Түгендесек, төбедегі келеді...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Түгендесек, төбедегі келеді... 29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...

Елімізде төрт түліктің саны өскен сайын жайылымдық жерге деген сұраныс арта түсуде. Бұрындары бұл мәселе оңтүстік өңірлерде өткір саналса, соңғы уақытта Павлодар
облысында да ара-тұра проблеманың шеті шыға бастады. Не десек те, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану маңызды.

Оралхан ҚОЖАНОВ


 Банк «бақылауында»

Бұл ретте, соңғы жылдары аймағымызда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстары жүйелі жалғасуда. Мәселен, жыл басынан бері 480 мың гектар алқаптың кәдеге жарамай тұрғаны анықталған. Облыстық қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Арман Бекбосыновтың айтуынша, биыл алғашқы
жартыжылдықта 92 мың гектар жер мемлекет менші-гіне қайтарылыпты.

- Ескертуді елеген меншік иелері 44 мың гектар жерді игеруге көшті. Десе де әлі күнге дейін 340 мың гектар жер пайдаланылмай тұр. Игерілмеген жерлердің ең көбі Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Тереңкөл аудандары мен Ақсу ауылдық аймағында орналасқан, - дейді А.Бекбосынов. Ақтоғай ауданында бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәбит Қаратаевқа хабарластық. Оның айтуынша, ауданда 977800,9 гектар жер бар. Оның 911673 гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.

- Алқаптың негізгі бөлігін жайылым (72 пайыз) алып жатыр. Жыл басынан бері пайдаланылмай тұрған 47 жер учаскесі (53,3 мың гектар) анықталды. Тиісті жұмыстардың нәтижесінде 27 жер иесі жерді игере бастады. 3 кәсіпкер («Ақтоғай Ертіс» ЖШС – 241 га, «Илья» ШҚ – 140 га, «Алтай Қарпық» ШҚ – 5600 га) жерді мемлекетке қайтарып берді. Бүгінде 16 жер иелеріне қатысты ісқағаздар жауапты органдарға жіберілді, - дейді Сәбит Қаратаев. Өңірде бос жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану жұмыстары жүйелі жалғасуда екен. Атап айтсақ, соңғы рет 2 конкурс ұйымдастырылып, 43,7 мың гектар жер айналымға енгізілген. Жердің пайдаланылмауының бір себебі – оны кепілдікке қойған азаматтар банк алдындағы берешегін төлей алмай, банк жерді «қамауға» алған. Бұл – барлық аудандарға ортақ мәселе. Сәбит Қаратаевтың айтуынша, жыл басында қаржылық ұйымдарда кепілдік ретінде 21 мың гектар жердің тұрғаны анықталған. Бүгінде «Агроэксперт Қазақстан» серіктестігі «Қабиден» ШҚ және жеке сот орындаушысымен үшжақты келісімге келіп, жерді сату жұмыстары қолға алынып жатқан көрінеді. Әйтпесе, 18,4 мың гектар жер 2016 жылдан бері банктің «бақылауында» тұр екен.

- 2013 жылға дейін елімізде бұл бағыттағы жұмыстармен айналысатын жауапты орган жұмыс істеді. Кейін қысқартуға ұшырап, инспекция болды ма, әйтеуір шаруаның астан-кестеңі шықты. Нақты жауапты мекеменің, нақты заңның жоқтығынан қаншама жер игерусіз жатыр. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ілгерілеушілік байқалады. Айтпағым, бұрынғыдай жауапты мекеме бекітілмейінше, оң нәтижеге қол жеткізу қиын, - дейді Сәбит Қаратаев. Игерілмей жатқан жері көп өңірлердің бірі – Железин ауданы. Аталған ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Наталья Тупицинаның мәліметінше, жыл басынан бері 4663,09 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Ендігі жерде заң жүзінде конкурс ұйымдастырырылып, аталған жерлер қолынан іс келетін кәсіпкерлерге үлестірілмек.

- Бүгінде «Толымбек» шаруа қожалығының 11473 гектар жері банкте кепілдік ретінде тұр. Оны сот арқылы реттеу үшін «Қазақстанның Халық банкі» басшылығымен келіссөздер жүргізілуде. Жалпы, арнайы мониторинг топ өкілдері ауылдық округтерге шығып, пайдаланылмай тұрған жерлерді анықтауға белсенді атсалысуда. Бұл ретте, жалпы аумағы 9,9 мың гектар құрайтын жер иелеріне ескерту жасалды, - дейді Наталья Тупицина.

 

Жайылым жайы оңбай тұр

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді түгендеу жайлы сөз қозғалса, жайылым мәселесі алдан шығатыны түсінікті. Жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын жер де тарылғаны жасырын емес. «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермат Байғұрмановтың айтуынша, «Жер шетелдіктерге сатылмайды!» деп қуану бір бөлек, барымызды ұқсату жағын ойлас-тыру да керек.

- Аймағымызда пайдаланылмай бос жатқан жерлер көп. Мысалға алсақ, Май ауданында 1 миллион 700 мың гектарға жуық алқап бар. Оның 80-90 пайызы - жайылым жерлер. Өкінішке қарай, жерлер мақсатты игерілмей, бос тұр. Ауыл шаруа-шылығы саласын дамыту үшін ауылға инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу қажет. Австрияда 1 адам 10 мың бас қойды бағады, ал бізде 10 адам 10 мың қойды баға алмай отыр. Себебі, ауылдағы ағайынға жағдай жасалмаған. Салдарынан жастардың қалаға көшуі толастамай тұр, - дейді Е.Байғұрманов. Жалпы, бүгінде елімізде 187 миллион гектар жер мал жайылымы ретінде тіркелген. Өкінішке қарай, оның 80 миллион гектары ғана игерілген, яғни, 43 пайызы қолданыста. Салдарынан төрт түлікті түлетіп отырған ауылдағы ағайынға жайылым жерлер жетпей отыр. Малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады. Осылайша, ауыл маңайындағы 15-20 шақырымға дейінгі жерлер азып-тозып, табиғи өнімділігі жыл сайын төмендеп келеді. Тіпті, зоогигиеналық ахуал да шиеленісіп, мал арасында аурулардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Аталған факторлар толыққанды мал өнімдерін алу мүмкіндігін азайтып, саланың дамуына кері әсерін тигізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында да бұл проблема көтеріліп, жерді түгендеу жұмыстарын жеделдетуге тапсырма берілген еді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары жайылымға түсетін жүктеме нормативтері мен аудандар, ауылдық округтер, нақты шаруашылықтар бөлінісінде ауыл шаруашылығы жануарларының санын салыстыру арқылы жайылымдардың пайдаланылуын талдау жүйелі жүргізіліп келеді. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сайлау Оразбаевтың айтуынша, шалғай жерлерде жайылым алқаптарын қолданысқа енгізу маңызды.

- «Жайылымдар туралы» заң жобасына сәйкес, әр ауылдық округтің табиғи-климаттық ерекшеліктерін, тарихи қалыптасқан мал жаю дәстүрін ескере отырып, ауылдық округ және аудандық әкімдіктермен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар әзірленген. Жоспарда ауыл округінің мал жайылатын жайылымдарының көлемі анықталады, оның нормадан тыс пайдаланылатын жерлерін, жері бар, бірақ мал бағылмай бос жатқан жердің иелерін анықтап, сол арқылы жайылымдық жерлерді, жайылым пайдаланушылар мен жер иелері арасындағы жағдайды реттеп, нормативтік талаптарға сәйкестендіреді. Бір айта кетер жайт, малы бардың бағатын жері жоқ, ал жері бардың малы жоқ. Осы теңсіздіктерді шешу үшін ауылдың маңайындағы жерлер ұсақ малдардан, жылқылардан босатылып, тек қана сауын малға «қалдыру» көзделген. Ауылдық округтердегі жерлердің көбін ЖШС, АҚ, ӨК, орман және су шаруашылығы мен айрықша күзетілетін аймақтар кәсіпорындары жалға алғаны белгілі. Бұлардың көбінде мал жоқ. Бірақ малы бар шаруаларды жоғарыда айтып кеткендей өз жеріне жібермейді, өйткені жерді 49 жылға жалға алған. Алдағы уақытта заң аясында бұл қарама-қайшылық шешімін табады деген сенімдемін, - дейді С.Оразбаев. Қорыта айтсақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстары жүйелі жүргізілсе, жайылым мәселесі де оң шешімін таппақ.

 


Количество показов: 145

Возврат к списку