Сауда сәтсіз болды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Сауда сәтсіз болды 09.09.2021

Сауда сәтсіз болды

Облыс орталығындағы №1 автобус паркі - 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына енген мекемелердің бірі. Соған сәйкес, мемлекет меншігіндегі кәсіпорын алдағы уақытта жекенің қолына өтуі қажет. Десе де, алғашқы сауда-саттыққа қатысуға ниетті инвестор табылған жоқ.

Осы жылдың тамыз айында №1 автобус паркінің сатылымға қойылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл кәсіпорын жолаушыларды 12 бағыт бойынша тасымалдайды. Атап айтқанда, қала ішінде жүретін №5, 6, 10, 21, 22, 40, 66А және облыс орталығына іргелес елді мекендерге қатынайтын №38, 31, 42, 44, 66 бағыттар аясында тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Мұнда барлығы 99 автобус бар. Оның 41-і осыдан жеті жыл бұрын шығарылса, тағы 28-і 12 жылдан астам уақыт бойы жолаушыларды тасымалдап келеді. Кәсіпорында 95 адам жұмыс істейді.

Мемлекеттің 100 пайыздық үлесі бар кәсіпорынның бастапқы бағасы 672,9 млн теңге көлемінде белгіленді. Алайда 31 тамызда gosreestr.kz порталында өткен сауда-саттыққа қатысуға өтініш білдірген компаниялар болмады. Сол себепті мемле-кеттік конкурс өткен жоқ деп танылды.

Ендігі ретте Павлодар қаласының қаржы бөлімі екінші рет тендер өткізуді жоспарлап отыр. Ережеге сәйкес, жекешелендіру нысандары алғашқы конкурстан соң араға 30 күн салып ұйымдастырылуы тиіс. Ал бастапқы баға 50 пайызға төмендеуі керек.

Тендердің талабына сәйкес, кәсіпорынның жаңа иесі алдағы 10 жыл аралығында автобус паркінің жұмыс бағытын өзгертпеуге міндеттеледі. Яғни, қоғамдық көліктер қала ішінде жолаушыларға қызмет көрсетуді жалғастыруы тиіс. Сонымен қатар, осыдан екі жыл бұрын «БРК-Лизинг» АҚ арқылы 20 дизельді көлік пен 10 электробусты сатып алу мақсатында ресімделген 1,6 млрд теңге көлеміндегі несиені 5 жыл ішінде төлеуге міндеттеледі.

Бұл ретте автобус паркінің «болашағына» жолаушылар мен сол кәсіпорынның қызметкерлері алаңдаулы. Қазірдің өзінде аталмыш кәсіпорынға қарасты №21, 22 бағыттағы автобустардың жүру кестесіне қатысты сын көп. Тұрғындар қоғамдық көлік жекенің қолына өткен соң жағдай күрделене түсе ме деп қауіптенеді. Енді бірі әлеуметтік маңызы бар кәсіпорынды мемлекет меншігінде қалдыру қажет деп пайымдайды. Тағы бір топ осыдан бес жыл бұрынғы жағдай қайталана ма деген күдіктің барын жасырмайды.

Естеріңізде болса, №1 автобус паркі 2015 жылы «Қазақстандық құрылыс тобы» компаниясына 1,1 млрд теңгеге сатылған болатын. Бірақ кәсіпорын басшылығы қаржылық қиындықтарға ұшырап, жарты жылдан соң жолаушылар тасымалымен айналысудан бас тарты. Сөйтіп, мекеме қайтадан мемлекеттің меншігіне өтті. Бұл жолы қоғамдық көліктерді қарамағына алар инвестордың табылар-табылмасы қыркүйек айының соңында өтетін конкурстан соң белгілі болады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 274

Возврат к списку