Ұстаз парасаты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ұстаз парасаты 01.03.2021

Ұстаз парасаты

Сарыарқаның құтты мекені саналатын Кереку өңірі – «ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған», парасаты мен пайымы өре шапқан біртуар азаматтарға, танымы терең тұлғаларға бай мекен. Ұстамы берік ұстаз, қаламы жүйрік жазушы, ел тірегі болар қоғам қайраткері, әділет пен махаббаты мол ғалым, салымы саңлақ спортшы, ақыл, ғылым, ар, мінезбен озған ағартушылар өңір өресін кеңейтіп, елдің ертеңіне жол салғаны мәлім. Мұны бірі білсе, бірі білмес. Ел есінде қалуы тиіс мұрағатты үздіксіз айту, жазу – бізге міндет!

Қазақта балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» дейтін. Бүгінде ұстазға деген қадір-құрмет, мұғалім беделін қайта қоғамда мықтап көтеру мәселесі қызу қозғалып келеді. Бұл беталыс елімізде «Педагог мәртебесі туралы заңның» қабылдануымен байланысты. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты кәсіби кұзіреттілігі жоғары, білікті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын артуда. Осыған байланысты «Педагог мәртебесі туралы заңның» жүзеге асырылуы кезең-кезеңмен күшіне еніп, мұғалімдерді кертартпа орынсыз жұмыстардан босатып, есесіне, ұстаздардың педагогикалық шығармашылыққа ұмтылуына мүмкіндік берді. Ұстаздар қауымы мен қоғам игілігі үшін жасалып жатқан мұндай үрдіс еліміздің білім беру жүйесінің тарихында кездеседі. Бұған көрнекті ұстаздардың өмірі мен шығармашылығы куә.

Бүгінде Қазақстандық ұстаздар қауымы Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалім, Социалистік Еңбек ері, педагогика ғылымының кандидаты, педагог-әдістемеші, ғалым Рафиқа Бекенқызы Нұртазинаның 100 жылдық мерейтойын құрметпен атап өтуде!

Рафиқа Бекенқызының білім жолы 1939 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінен бастау алып, 1947 жылы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде жалғасын табады. Араға 10 жыл салып 1949 жылы орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Сонау 1939 жылдары 18 жастағы үрімдей қыз бала Алматы қаласындағы №30 орыс мектебінде қазақ және неміс тілі мұғалімі болады. Ұлы Отан соғысы басталғанда оқуын уақытша тоқтатып, №75 мектепке мұғалімдікке барып, қан майданға кеткен мұғалімдердің орнын басады.

Рафиқа Бекенқызының есімі Алматы қаласындағы ұлт мақтанышына айналған №12 қазақ орта мектебімен байланысты. 1968-1987 жылдар аралағында қызметін аталмыш мектептің директоры ретінде жалғастыра отырып, бүгінде есімдері елге танымал көптеген азаматтардың түлеп ұшуына жағдай жасаған. Рафиқа апамыздың мектеп қабырғасында өткізген жылдарында білімі мен еңбекқорлығы арқасында әзірлеген жаңа әдістері, ұстаздық көкжиегі Қазақ ССР-і үшін алдыңғы шептегі нәтижелердің көрінісі болды. Мектеп ұжымының тәжірибесі, әр түрлі деңгейде жасалған сабақ үрдістері, классикалық әдебиетті меңгертуге бағытталған ұшқыр ойлары әлемдік деңгейде өз бағасын алған. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық ассоциациясында жасаған баяндамалары Кишинев, Ташкент, Мәскеу, Берлин, Прага, Будапешт қалаларына қанат жайғаны белгілі.  

Болашаққа айқын жол сілтеген ақылшы, жетекші бола білген Р.Б.Нұртазинаның мейірімге толы сара жолы әр шәкіртін тәртіпке баулып, есейтті. Мұғалімге тән азаматтық борышының ізі  мыңдаған шәкірт жүрегіне «сүйікті мұғалім»  деген құрметпен орнықты. Оның мәдениетті тіл орамы, жинақы іс-әрекеті, жан-жақты білімі, ізденіс үстінде өткен күндері, мамандығына дақ түсірмеу үшін еңбек еткен шыдамдылығы мен шеберлігін әріптестері мен тәлімгерлерінің қай-қайсысы болсын аса бір сүйіспеншілікпен еске алады. Ортаймақ құрметке ие ұстаз бейнесінің кескіні табиғи болмысынан, Рафиқа апамызды дүниеге әкелген ортаның далалық қазынасынан, туған жер топырағының тылсым танымынан дарыған ба дерсіз?!

Ұстаз бейнесі ел ішіне 1989 жылдары Қазақ радиосы арқылы жол тартты. Бүгінде Қазақ радиосының алтын қорында сақталған, қазақ тілін меңгертуге бағытталған әрі қарапайым тақырыптарды қамтыған «Таня мен Болаттың» сұхбаты негізінде құралған радиосабақтардың иесі - біз тілге тиек етіп отырған Рафиқа Бекенқызы. Мемлекеттік телерадио комитетінің тапсырысы негізінде жарыққа шыққан 101 сабақтан тұратын «Қазақша сөйлейік» еңбегінің орны бір төбе. Ізінше жарық көрген «Мирастың кітабы», «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын!» сынды көркем еңбектердің құны өміршеңдігімен ерекшеленеді. Әуезді үн, мейірімді тілдесім, қарапайымдылық сияқты Рафиқа апамыздың мінез ерекшелігіндегі  ерекше қасиеттері де қазіргі заманның әдістемешісіне аса қажет деп есептейміз.

Елбасының Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс деп діттеген «Үштұғырлы тіл» идеясының негізі де Р.Б.Нұртазинаның есімімен байланысты. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «..Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп айқындап берген бастамасы көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларда орын алғаны белгілі. Бұл ұстаным іргетасы көрнекті педагог Р.Нұртазинаның «Сабақ жалғасы...» кітабында келтіріледі, 70-жылдардағы мектеп өмірінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жолындағы қиындықтар, кезең-кезеңге тән өзіндік сипаттары мен ерекшеліктерін тізбектеу де Рафиқа апамыздың ерен еңбегінің еншісінде. Осы орайда көптілді білім беру идеясының тарихи сабақтастығына назар аударған жөн. Қазіргі кезде ағылшын тілі қарқынды дамып, қоғам өмірінде тиесілі жемісін беріп жатса, сол жолда еңбек еткен педагог-ұстазға мың алғыс!

Бүгінгі білім ошағымыз, Қазақстандағы педагог мамандар дайындайтын Павлодар педагогикалық университетінде білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, көптілді білім беру тұжырымдамасы, педагогикалық білім беруді жаңғырту бағдарламасы сынды құжаттарын іске асыру барысында үш тілді қолдануға дайын мұғалімдер мен оқытушыларды озық даярлаудың нақты мүмкіндіктері айқындалған, стандарттар мен жаңартылған оқу бағдарламалары ойластырылған және тәжірибе барысында да табысты көрініс табуда. Университеттегі көптілді білім беруді енгізу нәтижелері де бұған дәлел болмақ. ППУ-дың 440-тан астам түлегі  мектептерге үш тілді меңгерген және оқытудың заманауи инновациялық әдістерін игерген маман ретінде жол тартты. Ғалым-ұстаз  бұл туралы «Сабақтың жалғасы...» еңбегінде былай дейді: «Біздің мектеп тәжірибелік-индикативті немесе сол кезде мектеп-коммуна ретінде құрылды. Ол әр түрлі ауылдардан жиналған балаларға білім мен тәрбие алуға, оларға еңбек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беруді мақсат етті. ...Уақыт өтіп жатыр, біздің өміріміз өзгеруде. Мектеп те өзгеруге тиіс. Қазіргі мектептің болашағы туралы сұрағанда, мен саясатқа, экономикаға, мәдениетке, тарихқа, дінге, заңға, психологияға, компьютерлерге қатысты жаңа пәндерді енгізу қажеттілігі туралы айтамын. Мүмкіндігінше пәндердің бір бөлігі шет тілінде жүргізілуі тиіс. Бұған жаппай қазақ-орыс қостілділігі ықпал етеді, бұл кезде тілдердегі, рухани және материалдық мәдениеттегі айырмашылықтарды балалар түсінеді, бірақ еңсерілмейтін кедергі болмайды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқи отырып, балалар адамдардың ортақ екенін көріп, өздерінің бауырластыққа жататынын көбірек сезіне бастайды». Ұстамы берік ұстаздың айтпақ ойын жақсы түсінген саналы қауым сол бағытта тыныс алуда. Бұған бір ғана дәлел – Қазақстандағы үздік оқу орындарының бірі саналатын Алматы қаласының №12 қазақ орта мектебінің түлектері. Кешегі Р.Б.Нұртазинаның дәрісін тыңдап, қанатын қатайтқан өрендері – дипломатиялық корпус-тарда жұмыс істейтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білетін мамандар, елшілер, кеңесшілер, хатшылар, баспасөз хатшылары, министрліктердің қызметкерлері. 

Павлодар педагогикалық университетінде 2018 жылдың 20 сәуірінде Рафика Бекенқызы Нұртазина атындағы көптілділік кабинетінің салтанатты ашылуы өткен болатын.Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің қарамағына берілген көптілділік кабинеті бұл күндері оқу процесінде жоғары сұранысқа ие, ал оның көптеген оқу және әдістемелік материалдары Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары, студенттері, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар арасында тұрақты және адал оқырмандарын табады деп сенеміз.
«Жақсының - аты, ғалымның хаты өлмейді». Ә.Нұршайықовша айтсақ, «...қара тасты қақ жарып, шыңға шыққан еңлік гүлдей, қазақ әйелдерінен ұстаз-ғалым, ұстаз-жазушы, ұстаз-қайраткер болып, қоғамның биік баспалдағына көтерілген аналардың бірі де, бірегейі де осы – Рафиқа Бекенқызы». Даңқты ұстаздың 100 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Павлодар педагогикалық университетінің бастамасымен 1-9 наурыз аралығында «Заманауи әлемдегі мектеп – мұғалім – инновация» атты Бірінші Халықаралық педагогикалық оқулары өтеді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Армения, Словакия, Америка, Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мен педагогтері, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының Қазақстан қоғамдық бірлестігі (КАЗПРЯЛ), «ALTAIR» балалар кітабы академиясы, «Ресейлік жоғары оқу орындарының түлектері» Қазақстан қоғамдық бірлестіктері қатысады. 
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі» (М.Жұмабаев). Бұл - көптеген жылдар бойы жарқырайтын, ағартушылық әлеміндемәңгі сақталатын, адам бойындағы ең жақсы, рухани және адамгершілік ізгі қасиеттері негізінде сәуле шашқан «Ұстаз парасатына» ие Рафиқа Бекенқызы Нұртазина сынды жолбасшы тұлғаларға тән тағылым.

Жанбол  ЖИЛБАЕВ,
«ППУ» КЕАҚ басқарма 
төрағасы – ректор. (2022)


Количество показов: 119

Возврат к списку