Суды сағаттап күтеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Суды сағаттап күтеді

Мәмәйіт Омаров ауылдық округіне қарас-
ты Еңбек елді мекенінің тұрғындарын таза ауызсу мәселесі әбден титықтатты. Әр аулада тұрғындардың өздері қазып алған құдықтан шығатын су тамаққа пайдалану түгілі кір жууға жарамайды. 2019 жылы ауылда орталықтандырылған су желісінің құрылысы басталған тұста жергілікті жұртшылық «сапалы суға қол жеткізер уақыт таяу» деп қуанған еді. Содан бері арада екі жыл өтсе де таза ауызсумен қамту мәселесі сол күйі шешілмей келеді. Ол аздай, кешенді блок-модуль соңғы уақытта жиі істен шығатын болды. Соның салдарынан жаңа жылдың алғашқы күндері Еңбек ауылының тұрғындары бірнеше күн бойы сусыз қалды. 
- Бүгінгі күні таза ауызсуды алар жалғыз орнымыз - осы блок-модуль. Ол істемей қалса,  Ақсуға жол түсетін көрші-қолаң, ағайын-туыстардың көлігіне ыдыстарымызды салып жіберіп, «Қаладан су қашан келер екен?» деп солардың жолына қарайлаумен отырамыз. Ауламыздағы құдықтың суы тек мал суаруға жарайды. Ал орталықтандырылған құбырдың құрылысы биыл бітіп, үйді-үйге тартылады дегеннен баяғыда-ақ күдер үзгенбіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын көшелердің қақ ортасында қазылған шұңқырларға салынған құбырлар сол күйі жатыр, - дейді ауыл ақсақалы Атшыбай Манай. 
Еңбектегі кешенді блок-модуль істен шықса, көршілес Мәмәйіт Омаров ауылының тұрғындары да қараң қалады. Бұл елді мекенге былтыр орталықтандырылған су жүйесі жүргізілгенімен, ол да күнделікті пайдалануға жарамсыз көрінеді. Сондықтан бірнеше шақырымда жатқан Еңбек ауылына барып, ыдыстарын суға толтырып әкелуден басқа амал болмай тұр. Кешенді блок-модульдің суын тұтынушылардың қатары көбейген соң кезектің де ұзын-сонар болары түсінікті. Тұрғындар су алу үшін далада екі-үш сағат бойы ыдыстарын арқалап, күтіп тұрады. Ал блок-модуль сағатына небары бір текше метр суды тазартады. 40 литр таза судың бағасы - 30 теңге. Ол үйлі-баранды кейбір отбасыларға бір күнге де жетпейді. 
Жергілікті билік ауылдағы ағайынға салмақ салып отырған бұл мәселеден хабардар. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың айтуынша, құбырдың құрылысы былтыр аяқталып, биыл тұрғындар судан тарықпауы тиіс еді. Бірақ әуелде жұмысты қолға алған алматылық компания өз міндеттерін дұрыс атқармай, жұмыс жарты жолда тоқтап қалған. Енді істі басқа мердігерлер жалғастырады. 
- Бүгінде су тазарту қондырғылары жеткізілді. Енді оларды орнатып, іске қосатын арнайы мамандар келуі тиіс. Әу баста бұл жұмыс 10 қаңтарға дейін бітуі керек еді. Бірақ мердігер компания қызметкерлері түрлі себепке байланысты Еңбек ауылына жете алмай жатыр. Сондықтан орталықтандырылған су жүйесінен таза ауызсуды алар сәтті тағы бірнеше күн күтуге тура келетін түрі бар. Әзірге тұрғындар суды кешенді блок-модульден ала алады. Қазіргі уақытта бұл модуль еш қиындықсыз жұмыс істеп тұр. Кемшін тұстар болып жатса, Ақсу қаласынан су тасымалдау ұйымдастырылады. Жалпы, бұл мәселе біздің тұрақты бақылауымызда, - дейді Б.Ыбыраев. 
Бірақ тұрғындар тиісті жұмыстардың таяу уақытта аяқталарына күмәнмен қарайды. Көршілес ауылдағы жағдай қайталанып, орталықтандырылған жүйедегі су жарамсыз болып қала ма деп те қауіптенеді. Көпшіліктің күмәні мен күдігі шынға айналар-айналмасын уақыт көрсетер. Ал оған дейін кешенді блок-модульден су алуға келген ағайынның қарасы азаймасы анық.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА 

Количество показов: 39

Возврат к списку

Раздел не найден.