Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда 20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда

Кеше Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аймақ тұрғындары алдында есеп берді. Дәстүрлі шара биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматқа ауыстырылып, аймақ басшысы өңірлік телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде өңір тұрғындарымен жүздесті. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, атқарылған жұмыстар мен шешімін күткен мәселелерге кеңірек тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. 
VNB_6311.jpg
Тұрғын үй сертификаты көбейеді

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тұрғындар алдындағы есептік кездесуін коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмған жерлестеріміздің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздіктен бастады. Қауіпті індеттің құрбаны болған павлодарлықтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Аймақ басшысы ұзын-сонар баяндамаға, көз сүрінер статистикаға емес, тұрғындардың сұрақтарына көбірек уақыт бөлуді ұйғарған екен. Сондықтан, өз сөзінде өңір дамуының маңызды салаларына қысқаша тоқталып өтті.
Өткен жылы аймақ басшысы өңірдегі өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында 7 басым бағытты белгілеген болатын. Әбілқайыр Бақтыбайұлы әр бағыт бойынша атқарылған жүйелі жұмыстарға жеке тоқталып өтті. 
Біріншісі – тұрғын үй мәселесі. 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артып, сертификаттарды қаржыландыру деңгейі 9 есеге көбейген. Нәтижесінде, кезекте тұрған 1096 адам баспаналы болды. Бұл - 15 жылдағы тұрғын үймен қамту көрсеткішінен 3,5 есеге, ал 2019 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. 
- Биыл да тұрғын үй құрылысы қарқынын төмендетпеуді тапсырамын. Ағымдағы жылы белгіленген санатқа кіретін азаматтарға алғашқы жарна ретінде берілетін 1 тұрғын үй сертификатының құны 1,5 млн. теңгеге дейін артады. Бұл көп адам-
ның жеке баспанаға ие болуына мүмкіндік береді. Осы орайда, жауапты мекемелерге аталмыш бағытта тұрғындар арасында түсін-діру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Көпшілік әлі де мұндай игі бастамалар жөнінде хабарсыз. Сондықтан тұрғын үй сертификаты не береді, оны қалай алуға болатыны туралы егжей-тегжейлі түсіндіру қажет, - деді Ә.Сқақов. 
Екінші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру мәселесі. Бұл ретте аймақ басшысы жұртшылық тарапынан жиі көтерілетін негізгі 3 сұраққа тоқталды. Биыл қыстың көзі қырауда Павлодардағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалып қойған болатын. Бұл оқиға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жылдар бойы қатпарланып келе жатқан мәселелердің «бетін ашты». Аймақ басшысы бұл олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы комиссиялар құрылып, олар пәтерлерді жеке аралап, қиындыққа тап болған жалпы саны 319 үйдің жертөлесіне түсіп, мәселені мұқият зерделегенін атап өтті. Бұдан бөлек, тәуелсіз сарапшылардың да пікірі ескеріліп, жылумен қамту инфрақұрылымын дамытудың жоспары құрылған. Оған сәйкес, биыл Павлодарда ТМ-42 жылу магистралін салу қажет. Бұл Саяжай және Усолка шағын ауданындағы тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл ретте, аймақ басшысы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімдеріне жылыту маусымы аяқталған соң әр тұрғын үй, тіпті жекелей пәтерлерді бақылауға алып, келесі қысқа дейін мәселелерін оң шешуді тапсырды. 
Облыс әкімі Instagram желісі арқылы тұрғын үйлер аулаларының жағдайына қатысты көп шағым түсетінін атап өтті. Былтыр, облысымыздың үш қаласында 185 үйдің ауласын кешенді түрде көріктендіру жұмыстары жүргізілген. Яғни, аулалар жарықтандырылып, жолдары жөнделіп, балаларға арналған ойын алаңдары жабдықталған. Әбілқайыр Бақтыбайұлы қала әкімдеріне осы қарқынды үдете түсіп, кешенді көріктендірілген аулалардың үлесін 70 пайызға жеткізуді жүктеді. 
Аймақ басшысы сондай-ақ ауылдарды орталықтандырылған  су жүйесімен қамту 2023 жылдың соңына дейін толық шешіледі деп жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Кәсіпкерлерге қолдау зор

Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған несие көлемі 1,5 есеге артқан. Мысалы, «Halyk Bank» акционерлік қоғамымен бірлесіп, «Zhas-Halyk.Ertis» кепілсіз несие берудің өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Бизнес ашу және кәсіпті одан әрі дамыту мақсатында жас кәсіпкерлерге 511 миллион теңге берілді. 
- Ауыл кәсіпкерлерінің белсен-ділігі ерекше қуантады. Десе де, жалпы шағын және орта бизнес саласында бірнеше мәселе бар. Карантиндік шектеулердің салдары, жергілікті билік тарапынан аз көңіл бөліну, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының дұрыс ақпа-раттандырылмауы сынды сұрақтар көп. Сауалдарды саралай келе, өңірлік «Business Ertis» бағдарламасын іске қостық. Жауапты мекеме басшыларына осы жүйені белсенді жүргізуді тапсырамын. Бағдарлама көп құжаттың біріне айналып кетпеуі тиіс, - деді облыс әкімі. 
Биыл  20 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның кем дегенде 60 пайызы – тұрақты болуы тиіс. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында тыл еңбеккерлеріне берілетін төлем көлемін екі есеге, Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға, интернацио-налист-жауынгерлерге және өзге де бірқатар санаттағы азаматтарға төленетін бірреттік төлемді 1,5 есеге көбейтуді жүктеді. 

Көпсалалы аурухана салынады

Облыс әкімі тәуелсіз сарапшылармен талқылау жүргізілмей, қоршаған ортаға әсер ететін бірде-бір жоба қолға алынбайтынын айтты. Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы 5 жыл ішінде облыстың қалалары мен аудандарында 420 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылады. Елді мекендерден тыс жерлерде 100 миллионға жуық қарағай көшетін отырғызу жоспарлануда. 
Былтыр жария етілген бесінші басымдық – денсаулық сақтау саласы. Пандемияға байланысты бұл салаға қатысты жоспар күрт 
өзгерді. Бар күш медицина меке-мелерінің мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Аймақ басшысы биыл Павлодар қаласындағы «Достық» шағын ауданында 500 орынға арналған көп салалы аурухана құрылысы басталатынын айтты. Мұндай кең қызметті аурухана 1980 жылдардан бері салынбаған. Сондай-ақ Екібастұз қалалық ауруханасының инфек-циялық бөлімшесі қайта қалпына келтірілмек. 
2020 жылы облыста 8 білім беру мекемесі салынып, қайта қалпына келтірілді. 90–нан астам білім ордасы күрделі жөндеуден өтті. Павлодарда 6 білім ошағы «Заманауи мектеп» облыстық бағдарламасы шеңберінде толық жаңартылды. Аталған жоба алдағы 5 жыл ішінде 85 мектепте осындай жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда. 
Әбілқайыр Бақтыбайұлы биыл талантты және дарынды балаларға сыйақы тағайындауды тапсырды. Бұдан бөлек, «Достық» және «Сарыарқа» шағын ауданында, Павлодарға қарасты Теміржолшылар кентінде жаңа мектептер салынады. Жетекші ауылындағы мектеп құрылысы мен Мойылды мектебіне жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысын аяқтау міндеті тұр. 

«Фермерлік базар» ашылады

Соңғы жетінші бағыт - ауылдағы өмір сүру жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығын дамыту. Өткен жылы аймағымыздағы елді мекендерде 5 аурухана, 44 мектеп, 
16 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, жөндеуден өтті. Ұзындығы 165 километр жол салынып, жөндеуден өткізілді. 26 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауызсумен қамтылды. 
- 2020 жылы Павлодар облысы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірі-сінің көлемі бойынша республикада үздік үштікке енді. Қазақстан бойынша суармалы жерлердің жартысы - біздің өңірде. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы облыс экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік бар. Павлодарда жоспарланған «Фермерлік базарды» ұйымдастыруға басымдық береміз. Онда қолжетімді бағамен сапалы өнімдер саудалануы тиіс, - деді Ә.Сқақов.

Екібастұзға - айрықша назар

Әбілқайыр Бақтыбайұлы баяндама соңында өткен жылы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің шешіміне  тоқталды. Былтыр 79 адамнан сауал түскен. Оның 99 пайызы өз шешімін тапқан. 
Облыс әкімі өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Екібастұз қаласына ерекше 
көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. 
- Мемлекет басшысы қаланың орта мерзімді даму стратегиясын әзірлеу міндетін қойып, көмірге деген сұраныстың төмендегенін 
және осы трендтің күрделенуіне дайын болу қажеттігін атап өтті. 
Биыл Екібастұздағы оқу орталығын біздің бай тарихы мен мықты профессорлық–оқытушылық құрамы бар Торайғыров универ-ситетіне беруді жоспарлап отырмыз, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі тұрғын-дарды ортақ мақсат жолында бірлігімізді нығайта түсуге шақырды.
- Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына аяқ бастық. Осы жылдар ішінде біз басты құндылықтарды – ауызбіршілікті, өзара құрмет пен қайырымдылықты қатар алып келдік. Волонтерлер мен қарапайым тұрғындардың пандемия кезін-дегі ұйымшылдығы осыны тағы растады. Сондықтан, Елбасы іргесін қалаған тәуелсіз елімізде бейбітшілік пен келісім құруға бар күш-жігерімізді саламыз деп сенемін, - деді Ә.Сқақов. 

Тұрғындардың қалауы

Жұртшылықтың сауалдарына жауап беру кезінде облыс орта-лығының тұрғындары айрықша белсенділік танытты. Жұртшылық әкімге сауалдарын бейнебайланыс, әлеуметтік парақшалар, мессенд-жерлер және «109» бірыңғай байланыс орталығы арқылы қойды. 
Көтерілген мәселелердің басым бөлігі коммуналдық жағдай, абат-тандыруға қатысты болды. Мәселен, тұрғындар кейбір көшелер мен қаланың шеткі аудандарында қардың уақытылы тазаланбайтынына, мұздың үстіне құмның дұрыс себілмейтініне шағымданды. Ал кейбір тұрғындар пәтерлерде жылу параметрлерінің сақталмайтынына налыды. Павлов көшесі, 71-үйдің тұрғыны Алина Александрова 
қыс бойы бүрсең қаққанын айтты. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, жауапты орган өкілдері мен мердігер компаниялар жылу параметрлері төмен шағын аудандарды, тіпті нақты мекенжайларды жақсы біледі. Қоғамдық бақылау өкілдері де бұл мәселені реттеп, қадағалап отыр. Осы орайда Павлодар қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Александр Рюмкин Усолка, Дачный шағын аудандарындағы жылу мәселесін шешуі тиіс магистраль құрылысы туралы сұрады. 
- Екі аудандағы жағдайды реттеу үшін ТМ-42 жылу магистралінің құрылысы қолға алынады. Бұл мақсатқа 2 млрд. теңге көлемінде қаражат керек. Ал құрылыстың барлық талаптарға сай жүргізілуін қоғамдық бақылау кеңестері, тұрғындардың өздері де бақылаған дұрыс. Жалпы, мұндай бақылау жүйесін тек жылу емес, қоғамдық көлік, абаттандыру, көріктендіру салаларында да енгізуді қарастыру керек, - деді Ә.Сқақов. 
Көріктендіру демекші, Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі бірнеше көпқабатты баспананың тұрғындары аулалардағы кейбір ағаштар шіріп, құлауға жақын екенін айтты. Ал Павлодар ауылының тұрғындары қоқыс салатын контейнерлердің жетпейтінін атап өтті. Балаларға арналған ойын алаңдарын орнату да өзекті болып отыр.
Аймақ басшысы аулаларды абаттандыру, ойын, спорт алаңдарын орнату – кешенді іс екенін әрі алдағы үш жыл аралығында аулалардың барлығы дерлік қалпына келтірілетінін баяндады. 
Қоғамдық көліктердің жай-күйі де көпшілікті алаңдатады. Мәселен, Кенжекөл ауылына қатынайтын №24 автобусты шамамен бір сағат күтуге тура келеді. Өзге жолау-шылар қоғамдық көліктердің демалыс күндері жолға шығуына рұқсат беруін сұрады. 
- Бір сағат күту деген – өте көп уақыт. Сондықтан, №24 бағытта қатынайтын қосымша автобустар шығару мәселесін қарастырамыз. Қоғамдық көліктердің демалыс күні жолау-шыларды тасымалдау мәселесі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. «Қызыл аймақтан» шықсақ, карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі ескеріледі, - деді аймақ басшысы. 
Ал павлодарлық Қанат Тұрсынұлы Ленин кентіне баратын ескі көпірдің жанына жаңа көпірдің қашан салынатынын сұрады. Қазірде ескі көпір арқылы жүк көліктеріне жүруге  тыйым салынды. Олар «Нұрлы жол» көпірі арқылы айналып жүруге мәжбүр. 
- 1960-ыншы жылдары салынған көпірдің тозғаны рас. Мамандардың пайымынша, алдағы жеті жылда да бұл көпір арқылы жеңіл көліктер қатынай алады. Бірақ бүгінде уақыт оздырмай жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ол мемлекеттік сараптамадан өткен соң көпір құрылысына қажет қаржы мәселесі қарастырылады, - деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы. 
Сондай-ақ, қалалықтар жарық-тандыру, пандустарды орнату мәселесіне көңіл аударды. Ә.Сқақов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямға жоғарыда аталған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді. 

Ауылдағы ағайынның айтары

Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов кеншілер шаһарында Оқушылар сарайының қажет екенін айтты. Әбілқайыр Сқақов қазіргі уақытта балалардың шығармашылығын дамытуға қажет бұл орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын хабарлады.  Сол сияқты Ертіс ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қатысты құжаттар ресімделуде. Тиісті қаржы бөлінсе, бұл жұмыстар биыл қолға алынады. 
Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылының тұрғыны Арай Мәдениет жергілікті балабақшаның тарлығын алға тартып, ғимараттың екінші жартысын ретке келтіру, бұрынғы балалар үйіндегі спорт зал мен осыдан 7 жыл бұрын су тарту кезінде ойлы-шұңқырлы болып қалған ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу мәселесін көтерді. Бұл нысандар «Ауыл - ел бесігі» аясында жөнделетін болды. Сондай-ақ, жергілікті жұртшылық Мәмәйіт Омаров ауылына қарасты Көктерек елді мекеніне кешенді блок-модуль орнату қажеттігін тілге тиек етті. Көп ұзамай бұл ауыл тұрғындары да сапалы таза ауызсуға қол жеткізеді. 
Баянауылдықтар Мәшһүр Жүсіп кесенесіне келушілерге модульдік дәретхана, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесіне апаратын жолдың бойында жарық шамдарын орнату қажеттігін жеткізді. Аймақ басшысы бұл мәселелер осы жылы шешім табатынын айтты. Ал Тәуекел Әбілғазыұлы кеңестік кезеңнен бері жөндеу көрмеген Жаңатілек-Қарашат  арасын жалғайтын 30 шақырым жолды жөндеп беруді сұрады. Әбілқайыр Сқақовтың айтуына қарағанда, ол үшін 1,5-2 млрд. теңге қаржы керек. Қаражаттың бөлінуіне байланысты жөндеу жұмыстары биыл не келесі жылы атқарылады.  
Шарбақты ауданы Жылыбұлақ ауылының тұрғыны Гүлнар Мейірманова елді мекенде интернет жылдамдығы нашар болғандықтан, балалар қалаға барып білім алуға мәжбүр екенін білдірді. 
- Облыстағы 343 ауыл жаһандық желімен қамтылған. Десе де, кейбір ауылдарда жылдамдықтың баяу екені рас. Жылыбұлақтағы, басқа да елді мекендердегі осы іспетті мәселелерді «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп шешеміз, - деп жауап берді Ә.Сқақов. 
Железин ауданының тұрғыны Айнабек Жаналинов ауған соғысы ардагерлерінің саябағын абаттандыруды, Успен ауданы Қозыкеткен ауылының тұрғыны Маржан Дауылбекова Ресеймен шекараға дейінгі жолда аялдама орнатуды, Тереңкөл ауданының тұрғыны Гүлмира Жақыпбаева Песчан ауылына кіреберіс жолға жарық шамдарын қоюды сұрады. Ауылдықтардың бұл өтініштері де жақын уақытта шешіледі. 
Ал Аққулы ауданы Мерғалым ауылының тұрғындары дәрігерге қаралу үшін неліктен 7 шақырым қашықтықтағы Майқарағайға емес, 30 шақырымда жатқан Малыбайға баруы керек екенін білмек болды. Әбілқайыр Сқақов аталмыш сауалды облыстық денсаулық сақтау басқармасы зерделейтінін хабарлады. 

Шаруашылық және шағын бизнес

Павлодар облысының Құрметті азаматы Леонид Батталов жайылымға 39 млн. текше метр ғана судың босатылуы Екібастұздың ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданындағы шаруалар үшін өте аз екенін ортаға салды. Оның айтуынша, кем дегенде 100 млн. текше метр су керек. Аймақ басшысы аталмыш мәселе Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құзіретінде екенін алға тартты. Десе де, құзырлы министрлікке ұсыныстар білдіріп, республикалық бюджетті нақтылау кезінде су көлемін көбейтуді сұрауға болатынын айтты.  
Аққулы ауданында суармалы алқап көлемі келесі жылы көбейтіледі. Осы ауданның тұрғыны Бақытбек Аққазиновтің айтуынша, 2100 гектар жерді суармалы алқапқа айналдыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір. Оған қажет 1 млрд. теңге келесі жылдың бюджетіне кіретін болды. 
Шағын және орта бизнес өкілдері пандемияға байланысты қиындықтардың барын бүгіп қалмады. Кәсіпкер Айдар Құрымбаев қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын ұзартуды және бір жылға жуық уақыт бойы той, жиын ұйымдастырмаған мейрамханалардың коммуналдық төлемдерін жеңілдетуді сұрады. Ал Рустам Қапен бизнес-мектеп ашуға қажет ғимараттың жоғын алға тартты. 
Әбілқайыр Сқақов карантиндік шектеулер шағын және орта бизнеске оңай соқпағанын атап өтті. Қоғамдық тамақтану орындарының уақытын ұзарту бұл шектеулер жеңілдеген кезде ғана қарастырылады. Жергілікті қамтуға да назар аударылады. 
Аймақ басшысы тұрғындардың сауалдарын ескере келе, өңірде спортты дамыту мәселесіне тоқталды. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының 31 пайызы спортпен тұрақты түрде айналысатын көрінеді. Алдағы үш-төрт жылда бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Сондықтан кәсіби клубтардан босаған қаржы бұқаралық спортты дамытуға жұмсалады. 
Сонымен қатар, есептік кездесу барысында «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбіш Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай монумент ашу, «Vita» волонтерлік ұйымының жетекшісі Екатерина Кудрявцева іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жеңіл көлік қарастыру туралы ұсыныстарын білдірді. 
Көлік демекші, Әбілқайыр Бақтыбайұлы облыстық әкімдіктегі қызметтік көліктердің санын қысқарту нәтижесінде 205 млн. теңге үнемделгенін хабарлады. Бұл сома өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады. Ал облыстық, Павлодар қалалық әкімдігі, басқармаларға қарасты қызметтік көліктерді кезекші көліктер ретінде қолдану жүйесі тәжірибе ретінде енгізілмек. Яғни, әкімдік өкілдері оларды тек шұғыл қажет болған жағдайда кезекшілік кестесі бойынша пайдалана 
алады.
VNB_6418.jpg 
Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың тұрғындармен биылғы есептік кездесуі жұртшылықпен жүзбе-жүз болмаса да, заманауи технологияларды қолдану нәтижесінде мейлінше ауқымдырақ аудиторияны қамтыды десек, қателеспейміз.  Тек қана «109» бірыңғай байланыс орталығына екі сағат ішінде 185 тұрғыннан сұрақ келіп түскен екен. Әлеуметтік желілер арқылы жолданған сауалдар одан да көп. Бұл сұрақтардың барлығы тіркеліп, оларға құзырлы орган өкілдері жауап беретін болады. Талап-тілектердің орындалу  барысын арнайы құрылған бөлім бақыламақ. 

Айдана ҚУАНЫШЕВА, Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 119

Возврат к списку

Раздел не найден.