Тұмауға қарсы тұрыңыз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Тұмауға қарсы тұрыңыз! 11.09.2021

Тұмауға қарсы тұрыңыз!

15 қыркүйектен бастап облыста тұмауға қарсы екпе егу шарасы басталады. Өңірге аталмыш вакцинаның 168 мың 800 дозасы бөлінген. Бүгінде тұмауға қарсы Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 71 мың 526 дозасы жеткізілген. Алдағы аптада тағы 28 мың доза түседі деп күтілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Айдар Сейітқазинов мәлім етті. Оның сөзінше, вакцина алдымен медициналық қызметкерлерге, жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, жиі ауыратын, созылмалы, жүрек, өкпе, тыныс жолдары дертіне шалдыққан балаларға, созылмалы аурулары бар ересек адамдарға, жүкті әйелдерге салынады. Осы тізімге жатқызылған тұрғындар екпеге белсенді қатысуы тиіс. Оларға вакцина тегін салынады. Жалпы қоғамда тұмауға қарсы тұрақты иммунитет құрау үшін халық санының кем дегенде 10 пайызы екпе алулары қажет. Ал коронавирусқа қарсы екпе алғандар, қауіпті кеселмен ауырғандар тұмауға қарсы вакцинаны салдыра ала ма?

- Егер адам коронавирус індетінен емделіп шықса, 2-3 ай көлемінде тұмауға қарсы вакцинаны алмағаны дұрыс. Өйткені ағзасындағы иммунитет қалыптасып үлгеруі тиіс. КВИ мен тұмауға қарсы екпе екі бөлек препарат. КВИ-ге қарсы екпе алғандар тұмауға қарсы вакцинаны да қабылдауы қажет. Себебі ағзада екі індетке қарсы антидене қалыптасуы керек. Тек коронавирусқа қарсы салдырған екпеден кейін кемінде бір ай уақыт өтуі керек. Содан кейін ғана тұмауға қарсы препаратты қабылдауға болады, - деді А.Сейітқазинов.

Брифинг барысында Айдар Кенжетайұлы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, 9 қыркүйек күні облыста 229 адам коронавирус жұқтырған. Стационарда 1078 науқас ем қабылдауда. Төсек-орын жүктемесі 34,8 пайызды құрап отыр. Өкінішке қарай, жан сақтау бөлімінің жүктемесі әлі азаймай тұр. Бүгінде 111 науқас аталмыш бөлімде жатыр. Яғни, жансақтау бөлімінің жүктемесі 42,5 пайызға тең.

- Облыста КВИ жұқтырушы-лардың саны біртіндеп азайып келеді. Бірақ эпидемиялық жағдай тұрақты деп айта алмаймыз. Науқастардың қатары балаларға байланысты артуы мүмкін деген де қорқыныш бар. Қазіргі уақытта 53 жүкті әйел бақылауға алынған. Оның ішінде 19-ы стационарда емделуде. Оның екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Облыста 170 бала коронавируспен ауыруда. Олардың 44-і стационарда жатыр. Қалғаны амбулаторлық деңгейде бақылауға алынған, - дейді Айдар Сейітқазинов.

Айдар Кенжетайұлының сөзінше, КВИ-ге қарсы екпенің алғашқы дозасын 383 мың 344 адам алса, екінші компонентті 241 мың 699 адам салдырды. Күніне орташа есеппен 1500-2000 адам вакцина салдыруда. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

А.ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 282

Возврат к списку