Сербтердің мысын басты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Сербтердің мысын басты 24.07.2021

Сербтердің мысын басты

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші кезеңінде сербиялық «Црвена Звезда» командасын 2:1 есебімен жеңді. Осы уақытқа дейін 48 кездесу бойы ұтылмаған сербиялықтардың рекордына отандастарымыз «түзету» енгізді.

Ойын оңтүстік астаналықтардың қарқынды шабуылдарымен басталды. 8-минутқа дейін «Қайрат» қонақтарды өз жарты алаңына қысып бақты. Камо Оганесян бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастарды. Жалпы, осы Камо «Црвенаның» оң қапталына тыным бермеді. Жеке шеберлігі мен жылдамдығына сенім артып, бірқатар сәтті шабуылдарға арқау болды. Алғашқы гол да Оганесянның алып берген бұрыштама добынан кейін соғылды. Ғафуржан Сүйімбаевтың әуелете асырған пасына Хосе Канте бірінші жетіп, есеп ашты. Ал екінші таймда сербиялықтар ойын тізгінін қолға алғысы келіп, доппен көбірек жұмыс істеді. Шабуылға да жиі араласты. Бірақ өздері гол соға алмай, Микановичке арқа сүйеп, Диноны өз қақпасының торын өзі тулатуына мәжбүрледі. Бірақ «Қайрат» қарап қалмай, ара-тұра шабуылға бет бұрып тұрды. Сондай әрекеттердің бірінде каталондық «Барселонаның» түлегі Маки Баньяк «Қайрат» жейдесіндегі тұсаукесер голын соғып, командаға маңызды жеңісті сыйлады. Матч алдында стадионда нағыз Чемпиондар лигасының атмосферасы тұрды. Жанкүйерлер арасында бірнеше ойындар ұйымдастырылып, шоу-бағдарламалар жүргізілді. «Қайратты» қолдауға келген жанкүйерлердің қарасы қалың болды. Клуб басшылығы стадионның 20 пайызына (4500) ғана көрермен кіргіземіз дегенмен «Орталықта» 15 мыңнан аса футболсүйер қауым жүрді. Бұл жағдай клубқа тек пайдасын тигізбесе, жамандығын тигізбеді. «Қайраттың» қайратына қайрат қосып, 90 минут тынбай қолдаған жанкүйерлерге тағар айыбымыз жоқ. 48 ойын бойы жеңілістің не екенін білмей келе жатқан белградтықтардың жеңіліссіз сериясына нүкте қоюға жанкүйерлердің де септігі тиді. «Црвена Звезда» соңғы рет 2020 жылдың 23 қазанында Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында германиялық «Хоффенхаймға» есе жіберген екен. Одан кейінгі 48 матчтың тоғызында тең тарқасып, 39-ында асығы алшысынан түскен. Екі рет «Милан», одан бөлек «Шахтер Донецк», «Партизан» сынды адуынды командалар тізе бүктіре алмаған белградтықтарды алматылықтар сабасына түсірді. Дегенмен ерте қуануға болмайды, алда қарымта ойын бар. «Црвена» өз алаңында жеңу үшін бар күшін салары сөзсіз. Қос матчтық текетірестен оза шапқан ұжым Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде «Алашкерт» (Армения) – «Шериф» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кім мықтыны анықтайды. Ал қай жеңілгені дәл осы жұпта ұтылған ұжыммен Еуропа лигасының үшінші раундында кездеседі. «Шериф» пен «Алашкерт» арасындағы алғашқы ойында молдовалықтар сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіс тойын тойлағанын да айта кеткен жөн. Естеріңізге сала кетсек, «Райко Митич» немесе «Маракана» деген атпен танымал стадиондағы екінші матч елорда уақытымен 28-ші шілдеден 29-на қараған түні 00:30-да басталады. Айтпақшы, Конференция лигасында бақ сынап жатқан 3 команда – «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» өздерінің алғашқы кездесулерін өткізді. Астаналықтар өз алаңында «Арис» (Грекия) командасын 2:0 есебімен ұтты. «Тобыл» сырт алаңда хорватиялық «Хайдукке» 2:0 есебімен есе жіберді. Қарағандылық «Шахтер» де сырт алаңда румындық «Стяуа» командасына ұтылды. Есеп – 1:0.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 255

Возврат к списку