Тәжірибе шаруаны ширатады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады 29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар жоба шетелдік тәжірибенің негізінде жүзеге асуда. Германия, Канада сияқты мемлекеттерден үйренеріміз көп. Басқа-басқа, бұл салада шетелге қарап бой түзегеннің айыбы жоқ. Соңғы жылдары отандық фермерлер агроөнеркәсіп кешенінің жілігін шағып, майын ішкен шетелдік мамандарды семинарға арнайы шақырып, білмегенін үйренуде. Тіпті, шаруашылығын дамыту үшін шетел асқандар да бар.

Пилоттық жобалар - нәтижелі

 

Солардың бірі – Ертіс ауданындағы «Абай» серіктестігінің басшысы Николай Миллер.

- Өз басым жылына 2-3 рет шетелге шығуды жоспарлап қоямын. Көл жағалап, қызық қуу үшін емес, әрине. «Білгенім - бір тоғыз, білмегенім - тоқсан тоғыз» демекші, ауыл шаруашылығы саласы дамыған елдердің тәжірибесін меңгеруге аттанамын. Нәтижесі жаман емес. Қазір иелігімде соңғы үлгідегі техникалар жетерлік. Қала берді, жыл сайын егіс алқабында пилоттық жобалар жүзеге асып, біздің климатқа төзімді астық дақылдарының жаңа сорттарын сынап келемін. Соңғы жылдары күздік дақылдарды егу жұмыстарын мықтап қолға алдым. Аты айтып тұрғандай, тұқым күзде отырғызылады. Өнім келесі жылы жиналады. Артықшылығы, өсімдік күзгі және қысқы ылғалды, қоректік заттарды тиімді сіңіріп, жазғы ылғал тапшылығына, топырақ, ауа құрғақшылығына төзімді келеді. Аталған егіс алқабында арам шөп те аз болады. Күздік дақылдарды отрығызумен көбіне АҚШ пен Еуропа мемлекеттері айналысады. АҚШ-қа барған сапарымда көп нәрсе үйреніп, «біздің аймақта да дамытуға болады екен ғой» деген жігермен келген едім. Қазір мақсатым орындалып жатыр, - дейді Н.Миллер. Ауыл шаруашылығы - кез келген елдің экономикасының негізі ғана емес, алдымен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Жапония секілді іргелі елдерде бір кездері «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру бізде қымбат, одан да арзан тауарларды шеттен әкелейік» деген ұсыныстар болған екен. Алайда ел басшылары елдің азық-түлік бойынша тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ойлап, қазір электроника, машина жасау, IT технологиялар саласындағы жетістіктерін ауыл шаруашылығы саласына оңтайлы енгізіп, толайым табыстарға жетіп отыр.

- Көптеген елдердің тәжірибесін жіті бақылап отырамын. Бір кездері «кедей» аграрлы ел болған Оңтүстік Кореяның жетістіктері жетерлік. Коммунистік жүйені әлі сақтап отырған Вьетнамның да ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштері таңқаларлық. Ал Голландия мен Израильдің осы саладағы жетістіктері ежелден белгілі. Беларусь біз сияқты шикізат сатудан пайда тауып отырған жоқ. Есесіне, адамның ішкі резервтерін дұрыс пайдаланып, кәсіпкер-фермерді қалыптастыра алды. Өкінішке қарай, біздің елде ауыл шаруашылығы нарықтық экономика жағдайына оңтайлы бейімделе алмады, фермерлер бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдырылмады, маркетингтік инфрақұрылым қалыптаспағандықтан, делдалдар мен алыпсатарлардың үстемі жүріп тұр. Алма-кезек ауысқан Ауыл шаруашылығы министрлерімен бірге бағдарламалар да жиі өзгеріске ұшырайды. Мұндай жағдайда ауыл еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығына деген ынтасы төмендейтіні сөзсіз. Айтпағым, Үкімет ұзақ мерзімге бағытталған, нақты шаралар бекітілген арнайы бағдарламаларды қолға алғаны абзал, - дейді Николай Миллер.

Немістермен байланыс баянды

 

Иа, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша Қазақстанның шетелдік әріптестері аз емес. Әсіресе, Германиямен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Айталық, Қазақстанға шетелден жыл сайын тартылатын инвестицияның 4 миллиард теңгеден астамы Германияға тиесілі екен. Инвестицияның басым бөлігі еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн. Мәселен, білікті мамандар даярлап, жаңа технологиялар енгізу, техникалық база жасақтау тұрғысында немістер қолдау көрсетуге мүдделі. Бұл - екі жақ үшін де тиімді қадам. Себебі, Германия табиғи ресурсы мен шикізаттық әлеуеті зор Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестицияның қайтарымы мол екенін сезініп отыр. Біріншіден, біздің елде электр энергиясы арзан. Екіншіден, Қазақстан географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан. Яғни, елдің транзиттік әлеуеті жоғары. Төртіншіден, елімізде соңғы жылдары шетелдіктерге бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалуда. Кадр демекші, аймағымызда агроөнеркәсіп кешенін білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жауапты бірден-бір оқу орны - Кемеңгер ауылындағы «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледж басшылығы да неміс әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, «Неміс ауыл шаруашылығы академиясымен» әріптестік орнатылып, жергілікті студенттер шетелде еңбек тәжірибесінен өтуде. Өндірістік тәжірибе жарты жылдан 1 жылға дейін созылады. Студенттер айына 500 еуро көлемінде шәкіртақы алатынын атап өткен жөн.

Венгриядан мал әкелді

 

Успен ауданындағы «Галицкое» ЖШС-нің басшысы Александар Касицын да шетелдік тәжірибені қолданып, шаруасын дөңгелетіп отыр.

- Шетелде неғұрлым аз жерден көп өнім алу басты шарт болып есептеледі. Мал шаруашылығында да солай. Баяғыдай өріске шығарып қойып, қарап отыратын уақыт емес. Төлдің тез жетіліп, салмақ қосуы маңызды. Бұл ретте, шетелден асыл тұқымды түлік тұқымдарын әкелу, оларға берілетін жем-шөптің құнарын реттеу сияқты барлық шаруаларды атқаруда заманауи технология мен соңғы үлгідегі техниканың маңызы зор. Биыл Венгриядан симментал тұқымды 213 бас ірі қара сатып алдық. Осылайша, сүт өнімдерінің көлемін арттыруды көздеп отырмыз, - дейді А.Касицын. Бүгінде ел диқандары шетелден сатып алынған жаңа технологиялардың көмегімен үйде отырып-ақ жердің құнарын, зиянкестердің бар-жоғын, егіннің жағдайын анықтауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, топырақты тыңайтып, химиялық, биологиялық өңдеуде де шетелдік тәжірибені қолдануда. Соңғы жылдары химиялық тыңайтқыштардан бас тарту тенденциясы көп байқалады. Себебі, бұл іс өнім көлемін арттырғанымен, жердің сапасын төмендетуде. Бұл ретте, фермерлер ауыспалы егіс технологиясына көшуде. Қысқасы, шетелдік тәжірибені қолданғанның еш айыбы жоқ. Пайдасы көп!


Количество показов: 134

Возврат к списку