Суық вагон, ұзақ жол...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол... 23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...

1944 жылдың 23 ақпаны мен 9 наурыз аралығында 650 мың азамат Ингушетиядан еріксіз көшірілді. Жер аударылған 85 мың отбасы Қазақ жеріне түпкілікті қоныстанды. Сол бір ауыртпалық кезеңнің ащы дәмін татып, соғыстың қасіретін көрген шешен-ингуш халқы өкілдерінің Павлодар өңіріне қоныстанғанына бүгін 77 жыл толып отыр. 



Шешен-ингуштер де - тотали-тарлық жүйе кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың бірі. Бір-ақ күнде халық жауына айналып, өзінің Отанын, ағайын-туысын тастап кетуге мәжбүр болған 85 мың отбасын сол кезде Қазақстанның әр өңіріне бөліп жібереді. Солардың 8 мыңға жуығы Павлодар жеріне табан тіреді. Сол кезде депортацияның құрбанына айналғандардың бірі Гилани Садулаевтың ата-анасы еді. 
- Сол бір зұлмат заманды біз көрмедік. Бірақ біздің ата-анамыз бен бір туғандарымыз, халқымыз басынан өткерді. Үлкендер өмірден өткенше естеріне алып, еңіреп отыратын еді. Естуімізше, оларды бір-ақ күнде жинап-теріп, қақаған аязда мал таситын суық вагондармен Қазақстанға және Орталық Азияға жер аударған екен. Әкем: «Жол өте ауыр болды. Суық пен аштыққа шыдамай, жолда көптеген адамдар, оның ішінде қариялар, жас балалар мен әйелдер қайтыс болды» деп еске алып, айтып отыратын, - дейді Г.Садулаев.
Г.Садулаевтың айтуынша, жер аударылған ата-анасы Павлодар облысының қазіргі  Аққулы ауданы Қызылқоғам ауылына келген. Сонда ғұмырының соңына дейін тұрып, қазақ отбасыларымен бір туғандай болған.
- Депортация басталған уақытта менің әкем 20 жаста, ал анам небары 15-16-да ғана болған екен. Кейін әкем бір жарым жыл әскер қатарында болады. Азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін менің анаммен отау құрады. Өз Отанынан таппаған тыныштық пен бақытты Қазақ жерінде көрген олар 10 перзенттің ата-анасы атанды. Әкеміз бақташы, құрылысшы, кейінгі 20 жылында шаруа болып қызмет етті. Әкей 1981 жылы жүрек ауруынан қайтыс болса, анамыз 2006 жылы өмірден өтті. Қызылқоғам ауылын 1994-1995 жылдарға дейін мекен еттік. 
Кейіннен облыс орталығына көшіп келдік. Бірақ әлі күнге дейін ауылдастарымыз қалаға келгенде біздің үйге ат басын бұрмай кетпейді, - дейді ол.
Бүгінде өзі де екі перзенттің әкесі атанған Г.Садулаев қиын кезде бір үзім нанды бөлісіп жеп, аядай ғана бөлмесінен орын берген қазақ халқына дән риза.
- Әкем әрдайым бізге: «Егер біз Қазақстаннан басқа жерге депортацияланғанымызда аман қалуымыз екіталай еді. Себебі, бізге қазақтар ішер асынан бастап, киер киімі мен баспанасына дейін бөлісті. Бізді өзге ұлт демеді. Бауырына басты» деп айтып отыратын. Шындығы сол, нәубет заманда адам жанына арашашы болып, жылағанның көз жасын сүртіп, барымен бөліскен Қазақ халқына қанша алғыс айтсаң да жарасады. Ата-анамыз өмірлерінің соңына дейін алғыс айтып, «бізді құтқарған қазақтар» деп құлағымызға сіңіріп келді, - дейді Гилани.
Қазір аймағымызда шешен-ингуш халқының 4 жарым мыңға жуық өкілі тұрып жатыр. Олар барлық салада қызмет етіп, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуда. Тіпті, қазақ тілін меңгеріп, оның салт-дәстүріне дейін өз қолданысына енгізуінің өзі табан тіреген жеріне деген құрметі болса керек.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.


Количество показов: 35

Возврат к списку