«Шаңырақ» бағдарламасы басталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды 08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды

«Отбасы банк» АҚ Павлодар облыстық филиалы сәуір айында екі бірдей бағдарлама – «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бойынша баспаналы болуды қалайтындардан құжат қабылдауды бастайды. Аталмыш бағдарламалар жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тіркелген жандарға арналған.

«Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы клиенттермен жұмыс жасау басқармасының басшысы Нұрлан Байкәрімов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында 7 сәуірде «Шаңырақ» бағдарламасы бастау алғанын хабарлады. Ел арасында бұл бағдарламаны «5-10-20» деп те атайды. Себебі мемлекеттік бағдарламалар немесе жеке компаниялардың қаржысы есебінен салынған жаңа пәтерлер 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек тұрғын үй кезегінде тұрғандар алғашқы жарна ретінде пәтер құнының кемінде 10 пайызын төлесе болғаны. Айта кетелік, аталмыш бағдарлама талаптарына сәйкес, облыс аумағында сатып алатын пәтерлердің бағасы 12 млн теңгеден аспауы тиіс. 
- «Шаңырақ» бағдарламасына қатысу-шыларға қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, өтініш беруші тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың қатарынан болуы тиіс. Екіншіден, олар табысын растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Үшінші талап - отбасының жан басына шаққандағы айлық табысы күнкөріс деңгейінің 3,7 көлемінен аспауы. Яғни, табысты әр отбасы мүшесіне бөлген кезде 126 981 теңгені құрауы қажет. Бұл ретте 18 жасқа толмаған балалар да есепке алынады, - дейді Н.Байкәрімов. Нұрлан Есімханұлы «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы «Сарыарқа» шағын ауданындағы №36, 37 үйлердегі 180 пәтердің сатылымға қойылатынын атап өтті. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы осы жылдың шілде айында аяқталмақ. Бір шаршы метрінің бағасы – 160 мың теңге. Осы ауданда салынып жатқан қалған төрт үйді аталмыш бағдарлама арқылы үлестіру жоспарланып отыр. Десе де, өтініш беруші жеке құрылыс компаниялары салған көпқабатты үйлерден де қалаған пәтерін таңдай алады. Сонымен қатар, 12 сәуірде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында өтініш қабылдау басталады. «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Алтынбек Шайдуллин атап өткендей, бұл бағдарлама тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың баспаналы болуына бағытталған. Оларға ипотекалық несиелер жылдық 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға дейін беріледі. Бұл ретте алғашқы жарна көлемі 10 пайызды құрайды. Ал айлық табыс отбасының әр мүшесіне бөлген кезде күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінен аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша пәтерлерді жаңа тұрғын үйлерден де, екінші нарықтан да сатып алуға болады. Бағасының 10 млн теңгеден аспауы – негізгі талаптардың бірі. Айта кетейік, өткен жылы «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы жалпы сомасы 21,7 млрд теңге болатын 2502 ипотекалық несие берді. Осы жылдың алғашқы үш айында 4,3 млрд теңгені құрайтын 838 өтініш мақұлданды. Ал облыста тұрғын үй кезегінде 15 мыңнан астам адам бар.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 35

Возврат к списку