, тектілердің тегіне таңданудан таңдайымыз суалар. Қазірде қазақ даласында барыс былай тұрсын, кесірткеден басқа жорғалаған жәндік жоқ деп ауызды қу шөппен сүртетіндер көбейіп кетті ғой.
Жақында Discovery каналынан Венгрияның таулы ормандарын мекендеген аң-құстар көрсетіліп жатты. Басқалары былай тұрсын, тау-тасты шұбырып кезіп жүрген еліктер мен антилопалар мен бұғылардың санитарлық қорғаушысы –
қасқыр, аңдардың өлекселерін қалдырмайтын тазқара, гриф секілді жемпаз алып құстардың бәрі жүр, Африкадан арнайы әкелінген жемтік жегіш құстардың саны аз уақыт ішінде 120-ға жетіпті. Барлық аң-құс мамандардың бақылауында, қарауында, өлексенің өзі далада босқа жатпайды. Міне, осылай машинаның газымен тыныстаған еуропалықтар табиғатты қайта жандандыруда. Еуропадағы Hungary елі осылай, үйренері көп.
Әңгіме дегенді ойға алып отырғаным, жақында Павлодар-Алматы поезында көпті көрген ақсақалмен бір купеде келдім. Ол әңгімені ауа райынан бастаған. «Мына қар сонау Аягөзден басталған, әлі тоқтаған жоқ. Ауа райы да бүлініп болды ғой. Заман не болып барады. Министрлерің анау... Министр демекші, жақында ғана орнына жайғасқан ана министрді білесің бе? Ол қалай келе қалды дейсің ғой. «Құданың құдасы, балықтың сорпасы дегендей, құда-жекжаттықпен көтерілді. Ал енді осыларды кімнің құдаластырғанын білесің бе? О, бүгіндегі азаматтар көп дүниені білмейді ғой. «Қарға тамырлы қазақ» дейміз. Сол қазақ баяғыдан бір-бірімен жақындасып, туыстасып, тамырласып қалған. Енді олар арасына сына түгілі ши өткізбейді. Мәселен, ананың анау орында отырған себебі оның руы-анау. Бірін-бірі талай қылмыс, батпақтан сүйреп шығарып, «қанына тартпағанның қары сынсын» деп қояды.
- Аға, осының бәрін қайдан білесіз?
- Түріңе қарасам, біраз жасқа келгендейсің. Сұрағыңа қарасам, баланың сөзі. Мәселен, сенің облысыңда не болып жатқанын білесің бе? Анау ананың, мынау мынаның деп шұбыртып ала жөнелді. Осылай екі тәулік бойы тыңдаушы құлақ тапқанына риза болып, біреулердің қызметін, екіншілерінің қалтасы қалыңдығын талқылады да отырды. Біліп айтып отыр ма, белдеулеп айтып отыр ма, ол жағы өзіне аян. Біз бала кезімізде «Керқұла атты Кендебайды», «Тау көтерген Толағайды», «Атымтай Жомартты» алдымен қариялардан еститінбіз. Мектепке бармасақ та, әріп тани қоймасақ та, «Айт, жануар, шу» деді, Тайбурыл сонда гуледі» дегендей бір-екі тіркестерді тал мініп, шаңды бұрқыратып жүрген кезімізде білетінбіз. Бұл жерде айтарымыз, «білімпаздығымыз» емес, ауылдағы қарияларымыздың әңгімешілдігі. «Әй, анау жорға желіспен сусылдатып бара жатқан кім?» дейді. «Қасан бригадир ғой». «Әй, осы көк дөненнің тұқымында талай сәйгүлік болған. Осы тұлпардың тұқымының өзі аламаннан болмаса да, жорға жарысында дес бермесі анық» дегендей әңгіме қозғап отыратын. Тағы бірде «Биыл күз жылы болды, қансонар қалың болар. Түлкі, қарсақтың ізінен көз тұнар» десетін. Әр заманның өз әңгімесі болатын шығар. Бірақ қазақы әңгіменің тәрбиесі бөлек-ау...
Ғалымбек Жұматов, жазушы
Раздел не найден.