Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?


Журналист сауалы:
- Құрметті қатысушылар, жалпы, бұл тақырып аясын кеңейтіп, студенттер мен жастардың басын бір арнаға тоғыс-
тырып өткізуге болар еді. Алайда, пандемия оған мүмкіндік бермеді. Осыған орай онлайн форматта өткізуді жөн көрдік. Жалпы, халқымыз жастардың өсуіне барынша жағдай жасап, қоғамда алатын орнын ерек-
шелеп берген. Біздің алдымыздағы буынның жастық шағы кеңес үкіметі тұсында өтті. Айман Файзоллақызы, сол кезеңмен салыстыра қарап, қазіргі жастарға қандай баға беретін едіңіз?
Айман ЗЕЙНУЛЛИНА:
- Қазақта «жас» деген сөзде қатып қалған ұғым жоқ. Халқымыз дүниеге келген баласына болашақ өмірдің тенденциясы мен концепциясын үйрете бастады. Ол – «біреудің ала жібін аттама», «өтірік айтпа», «жақсы адам бол», «адал бол», «ертең жақсы маман бол» деген сөздерді құлағына құйып отырды. Осы айтылған сөздер бәріміз үшін өмірлік қағидамызға айналды. Сондықтан бүгінгі жастарға да ең негізгі тірек бола алады. Кешегі жастарға да, бүгінгі жастарға да ата-анамыздың айтатын өсиеті болмаса, олардың істейтін тірлігі дұрыс болмайды және олардың болашағы да бұлыңғыр болады. Ал қазіргі жастарға қандай баға бересіз деген сауалға айтарым: артымыздан өсіп келе жатқан ұрпақты көріп, олардың арасынан ұлтжанды, отансүйгіш, қолынан іс келетін белсенділерді танығанда ерекше қуанамын. Ал «алма, піс, аузыма түс» деп жататындарды көргенде іштей қынжыламын. Сондықтан барлық дүниенің екі жағы болады.

Журналист:
- Бұл сауалға жастардың алып-қосар пікірі бар ма?
Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ:
- Тәуелсіз елдің жастары білімді, отансүйгіш, бәсекеге қабілетті болуы керек. Жалпақ тілмен айтқанда, бізге жан-жақтылық қажет. Әр азамат тәуелсіздік жылдарында өсіп, білім алып жүрген жастардың санасында «еліме, халқыма қандай пайдамды тигізе аламын?» деп ойлауы шарт. Сонда ғана біздің елді алға сүйрейтін жастар шығады. Қазақ «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демей ме?! Күні кеше Түркияның Президенті Реджеп Ердоған жастармен кездесу өткізді. Сонда: «Сіздер министр болсын, әкім болсын, кез келген саланың басшысынан қаймықпай, өз ойларыңды еркін жеткізетін ұрпақ болуларың керек» деді. Қазақ жастары да солай болуы шарт. 32 тісімізден шығатын сөзді санамызға сырттан салып берудің қажеті жоқ. Себебі біз бодандықты көрмедік. Еркіндік пен егемендіктің ақ таңында өмірге келгеннен кейін осы күнді аңсап кеткен ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытып, тарихымызды өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. 

Журналист: 
- Саят, сіздің қоғамдық істердегі белсенділігіңізден бөлек, жеке кәсіпкер ретінде де ісіңіз оңға басып келеді. Жалпы, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға көңіліңіз тола ма?
Саят ЖҮСІПБАЕВ: 
- Әрине, көңілім толады. Себебі, әр жылдары жастарға арналған түрлі бағдарламалар іске қосылып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда. Білім-ғылым жолына түскендерді, жеке кәсіппен айналысатындарды, спорт пен өнер саласында жүргендерді де тиісінше қолдап келеді. Ал кәсібін ашатын жастардың ең бастысы орнықты бизнес жоспары болса жетіп жатыр. Бұл ретте, қомақты сомадағы гранттар ұтып алуға, төменгі пайызбен берілетін несиелерді рәсімдеуге мүмкіндік бар. Соңғы уақытта жастар арасында ауыл шаруашылығын дамытуды мақсат еткендерге арналған «Тұлпар» бағдарламасы бар. Сондықтан өсемін, өнемін деген жасқа жол ашық, қолдау бар. 
Журналист: 
- Айман Файзоллақызы, жастардың пікірін тыңдадыңыз. Осы ретте, олардың өсуіне, өмірлік жолына бағдаршам болатын негізгі дүниелерді айта аласыз ба?
Айман ЗЕЙНУЛЛИНА:
- Қай кезеңнің болмасын жастарында кемшілікпен қоса, артықшылықтары болады. Мәселен, кешегі 1980-жылдардағы жастар солақай саясаттың зардабын тартты. Қазіргі жастар бақытты. Осы ретте мен жастар үшін ең әуелі патриот, ұлтжанды болуды бірінші орынға қоямын. Мұны елімізде тұрып жатқан өзге ұлт жастары үшін емес, өзіміздің қаракөз жастар үшін айтып отырмын. Мәселен, менің қолымда Болат Төлепбергенов деген жазушының «Рух пен ар» деген кітабы бар. Бұл кітапта  толығымен 1986 жылы желтоқсанда 3 күн бойы алаңға шыққан жастардың тағдыры жазылған. Қалай басталып, қалай аяқталғаны келтірілген. Нақты дәйектермен, сол кезде таспаланған суреттермен берілген. Осы кітаптан мен өзімнің бірнеше фотосуретімді таптым. Бұл суреттерді кезінде біреуге көрсетпек түгілі, қолымызға алып қараудан қорықтық. Алаңда тұрып «Менің Қазақстанымды» айтқанымыз есімде. Міне, сол кезде біздің бойымызда ұлтжандылық болмаса, біз алаңға шықпас едік. Бүгінгі жастарға алаңға шығып, айғайлап, күрес жасаудың қажеті жоқ. Қазір ақпараттық күрестің дамыған кезі. Біздің бүгінгі жастарға рухани күрес керек. Осы рухани күресті жасау үшін жастардың кеудесінде ұлтына деген сүйіспеншілік, қазаққа деген жанашырлық махаббат болуы керек. 
Біздің кезіміздегі жастардың талабы: қазақтың жерін қазақ басқарсын, жерімізге сырттан ешкім көзін салмасын, қазақ мектептері ашылсын, қазақ қыздары мен жігіттері институт бітірген соң қой бақпасын дедік. Мектеп бітіргеннен кейін әрі қарай оқуға түсуіңе мүмкіндік берілмейтін. Әуелі сен 3 жыл қырға барып, қой бағып келуің керек. Мысалы, оқуын күміс медальға бітірген сыныптасым оқуын жалғастыра алмады. Есесіне, 50 жыл тракторшы болып кетті. Институтты тәмамдап алып, жұмысқа орналасу деген тіпті қиямет-қайым еді. Сол кездегі жастар қазақ қоғамындағы қордаланған мәселені айта білді. Қазір бізде белсенді жастар жоқ емес, бар. Солар қоғамдағы қордаланған мәселені шешудің жолын іздеп, шешетін кез келді. Тағы айтамын, жастар патриот болмай, ештеңені шеше алмайды. Оның ішінде  
тіл, жер, салт-дәстүр, тарих пен діл бар.
Екіншісі – білім. Дәл қазіргі таңда біздің білім алуымызға зор мүмкіндік бар. 
Мәселен, менің бір өзімде 9 диплом бар. Соның барлығы маған қызмет етіп келеді. Менің ең бірінші мамандығым - филолог, екіншісі - журналист, үшіншіден, театр институтында білім алдым. Төртінші, әскери білімім тағы бар. Сондықтан білім алудан қашпау керек. Қазір «Білімсіз жастар» деген термин шықты. Ол дипломды сатып алғандар немесе жылап-еңіреп алдына келіп: «Апай, мен қызыл дипломмен бітіруім керек, 5 қойып беріңізші» дейтіндер. Бестікті жалынып сұрап алған дәрігер, мұғалім мен заңгерден дені дұрыс маман шықпайды. Білімсіз дәрігер жанға батқан ауруыңды емдей алмаса, заңгер құқығыңды қорғай алмаса, ұстаз сапалы білім бере алмаса, одан асқан қайғы-қасірет жоқ... Бұл - ащы да болса шындық. Адам баласы жар таңдау мен мамандық таудауда қателеспеуі керек. Бүгінде пайдасы шамалы, беретін түгі жоқ, білімсіз жастар көбейді. 
Үшіншіден, денсаулық. Бүгінгі жастардың 65 пайызында туабітті ауру бар. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы сирек. Шет мемлекеттердің мектептері мен жоғары оқу орындарының бағдарламасында «жастар денсаулығы» деген пән бар. Міне, осыны біздің жастарымыз бас болып, жоғары жаққа ұсынса, құба-құп болар еді. Павлодар облысы еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан кейін идея ұсынудан екінші орынды алады. Өздеріңіз білесіздер, барлық емханаларда әйелдерге кеңес беру қызметі бар. Ал неге ерлерге кеңес беретін бөлім мен ерлер денсаулығына арналған орталық жоқ?
Төртінші, қоғамдық мәселеге араласу. Мұнда тек қана жастар мәселесімен шектеліп қалмай, елдік мәселеге қатысты сөз айтуы керек. Яғни, қазақ мектептерінің ашылуы, қазақи ортаның болуы, қоғамдық көліктерде қазақ тілінің қолданысын кеңейту. Жалпы, ауқымды істерді жастар көтерсе, қоғам тез бет бұрады. Соңғы 8 жылда Атырау жастары қыз жасауын беруді жаңғыртып келеді. Менің өз жасауым болмады. Бірақ аналарымыз артымнан 40 көрпем келді деп айтып отыратын. Кеңес үкіметі кезінде ол ұмытылды. Қазір елімізде бұл дәстүр қайта жанданды. Мұны Дина Оразова деген 27 жастағы қыз бастама етіп көтерді. Ұлттық тағамдарды брендке айналдыратын кез де келді. Сонымен қатар, атқа мінуді тек мерекелерде ғана немесе челлендждерде емес, жиі мініп тұруға шақырамын. Себебі, ер еңсесі атқа мінсе көтеріліп, рухтанады. Қазақ жігіттеріне жылқы терапиясы керек. Оны да брендке айналдыруға болады. Міне, осы мәселені көтеріп, ұлттық рухымызды асқақтатып, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, оны әлемдік тенден-
цияға айналдыратын сіздерсіздер, жастар. 
Ең соңғысы - салт-дәстүр мен дін. Қазір шүкір, дәстүріміз жаңғырып, салтымыз оралып жатыр. Бірақ, кейбіріміз заманға лайықтаймыз деп ұлттық менталитетке сай келмейтін дүниелерді ойлап тауып жатыр. Оған жол бермей, әр салттың орындалатын жерін, жасалуын бұқараға паш ететін де - сіздер. 
Дін мәселесі де жастарды ойландыруы керек. Қазақ қыздары ешқашан хиджаб кимеген. Менің есебім бойынша, қазақ қызының өмірге келген сәтінен бастап, өмірінің соңына дейін басына киетін киімнің 29 түрі бар екен. Ал жігіттер жастары 30-ға жетпей сақал қоймаған. Міне, қазір осы мәселе де күрделеніп кетті. Міне, осы 6  дүние әрбір жастың бойынан табылатын болса, қазақтандыру мен қазақтану мәселесінде жастар мүддесі үшін қызмет ететін еді. 

Журналист: 
- Бүгінде басында баспанасы жоқ жастар көп. Осы кем-кетікті толтыруда жастар бастамаларын дамыту орталығы қандай шараларды қолға алуда? Сонымен қатар, сіздерге жаңа идеямен келетін жастар көп пе?
Бауыржан ЖАНСЕЙІТОВ:
- Бізде алғашқы келушілерге кеңес беріледі. Яғни, қандай мемлекеттік бағдарламалар бары, оның тиімділігі толықтай түсіндіріледі. Әзірге елімізде тек қана жастарға арналған бағдарламалар жоқ. Бар болған күннің өзінде пилоттық режимде іске асып келеді. Аймақ жастары жалпы байқауларға қатыса отырып, баспаналы бола алады. Соның ішінде «7-20-25», 
«Шаңырақ», «Нұрлы жер» бағдар-ламалары мен банктердегі арнайы бағдарламалар арқылы депозит ашып, баспаналы болады. Өкінішке қарай, осыны біле бермейтін жастарымыз бар.
Ал екінші сауалға келетін болсақ, 2020 жылы басқа жылдармен салыстырғанда қиындықтар болды. Әлемді жаулаған пандемия көптеген істерімізді жүзеге асыруға қолбайлау болғаны жасырын емес. Дей тұрғанмен, жастар белсенділігін танытты. Қашық-тықта болса да жастардың 50-60 пайызы байланыста отырып, өз ұсыныстарын білдірді. Бір ерекшелігі, биылғы байқауларымызға ауылдық жерлердегі жастар көптеп қатысты. Себебі, шаралардың барлығы онлайн форматта өтті. Шалғайда болса да өз жобаларын ұсынып қойып, үздіктер қатарынан көрінгендердің қатары артты. Осыдан кейін, кейбір байқауларды болашақта онлайн режимде өткізе берсе де болады-ау деген ой келіп отыр. 

Журналист:
- Батырбек, осы ретте сізден жастар ұйымдарының негізгі міндеттері туралы сұрағым келіп отыр... 
- Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ:
- «Ауруын жасырған өледі» деген. Қазіргі таңда аудандық және ауылдық жерлердегі жастар ұйымдарына қатты көңіл бөлініп жатқан жоқ. Құрылғаннан кейін қызмет ету парыз. Жастар ұйымдарының ең басты мақсаты – оларды дұрыс жолға жетелеп, өмірде өз жолын табуына сәл де болса көмегін тигізу. Осы тұрғыдан алғанда ауылдағы жастар ұйымдарының атқаратын рөлі зор. Мысалы, ауыл жастарының арасында мектепті бітіргеннен кейін қандай мамандыққа баратынын білмейтіндер бар. Бұған дейін Алматы қаласындағы жастар ұйымында қызмет еттім. Сол кезде бір жобамен еліміздің 100-ден астам ауылын аралап, мамандық таңдау бойынша кеңес бердік. Шалғай ауылдардағы жастардың көбі «ҰБТ-да алған балым қандай мамандыққа жетеді, соған түсе саламын» деген пікірді ұстанады екен. Бұл еліміздегі жұмыссыз жастардың қатарын арттыратыны белгілі. Әрбір жас мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандыққа деген махаббат болмаса одан да түк шықпайды. Міне, жастар ұйымдары осы мәселені мықтап қолға алуы керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге де кеңес беруді қолға алса. Жастар ұйымдары мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірге айналуды мақсат етуі керек.  Кейде жастар атқарған істі сынаушылар да табылып жатады. Мысалы, жуырда елімізде қолға алынған атқа қонып, көк Байрағымызды алып жүру челленджіне қатысты бірқатар кері пікірлер айтылды. Оның пайдасы жоқ дегендер табылды. Мен керісінше айтар едім. Оның пайдасы бар. Бар сананы техника билеген заманда жастар арасында атқа міну түгілі жануарға қай жағынан жақындауды керектігін де білмейтіндер бар. Міне, осы замандастарымызға ат спортын дәріптеп, оның қазақ өмірінде алатын орасан зор орнын танытсақ, оның өзі үлгі-өнеге емей немене? Қазақты атсыз елестету мүмкін емес. Жаңа Айман апай: «Ерлер аттан түскеннен кейін, рухы басылды» деп қалды. Ол кісімен толықтай келісемін. Ер азаматтар  рухты болуы үшін ат құлағында ойнауы керек. 
Айман ЗЕЙНУЛИНА:
- Осы жастар ұйымдарына қатысты тақырыпта мен әрі қарай жалғап кетсем. Оған да екі жақты қарауға болады. Кейбір ұйымдардың бағыты дұрыс емес. Ал енді бірінің атқарып жатқан ісі аз болғанымен, сапасы, нәтижесі мардымды. «Jebe» қоғамдық бірлестігі, мен Жастар бастамаларын дамыту орталығын ерекше атап өтуге тұрарлық. Мысалы, «Jebe»-нің  жобасы аясында үйден шыға алмай қалған жандарға көмекке баруы, Абай атамыздың 175 жыл-
дыған орай автокөліктердің терезелеріне ақынның қанатты сөздерін жазып, жапсыруы көптің көңілінен шыққан іс болды. Міне, осындай әрбір істері нақты, ұлттық болмысымыздан алшақтамай, жастарды артынан ерте білетін осындай ұйымдардың болғаны қуантады. Біздің Торайғыров университетінде «Мұрагер» шығармашылық ұйымы мен «Қыз Жібек» танымдық-тәрбиелік клубы бар. Мұрагер біздің 
жастарымызды әдебиет сүюге, өнерді тануға жол ашады. Ал «Қыз Жібек» клубының ерек-шелігі ол тек қыздардан ғана құралмаған. Яғни, біздің арамызда белсенді ер азаматтар бар. Клубтың ерекшелігі де осында. Себебі жігіттердің көзімен қыздарды тәрбиелегіміз келеді. 

Журналист: 
- Саят, Тәуелсіздіктің төл құрдасы екенсің. Бұл жауап-кершілікті қалай түсінесің?
Саят ЖҮСІПБАЕВ:
- Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болмақ?» деп тегін айтпаған ғой. Қазіргі таңда елімізде жастарға берілген мүмкіндіктер жетерлік. Кәсіп бастауға арналған, оқып, білім-ғылымның шыңына шығуды көздегендерге негіз-делген мемлекеттік бағдарламалар көп-ақ. Өкінішке қарай, осы мүмкіндікті пайдалана алмай жүргендер бар. Меніңше, қазіргі таңда қазақ жастарының әлсіз болуға құқы жоқ. Тағы бір айтарым, елге бірдеңе бермес бұрын, әр адам өзінің бағытын біліп, тұлға болып қалыптасуы шарт. Яғни, әркім өзінен бастауы керек. Өз басыма келер болсам, менің мемлекетке берерім алда деген ойдамын. Әзірге өзімді шыңдау үстіндемін. Қазір жеке кәсібімді бастадым. Яғни, денсаулыққа зиян келтіретін сусындар мен өзге де дүниелерді сатпайтын, анти-кафе аштым. Аллаға шүкір, кәсібімнің тасы өрге домалап келеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болдым. Байқағанымыздай, еңбек етіп, болашағын жарқын қылуды армандайтын жастарға елімізде барлық жағдай жасалған әрі мүмкіндіктер мол. Сондықтан менің түсінігімдегі жауапкершілік - елге титімдей болса да пайдаңды тигізу.

Журналист: 
- Айман Файзоллақызы, соңғы сұрақты сізге қойсам. 9 дипломның игілігін көріп келемін дедіңіз. Ал біздің арамызда 1 дипломын сандық түбіне салып қойып, жұмыссыз жүрген жастар жетерлік. Осыған не дейсіз?
Айман ЗЕЙНУЛЛИНА:
- Менің көңіліме қонбайтын іс қазіргі жас мамандардан жұмыс берушілер 3 жылдық тәжірибе сұрайды. Ойлап қараңызшы, кеше ғана қолына дипломын алған жаста қайдағы жұмыс өтілі болмақ? Біздің кезімізде қолымызға диплом алғаннан кейін мектепке мұғалім болып келеміз. Бізді 3 жыл бойы аға оқытушының қарамағына беріп қоятын. Ол кісі біздің маман болып қалыптасуымызға еңбек сіңірді.  Сондықтан жас мамандардан жұмыс өтілін сұрағанша, оларды сол салаға бейімдейтін мықты маманның жетегіне беру керек. Сосын жастар арасында кездесетін тағы бір қателік - пара беру. Оқуда болсын, жұмыста болсын осыған жол берген адам өспейді, керісінше, өшеді. Осыған қатысты бір мысал айтайын, бір жас тіс дәрігері мамандығы бойынша оқу бітіреді. Бірақ, дипломы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Сөйтіп, психологияны оқып, жүйке аурулары емханасына барып, қызметке орналасады. Қазір бас дәрігердің орынбасары. Сондықтан бір саладан жолыңыз болмаса, тоқтамаңыз, ізденіңіз. Дипломын сандыққа салып қойып, қара жұмыс істеп кететін жастарға орта жолдан тоқтамаңдар дегім келеді. 

Журналист:
- Уақыттарыңызды бөліп, тұшымды ой-пікірлеріңізді ортаға салғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Халқымызда отызында елі үшін  жарқырай еңбек еткен ұлы тұлғаларымыз баршылық. Жастар қолға алған әр істің артында ұлттық болмысымыз бен қазақы құндылығымыз тұрса игі!

Бейнеконференцияны ұйымдастырған – 
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


Количество показов: 95

Возврат к списку