Спорт музейі ашылды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Спорт музейі ашылды 02.03.2021

Спорт музейі ашылды

Облыс орталығында бірегей спорт музейі ашылды. Онда танымал спортшылардың заттары жинастырылған. Ең бағалысы – атақты палуан Қажымұқанның 36 келі тартатын кір тасы.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Спорттық даңқ музейін ашу идеясы бұрыннан бері айтылып жүрген-ді. Бірақ, одан да маңызды шаруалар көсе-көлденең шығып, сәті түспей қойған еді. Жақында облыс әкімдігі мен өңіріміздегі спорт саласына жауапты мамандар көптен күткен игі істі жүзеге асырды. 
Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернаты колледжі директорының орынбасары Марал Ахметованың айтуынша, музейге жәдігерлерді жинау жұмыстары 2-3 ай бұрын ғана басталыпты. Десе де, аз уақыттың ішінде 500-ге жуық құнды заттар жиналған.
- Мұнда 18 олимпиадалық спорт түріне қатысты заттар жинақталған. Атап айтсақ, жергілікті спортшылардың кубок пен медальдары, тұтынған заттары, фотосуреттер және тағы басқа бағалы жәдігерлер сақталған. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары қолданылған классикалық шаңғы роллері де бар. Әрине, ең бағалысы – Қажымұқан атамыз көтерген кір тасы. 1921 жылы атақты палуан Баянауыл ауданына қонаққа келеді. Сол уақытта ол өзінің палуан досы Сыздыққа өзі жаттығатын кірін сыйға тартқан екен. Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Зейнолла Сыздықовтың балалары осы спорт құралын біздің музейге тапсырды, - дейді М.Ахметова.
Алдағы уақытта музей кеңейтіліп, үш залдан тұрмақ. Футболға арнайы бөлме қарастырылмақ. Футбол демекші, музейде аймақ футболына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан құрамасының тұңғыш капитаны, «Ертіс» сапында рекордтық 440 матч өткізген Ойрат Сәдуовтың спорттық аяқ киімі де орын тапқан. 
Музейді құнды жәдігерлермен қамтамасыз еткендердің бірі - «Екібастұз» футбол клубының директоры Ғалым Бәйкен. Ол Нилтон Мендес, Самат Смақов, Виктор Зубарев және тағы басқа футболшылардың қолтаңбалары бар «Ертістің» 1999 жылғы шарфын сыйлады. 
Музей Академик Марғұлан көшесі, 102-үй мекенжайында орналасқан. Карантинге байланысты музейге келу үшін 8 (7182) 22-55-02 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылу керек. Музей қала тұрғындары және қонақтары үшін тегін жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Суреттерді түсірген - Константин Шелков.


Количество показов: 111

Возврат к списку