Шаттыққа бөленген шаңырақ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Шаттыққа бөленген шаңырақ 11.09.2021

Шаттыққа бөленген шаңырақ

Отбасылық құндылықтарды жоғары бағалап, шаңырақ шаттығына бөленіп отырған жанұялардың бірі – Қаппасовтар отбасы. «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанған ерлі-зайыпты Рысбек пен Ақжүніс үшін перзенттік борышты өтеп, үлкендердің ақ батасын алу – маңызды.

Торғын ОРАЗАЛЫ

Ақтоғай ауданының тумасы Рысбек Қаппасов – текті әулеттің ұрпағы. Атасы Түркен Шаяхметов – Ұлы Отан соғысының ардагері. Майдангердің медальдары отбасылық мұрағатта көздің қарашығындай сақтаулы тұр.

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» демей ме дана халқымыз. Отағасы Рысбек те сегіз жасар ұлы Ерасылға жеті атасын жаттатып, ардагер атасының қанмайданда жүріп өткен жолын үлгі етіп айтып отырады.

Рысбектің әкесі Бауыржан Қаппасов - жоғары санатты хирург. Қамқор ата бос уақытында немересімен шахмат ойнап, ақыл-ойды дамытатын зияткерлік ойындарға баулиды. Ал анасы Гүлнәр домбыра шертіп, немерелерінің бойына ұлттық саздың үнін сіңіруді жөн санайды.

«Отбасылық мерекелер жанұя жылуын арттыра түседі. Сондықтан әрбір сәтті бағалай білу керек. Айтулы күндерде ақ дастарханымызды жайып, үлкендерімізді ортаға алып, атап өтуді дәстүрге айналдырдық», дейді отанасы Ақжүніс.

Осыдан он шақты жыл бұрын шаңырақ көтерген Рысбек пен Ақжүніс отбасының бақыты балаларда деп біледі. Рысбек Павлодар мұнай-химия зауытында табысты қызмет етуде. Келіншегі Ақжүніс – Инновациялық Еуразия университетінің оқытушысы. Қазір бала күтіміне байланысты демалыста, он бір айлық Айзерені бағып-қағуда. Отбасының үлкені Ерасыл №25 орта мектептің 3-сыныбында оқиды. Түрлі зияткерлік ойындардың жеңімпазы. Қыздарының үлкені Малика балабақшаға барады.

Балаларымен бірге саябақта серуендеп, табиғат аясындағы демалыстарды жиі ұйымдастыратын жас ата-ана балаларының тәрбиесіне көп мән береді. Отағасы Рысбек: «Балаларымызды егеменді еліміздің бір-бір кірпіші болып қаланатындай ақылды да білімді азаматтарды тәрбиелеп шығарсақ деп армандаймыз», - дейді. Үлкендердің ақ батасы қабыл болып, Қаппасовтар отбасы үлгілі жас отбасынан мәуелі бәйтерекке айналсын деп тілейік!


Количество показов: 385

Возврат к списку