Спорт нысандары көбейеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді

Халықтың денсаулығы - елдің дамуы үшін страте-гиялық маңызы бар мәселе. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту керектігін айқындаған еді. Әсіресе, балаларға үйірмелердің қолжетімді болуын қадағалаған жөн. Аймағымызда бұл бағыттағы жұмыстардың барысы қалай? Сауалымызға облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасының басшысы Рахметолла Қасқырбаев жауап берді.

- Рахметолла Мәкенұлы, аймағымызда тұрақты түрде спортпен айналысатын азаматтар  аз емес. Тұрғын-дарды қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
- Бүгінде 230 мыңнан аса павлодарлық бұқаралық спортпен шұғылданады. Бұл – жалпы тұрғынның 31 пайызы. Әрине, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін инфрақұрылым мәселесін мықтап қолға алып, жаңа нысандардың салынуы маңызды. Материалдық-техникалық базаның әлсіздігі ауылдық елді мекендерде бұқаралық спорттың дамуына тежеу болатыны сөзсіз. Өңірлердегі спорт нысандарының саны әлі де болса көбейтуді қажет етеді. Осы орайда, бұл бағыттағы жұмыстар кестеге сай атқарылуда. Әсіресе, соңғы жылдары ауылдық жерлерде спорттық ғимараттар бой көтеруде. Жөндеу қажет етіп тұрған нысандар жаңаруда.
Бұқаралық спортты дамытудың бірден-бір жолы – мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының спорт залдарында жаттығуға мүмкіндік жасау. Яғни, салауатты өмір салтын ұстанған адам міндетті түрде ірі спорттық нысандарды жағалау қажет емес. Мектептер мен колледждердегі, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы спорт залдарын сабақтан тыс уақытта көпшіліктің пайдалануына рұқсат. Қала берді, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, саябақтарды жабдықтау – маңызды. Соңғы жылдары саябақтарда, қала көшелерінде бірқатар Street Workout, стритбол алаңдары көптеп салынғанын атап өткен жөн. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар және жасөспірімдер спортын дамытудың кешенді жоспары сәтті жүзеге асатын болса, зор нәтижелерге қол жеткізілетініне сенім мол.
- Былтыр карантиндік шектеулерге байланысты аймағымызда спорттық шаралар өткізілмегені белгілі. Есесіне, спорттық нысандарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылым бағытында атқарылған шаруалар аз болған жоқ...
- Иә, былтыр 40 спорт нысаны кестеге сай жөндеуден өтті. Әрине, ғимараттарды жаңартуда мемле-кеттік бағдарламалардың үлесі зор. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 29 жоба, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 
11 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, жаңадан 14 нысан іске қосылғанын атап өткен жөн. Павлодар және Ақсу қалаларында, Ленин кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылса, Павлодар ауданы Ольгинка ауылында спорт кешені, Тереңкөл ауылында хоккей корты, қала берді, көптеген елді мекендерде шағын футбол алаңдары пайдалануға берілді. Биылға жоспарланған ірі жобалардың бірі – Ақсу қаласында мұз сарайын салу. Сондай-ақ Ертіс және Шарбақты аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтереді.
- «Спорт сити» жобасының тағдыры қалай болады?
- Бұған дейін футбол манежі пайдалануға беріліп, жеңіл атлетика залының құрылысы тоқтап қалған болатын. Бүгінде құрылысты аяқтауға инвесторлар тартылуда. Бұдан бөлек, «Спорт сити» қалашығында мұз кешені мен жекпе-жек сарайының құрылысы жүргізілуде.
Жабық футбол манежі аз уақыттың ішінде командалардың жаттығу алаңына айналды. Онда «Екібастұз» футбол клубынан бастап, әуесқой футбол ұжымдары доп тебуде. Жалпы, соңғы 3 жылда аймағымызда заманауи талаптарға сай 20-дан астам футбол алаңы салынғанын атап өткен жөн. Жаңа алаңдардың салынуы жүктемені төмендеткені сөзсіз.
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 77

Возврат к списку