Сапқа қосыл, жас сарбаз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

13.02.2021

Сапқа қосыл, жас сарбаз!

Сурет газет мұрағатынан алынды.
Ел Президентінің Жарлығында: «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2021 жылдың наурыз–шілдесінде және қыркүйек–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемле-кеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын» делінген.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы бойынша қорғаныс департаментінің мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы Александр Ильинов тіркеу жұмыстары 5 қаңтарда басталғанын атап өтті. Яғни, 17 жасқа толған әр азамат тұрғылықты мекен-жайы бойынша әскери шақыру учаскелерінен табылуы тиіс.
- Биыл аймағымыздағы шақыру учаскелерінде 4107 жасөспірім тіркелуі қажет. Әзірге 3205 жас тіркеліп үлгерді. Олардың әрқайсысына жергілікті әскери басқару органдарында белгіленген тәртіпке сәйкес, әскери есепке алу туралы тиісті куәліктер беріледі. Түрлі себептермен шақыру учаскелеріне тіркелуге келмеген азаматтар осы жылдың 31 наурызына дейін жергілікті әскери басқару органдарында төбе көрсетуі тиіс,- дейді А.Ильинов.
Әрине, жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу  - оларды әскери есепке қою, болашақ сарбаздардың санын бекіту, қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін қажет. Белгілі болғандай, тіркеуден кейін болашақ әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің қай бағытында парызын өтейтіндіктері белгілі болмақ. Бұл жерде жастардың бойы, салмағы, мамандығы (арнаулы білімі болса), тіпті икемділігі көп рөл атқаратынын атап өткен жөн. Тіркеуден кейін азаматтардың өз тағдырын әскери оқу орындарымен байланыстыруға мүмкіндігі бар.
Ал қай кезде жастар шақыру учаскесіне барудан босатылады? А.Ильиновтың айтуынша, егер шақы-рылушының еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан ауруы немесе жарақаты, ауыр дерті тіркелген жағдайда, жақын туысы қайтыс болса, табиғи апаттарға байланысты учаскеге келу мүмкіндігінен айрылса, тиісті құжаттармен расталуы керек. Бұл – әскер қатарынан босатылады деген сөз емес. Әңгіме тіркеу жайында.
Соңғы жылдары өз еркімен Отан алдындағы борышын өтеуге талпынғандар жетерлік екен. Оның себебі белгілі. Олар әскерде қызмет ету болашақта қажет болатынын ескереді. Жедел қызмет жастарға келісімшартқа отырып, ары қарай қызмет етуге, құқық қорғау органдарына жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Қала берді, қазір мемлекет тарапынан әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша зор қолдау көрсетілуде. Тұрғын үй мәселесі жүз пайызға шешілген. Егер адамның өз баспанасы болмаса, оған мемлекет жалға алған пәтері үшін өтемақы төлейді. Медициналық қызмет те барлық гарнизонда тегін көрсетіледі. Тек әскери қызметшілерге ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де қызмет көрсететін медициналық мекемелер бар. Бұл да, маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар егер адам келісімшарт арқылы қызмет етіп, белгілі бір уақыт сол жерде қызмет атқарса, әрі қарай оқуға түскісі келсе, мемлекет оған оқу құнының 
50 пайызын төлейді. Аталған қолдаулар азаматтарды әскер қатарына келуге ынталандыратыны анық.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 80

Возврат к списку