«Sary qyz»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

«Sary qyz» 29.07.2021

«Sary qyz»

«Күнде таңертең мені ертемен оятып алады. Күрең сиырды өріске апарып кел дейді де, менің таңғы тамағымды дайындайды. Жұмысқа кетерінде үйдегі бөлменің ортасында тұрған бағанаға 4-5 метрлік мықты жіпті алып, мені белімнен байлап қояды...» Бұл - өңірімізге белгілі қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі Ғалия Балтабайдың бала кезінде басынан өткен оқиғалардың бір картинасы.

биыл 1.jpg

Жақында Ғалия Құсайынқызының бала-ларға арналған «Sary qyz» атты естелік әңгімелер жинағы жарыққа шыққан болатын. Өткен дүйсенбі күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында аталған жаңа жинақтың тұсаукесері өтіп, оқырмандарға таныстырылды. Шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшы-сының орынбасары Сәуле Османова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Арман Қани, облыстық «Найзатас» әдеби журналының бас редакторы Асыл Әбішев, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантайұлы және басқа да жергілікті қаламгерлер қатысып, авторға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, кітапқа енген әңгімелерге, онда көтерілген тақырыптарға байланысты ой бөлісіп, бүгінгі балаларға әдеби шығармалардың қажет-тілігі жайында пікір алмасты. Бұл - Ғалия Құсайынқызының балаларға арнап жазған тұңғыш туындысы. Жаңа кітап биылғы балалар әдебиетін қолдау жылының аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шығып отыр. Мұнда кішкентай Ғалияның балалық шақта басынан өткізген оқиғалары баяндалады. Қысқа да нұсқа қызықты әңгімелер, ойға қонымды, тұшымды оқиғалар оқырманды бірден баурап алады. Кітаптың дизайны да ерекше жасалған, иллюстрациясы өте сәтті салынған. Яғни, жас оқырмандардың көзін бірден жаулап алатын көркем суреттермен безендірілген. Әрбір әңгіменің тақырыбына сай негізделіп суреттер салыныпты. Оқыған әңгімеңіздің бейнетаспасы да көз алды-ңыздан жылыстап сырғып өтетіндей...

биыл 2.jpg

- Біздің замандастарымыздың балалық шағы қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келгендіктен, балаша құмары қанып ойнады деп айта алмаймын. Керісінше, еңбекке ерте араласып, уақытымыздан бұрын есейіп кеттік. Міне, сондықтан бала кезімде басымнан өткен оқиғаларды қазіргі ұрпаққа осы кітап арқылы жеткізгім келді. Ал кітап атауын не үшін «Сары қыз» деп қойдым? Мені анам «Кішкентай сары шымшығым» деп еркелететін. Ал мектепке бірінші сыныпқа келгенде оқушылар әзілдеп «Сары қыз» деп ат қойып, есейгенше солай атап кетті. Кітап менің басымнан кешкен оқиғалар болғандықтан, атауын да солай қойдым, - дейді Ғалия Құсайынқызы. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы аталған жаңа туындыны облыс мектептеріне таратуға ықпал ететінін жеткізді.

- Балалар әдебиеті – өте күрделі жанр. Бұл тақырыпқа баруға кез келген ақын-жазушының жүрегі дауаламайды. Себебі, баланың ойын түсіну, баланың жүрегіне жол табу оңай емес. Екіншіден, әдеби шығарма арқылы жас жеткіншектерге ой салу үшін автордың өмірлік тәжірибесі болуы керек. Мен Ғалия Құсайынқызының «Sary qyz» атты жаңа кітабын осыдан бір ай бұрын қолыма алдым. Маған қатты әсер етті. Соңына дейін бір деммен оқып шықтым. Өмірден алынған әрбір эпизодты қысқа да нұсқа ықшамдап, баланың тілімен жеткізе білген. Өткеннен сыр шертетін керемет туындыны әрбір оқушы оқуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта кітапты облыстағы барлық мектептерге таратудың жолдарын қарастыратын боламыз, - деді облыстың бас ұстазы. Жарқынбек Амантайұлының сөзінше, қазіргі уақытта Ертіс-Баян өңірінде балалар әдебиетінде сәтті шығарма жаза алатын қаламгерлер жоқтың қасы. Сондықтан, бұл кітапты балалар әдебиеті қорына келіп қосылған үлкен қазына деуге болады.

- Мұны тек балаларға арналған кітап деп айтпас едім. Кез келген жастағы оқырмандарды ойландыратын, толғандыратын шығармалар бар. Тілі жатық, оқуға жеңіл, оқиғасы да тартымды. Бір әңгімені оқығаннан кейін келесі оқиғалар оқырманды өзінен өзі баурап алып кетеді. Сондықтан, өңір әдебиеті тағы бір салмақты туындымен толықты деп айтар едім. Біз сіздердің бастарыңыздан өткен кейбір оқиғаларды біле бермейміз. Осындай туындылар арқылы үлкендердің жүріп өткен жолдарына көз салуға болады. Міне, ғұмырбаяндық туындылардың құндылығы осында. Мысалы, біздің өңірде түйелер көп болғанын және ол жануардың қызыл түске өш болатынын осы кітап арқылы біліп отырмын. Сол жылдары қазақ мектебі тек Ертіс ауданында ғана қалғанын да осы кітаптан оқыдық. Сондықтан, бұл кітапты балалар әдебиетін қолдау жылы аясында өңір әдебиетіне қосылған үлкен қазына деп бағалауға болады, - деді Жарқынбек Амантайұлы.

   

Арман ҚАНИ, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:

- Біз өткен шағымызға, бала кезімізге көп орала бермейміз де, журналист болып, саяси істерге араласа бастаған шағымызды ғана еске аламыз. Сондықтан, өткенге оралып, бейкүнә шағымызда басымыздан кешкен оқиғаларды сұрыптап, оқырманға ұсынып отырудың артығы жоқ деген ойға келдім. Бәріміз де бала болдық. Кезінде Мұзафар Әлімбаев ағамыз: «Балалар әдебиетіне қалам тартыңдар» дегенді жиі айтатын. Ол үшін балалардың психологиясын меңгеру керек. Ғалия Құсайынқызының жаңа кітабында балаларға ой салар қызықты да пайдалы әңгімелер бар екен. Енді осының мектептегі жас оқырмандарға жетуіне атсалысу керек.

 

Серік САТЫБАЛДИН, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудармашы:

- АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, баланы он жасқа дейін кітап оқуға тәрбиелеп, әдебиетке деген құштарлығын ояту керек. Сонда ғана оның болашағы жарқын, кемел азамат болып өседі. Мына кітаптың жас оқырманға берер пайдасы ұшан теңіз. Мысалы, тарихи оқиғалар бар. Бұл кейінгі ұрпаққа өткенін танып- білуге өз септігін тигізеді. Одан бөлек, еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет біліру секілді қазақы құндылықтар да қамтылған. Яғни, әрбір оқиғадан осы тәрбиелерді ойға сіңіруге болады.

 

Ольга ГРИГЬОРЕВА, ақын:

- Балалар әдебиеті жанрында қалам тербеу екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл өз басыңнан өткен оқиғаларды тізіп жазу ғана емес, сонымен қатар жарқын сәттерге тоқталу, сол арқылы оқырманды баурап алу. Мен автордың бұл кітабын оқып отырғанда тіпті, көзіме жас келген уақыттар да болды. Сондықтан, Ғалия Құсайынқызының шағармашылығына табыс тілей отырып, жас оқырмандарын әлі де тұшымды дүниелерімен қуанта береді деп сенемін.

 

Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 258

Возврат к списку