Сервистегі «сең» қозғалды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Сервистегі  «сең» қозғалды 08.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды

Жасыратыны жоқ, облыста жол бойы сервисін дамыту ісі кенже қалып жатыр. Жүргізушілер мен жолаушылар облыстық, республикалық маңызы бар кейбір жолдардың бойынан жанар-жағармай құю бекеттерін, тамақтану орындарын таппай, әуре-сарсаңға түсіп жатады. Жұмыс істеп тұрған кейбір қызмет көрсету нысандарының талаптарға сай келмейтіні тағы бар. Ендігі ретте жергілікті билік пен кәсіпкерлер бірлесіп, бұл бағыттағы олқылықтардың орнын толтырмақ.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

2019 жылы «Орталық-Шығыс» дәлізінің бойындағы сервисті дамыту мақсатында Аққулы ауданында арнайы кешен салынған болатын. Мұнда 15 қонақ бөлмесі, асхана, көлікке техни-калық қызмет көрсету орталығы, дөңгелек жөндеу орны, жанар-жағармай бекеті бар. Құрылысқа қазынадан 1 млрд теңге жұмсалды. Бірақ бұл қызмет көрсету орны екі жыл бойы қаңырап бос тұрды. Себебі кешенді кәсіпкерлерге сенімді басқаруға беру заңға қайшы әрекет болып саналады. Ал ай сайын 4 млн теңге көлемінде жалдау ақысын төлеп, кешенді табыс көзіне айналдыру жергілікті кәсіпкерлерге тиімсіз еді. Бұл мәселеге облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бірнеше рет назар аударып, қомақты қаржыға салынған кешенді кәдеге жарату тетіктерін қарастыруды жүктеді. Жақында аталмыш мәселе оң шешімін тапты. Жанар-жағармай бекетін жалға алушы табылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдиннің айтуынша, биылдан бастап Нұр-Сұлтан – Павлодар – Нұр-Сұлтан, Павлодар – Семей, Павлодар – Омбы бағытындағы жолдардың ақылы болуына байланысты аталмыш кешенді ұзақмерзімді жалға беру жоспарда бар. 

- Аққулы ауданындағы кешенді «ҚазАвтоЖол» компаниясы салғанмен, оны жалға беру ісімен мемлекеттік мүлік департаменті айналысады. Бұл стандарттағы жолға белгіленген жалдау ақысы қымбат болғандықтан, бірнеше рет мемлекеттік конкурс өтсе де жалға алар кәсіпкер болған жоқ. Таяуда жанар-жағармай бекетінде істі бастауға инвестормен келісімшарт жасалды. Өзге де қызмет көрсету орындарына қызығушылық танытатындар табылар деген үміттеміз, - дейді А.Қабылдин. Жол бойы сервисіне қатысты қордаланып қалған бұл мәселе кезең-кезеңмен шешіле бастаған тұста мәселенің екінші шеті шықты. Пандемияға байланысты енгізілген шектеулер жол бойындағы қызметке де салқынын тигізбей қоймады. Соған қарамастан, былтыр осы салада кәсіп бастағандар бар. Мәселен, өткен жылы облыс аумағында кәсіпкерлердің жеке қаржысы есебінен алты дәмхана мен жанар-жағармай бекеті ашылды. Солардың бірі – Успен ауданындағы «BOLAT» дәмханасы. Жергілікті кәсіпкер Ләззат Қалиева өткен жылдың күзінде Ресейдің Новосібір, Красноярск қалаларына апаратын республикалық жолдың бойында 30 адамға арналған қоғамдық тамақтану орнының жұмысын бастады.

- 2019 жылы республикалық жолдың бойында дәмхана құрылысын бастадық. Су сорғы станциясын орнаттық, жарық, жылу желілерін тарттық. Жалпы алғанда 15 млн теңге көлемінде жеке инвестиция салдық. Сөйтіп, 2020 жылдың қазан айында 30 адамға арналған дәмхана ашылды. Бірақ карантиндік шектеулерге байланысты бір ашылдық, бір жабылдық. Кейін адам санын шектеп, санитарлық талаптарды сақтай отырып қайта іске кірістік. Десе де, Ресейге барып-келушілер саны азайған соң дәмханадан дәм тататындардың қатары да көп емес. Бүгінде күніне орта есеппен алғанда 10 адамға ғана қызмет көрсетеміз. Карантин талаптары жеңілдеп, көрші елмен алыс-беріс көбейген кезде келушілер саны да артар деген сенім мол, - дейді Л.Қалиева.

Кәсіпкер жұмысын жүйелі жүргізу үшін «Бастау» жобасы аясында оқудан өтіп, 500 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Жарты миллион теңгені дәмханаға қажет құрал-жабдықты сатып алуға жұмсады. Ендігі ретте тамақтану орнының жанынан дүкен салу жоспарда бар. Айта кетелік, «BOLAT» дәмханасы республикалық стандартқа сай «С» санатының нысаны болып саналады. Яғни, мұнда дәмханадан бөлек, автокөлік тұрағы, жылы дәретхана бар. Облыстық индустриалдық-инно-вациялық даму басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірдегі 37 нысан осы санатқа жатады. «D» категориясына сай келетін, жанар-жағармай бекеті, бөлшек сауда нүктесі мен жылы дәретханасы бар 56 жол бойы сервисі жолаушыларға қызмет көрсетеді. Бұл нысандармен қатар, қонақ бөлмелері, дәмха-насы, көлік жөндеу мен жуу орны, медициналық пункті бар «В» санатты сервистердің саны екеу-ақ. Ал одан жоғары санат – «А» категориясына жататын нысан облыста әлі жоқ. Ақсу қаласына қарасты Қарабай ауылының жанында салынып жатқан кешен осы категорияға сай келуі тиіс. Инвесторлар өңірдегі «А» санатты алғашқы кешенді осы жылдың шілде-тамыз айларында ашуды ойластырып отыр. Жалпы, бүгінгі күні облыста барлығы 146 жол бойы сервисі бар. Оның 15-і жұмыс істемейді, тағы 15-і жоғарыда аталған санаттардың бірде-біріне сай келмейді. Сондықтан кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы бұл бағыттағы жұмысты жетілдіруге ниетті.

d69ed0394c8738e9b8376c51ba92de8c-slider.jpg

- Жауапты сала мен жергілікті әкімдік өкілдерінен құрылған комиссиялар жол бойы сервисі нысандарына жүйелі түрде барып, жағдайды назарда ұстайды. Кәсіпкерлермен нысандарды «А», «В», «С» және «D» санаттарына сай жабдықтау туралы келіссөздер жүргізіледі. Өз кезегінде көрсетілетін қызмет ауқымын кеңейтіп, сапасын жақсартуға бейілді кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, - дейді басқарманың бөлім басшысы Талғат Дұғалов. Билік пен бизнестің бірлескен әрекеті нәтижелі болар деген үміттеміз. Әйтпегенде, біздің облыс аумағынан өтетін меймандар мен жергілікті жолаушыларға әлі де қызмет көрсету орындарын іздеуге тура келетіні анық. Әсіресе, жанармай бекеті, көлік жөндеу орны мен дәмхана сынды нысандардың санын көбейтіп, стандарттарға сай етіп жабдықтау қажет-ақ

 


Количество показов: 41

Возврат к списку