Шын мықтыға тұсау жоқ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ  09.09.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ

2019 жылғы Президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпаздары бүгінде мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етуде. Солардың бірі - облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағыныш Нұрқымбаев. Мыңдаған үміткердің қатарынан суырылып алға шыққан жас мемлекеттік қызметші сынақтардан сүрінбей өтудің «құпиясымен» бөлісті.

Сағыныш Маратұлы студенттік кездерде-ақ түрлі оқу додалары, ғылыми жобалар сайысына тұрақты түрде қатысты. Кейін «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне өтіп, мемлекеттік басқару академиясының мектебінен өтті. Сондықтан Прези-денттік жастар кадрлық резерві ол үшін бағыңды сынап, білік-тілігіңді шыңдайтын кезекті байқаулардың бірі іспетті болды.

Сол тұста облыс әкімдігінде қатардағы инспектор ретінде қызмет атқарып жүрген Сағыныш Нұрқымбаев іріктеудің бірінші кезеңі - логикалық есептерді шешуге біраз уақыт дайындалған көрінеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі тиіс жобаны қорғау кезеңі қиын бола қойған жоқ. Себебі студент кезінде жел генератор станциясын орнату жобасын бірнеше сайыста сәтті қорғап, желден энергия алудың жолдарын терең зерделеген болатын.

- Эссе жазу кезеңінде кез келген тақырып түсуі мүмкін. Соған қатысты көзқарасты білдіріп, оны жан-жақты ашып, басқа мәселелермен салыс-тырып, жағдайды шешу жолдарын ұсынып, қорытынды жасаған адам ұтады. Яғни, белгілі бір жайтқа байланысты ой-пайымыңды білдіру аса маңызды. Бұл ретте құзыреттілікті бағалау кезеңі есімде ерекше сақталып қалды. Себебі бұл сынақ әдеттегідей онлайн форматта емес, Нұр-Сұлтан қаласында топтық жұмыс барысында өтті. Әр түрлі сала мамандары сырттан бақылап, адамдармен бірлесе қалай әрекет етеріңді бағалайды. Ал топтарға сан алуан тапсырма береді. Мәселен, біз белгілі бір бюджеттік қаражатты ескі спорт кешенін жаңғыртуға жұмсаған тиімді ме, әлде жаңа нысанды салу ұтымды ма деген тақырыпты сарапқа салып, оң және кемшін тұстарын ұсындық. Жалпы, мұндай іріктеу барысында уақытты оңтайлы пайдалану, тереңнен ойлау мен өзіңді сенімді ұстаудың маңызы зор. Тапсырмаларды орындауға шектеулі уақыт берілетіндіктен, тез шешім қабылдау қажет, - дейді С.Нұрқымбаев.

Павлодарлық жас мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігі жоғары бағаланып, 300 жеңімпаздың қатарынан табылды. Басқа өңірлерден, Ұлттық экономика министрлігінен ұсыныстар түскеніне қарамастан, қызметтік жолын өзі туып-өскен өңірде жалғастыруды құп көрді.

- Мемлекеттік қызметші үшін өңірлік деңгейде тәжірибе жинау аса маңызды. Сондықтан облыс аумағынан басқа жерде еңбек етуді ойлаған жоқпын. «Президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазымын» деп жоғары лауазымды қызметтерді де сұрамадым. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымы босаған соң ел қатарлы жалпы конкурстан өтіп, қызметке қабылдандым. Әлбетте, еліміздің үздік 300 жас маманының тізіміне қосылу - жоғары мәртебе. Бірақ бұл дәреженің жұмыс барысында ешқандай артықшылығы жоқ. Яғни, «Мен - жеңімпазбын» деп қол қусырып отыруға болмайды. Керісінше, жауапкершілік жүгі еселене түседі. Себебі, ел билігі мен тұрғындардың, оның ішінде кәсіпкерлердің сенім үдесінен шыға білу керек. Біздің облыс еліміздің индустриялық орталығы саналатындықтан, өндірісті дамы-туға баса назар аударылады. Маған жүктелген негізгі міндет - жаңа кәсіпорындардың ашылуы, инвестицияның тартылуы, қазіргі өнеркәсіп орындары жұмысының тұралап қалмауы үшін тынбай еңбек ету, - дейді С.Нұрқымбаев.

Сағыныш Маратұлының сөзінше, мемлекеттік қызмет тұтас өңірдің ғана емес, өзіңнің де дамуың үшін жұмыс істеу дегенді білдіреді. Бұл сала жастарды тәртіпке, тиянақтылыққа, төзімділікке үйретеді. Сондықтан замандас-тарын мемлекеттік қызметшілер сапын толтыруға шақырады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.



Количество показов: 602

Возврат к списку