Таңдау жасалды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Токиоға кімдер барады?
26.01.2021

Өнерімен танымал
26.01.2021

Кемшіліктер бар
26.01.2021

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Таңдау жасалды 12.01.2021

Таңдау жасалды

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов С.Торайғыров атын-дағы облыстық кітапханада жасақталған №15 сайлау учаскесінде көпшілікпен бірге дауыс берді. Аймақ басшысы өңір жұртшылығының азаматтық белсенділік танытып, саяси науқаннан қалыс қалмайтынына сенім білдірді. 
- Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі - Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттарын партиялық тізімге сәйкес сайлау. Саяси партиялар бір ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар олардың сайлауалды  бағдарламаларымен жіті танысты деп ойлаймын. Бұл ретте мен ҚР азаматы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды орындап, таңдау жасадым. Өз дауысымды болашақ пен тұрақтылық үшін бердім, - деді Ә.Сқақов.
Сайлау учаскесінің төрағасы Ғалым Шаймардановтың айтуынша, №15 учаскеде 1580 сайлаушы бар. Олардың 13-і өз таңдауын үй жағдайында жасайды. Тағы бес адам түрлі себепке байланысты басқа сайлау учаскесінде дауыс беретіндіктен, есептен шығару куәлігін алды. 
- Алғашқылардың бірі болып зейнеткер мен жас жігіт дауыс берді. Оларға сайлау учаскесі тарапынан шағын сый-сыяпат жасадық. Сайлаушылардың барлығына медициналық маска, қолғап беріліп, дене қызуы өлшенеді. Сайлау науқанының барысын әр түрлі партиялардан, қоғамдық ұйымдардан тіркелген 6 бақылаушы қада-ғалап отыр. Олардың барлығы ПТР-тест тапсырып, бізге қорытындысын ұсынды, - деді Ғ.Шаймарданов.
 
***
Павлодардағы №125 сайлау учаскесінде алғашқы болып Усолка шағын ауданының үлкен-дері төбе көрсетті. Түске қарай жастар да ағыла бастады. Бұл учаскеде алғашқылардың бірі болып шаһар басшысы Ержан Иманслям келіп, өз таңдауын жасады. «Биылғы сайлаудың ерекшелігі көп. Партиялық тізім бойынша ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Қала берді, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бірқатар өзгеріс орын алды. Облыс орталығында 338 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда. Қоғамдық көлік-тердің кестеге сай жүруі де назарға алынды, - деді Е.Имансләм.
№125 сайлау учаскесінің төрағасы Қорлан Омарованың айтуынша, мұнда 2187 адам тіркелген. Учаске өкілдері денсаулығы сыр берген 
7 азаматтың үйіне барып, олардың өз таңдауын жасауына мүмкіндік тудырған.
18 жастағы Гүлнұр Бауыржанова сайлауға алғаш рет қатысты. Таңмен таласа тұрып, азаматтық парызын өтеуге асыға келіпті.
- Бұл – өмірімдегі маңызды оқиға. Алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Шыны керек, бұрындары «сайлау өтеді» дегенге аса мән бермейтінмін. Қаз оң-солымызды танып, болашағымыздың баянды болуы үшін әр дауыстың маңызды екенін түсіне бастадық. Қатарластарымды да барынша белсенділік танытуға шақырамын. Кемел келешегіміз – өз қолымызда! – дейді Гүлнұр.
Сайлаудың өз деңгейінде өтуіне мектеп мұғалімдері мен еріктілер де белсенді атсалысқаны байқалды.
- №25 мектепте ағылшын пәнінен сабақ беремін. Қатарға қосылған жас педагогтердің бірімін. Соңғы жылдары мемле-
кет тарапынан мұғалімдердің жағдайына көп көңіл бөлінуде. Мәртебеміз заң жүзінде бекітіліп, жыл сайын жалақы мөлшері артуда. Бұл да - мемлекетіміздің дамуының айқын көрінісі. Еліміз өркендесін десек, сайлауға қатысып, белсенділік танытуымыз қажет, - 
дейді Аида Жақсылықова.

***
Облыс орталығындағы №64 сайлау учаскесі сайлау-шыларының белсенділігі жоғары болды. Тіпті, кейбір тұрғындар дауыс беруге таңғы 6.30-да келіп, жарты сағат бойы учаскенің ашылуын күтіп тұрды. 
Сайлауға бірінші келген және 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге қатысқандар арнайы сыйлыққа ие болғанын атап өткен жөн. 
Санитарлық талаптың сақталуы үшін мекеме қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Бұл ретте дезинфекциялық кілемше, пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға арналған контейнерлер орнатылды. Келушілердің дене температурасы өлшеніп, олар анти-септикалық зат және меди-циналық қолғаппен қамтылды.
№64 сайлау учаскесінің төрағасы Дмитрий Аксеновтың айтуынша, таңғы 7.00-де өз жұмысын бастаған учаскеге келушілердің қатары кешкі сағат 20.00-ге дейін сейілмеген.
- Сайлау барысы бекітілген ережеге сай жүргізілді. Учаскеде 2206 адам тіркелген. Дауыс беру кезінде ешбір тәртіп бұзушылық орын алған жоқ. 
Тұрғындар белсенділік танытқанын атап өткім келеді. Үйден дауыс беретін адам-дардың өтініші сағат 12.00-ге дейін қабылданды. Оларға түстен кейін бардық, - дейді Д.Аксенов.
Учаскедегі бақылаушы Иван Харти да сайлау барысында заң бұзушылық орын алма-ғанын айтты. Оның сөзінше, дауыс беруге егде жастағы адамдармен қатар жастар да ерте келген. 
7 баланы өмірге әкелген «Алтын алқа» иегері, зейнеткер Ғайынгүл Сейітова сайлауда жеңіске жеткен партия мүшелері еліміз үшін адал еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына жағдай жасаса, дейді. Әсіресе, баспана кезегінде тұрғандар өз пәтерлеріне қол жеткізсе деген тілегін білдірді. 
№64 сайлау учаскесіне үйде дауыс беруге жалпы саны 11 адам өтініш берген. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүре алмайтын, коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар және егде жастағы ата-анасына күтім жасайтын азаматтар болды. Сайлау учаскесінің төрағасы бақылау-шымен бірге барлық үйді аралап, тиісті талаптарға сәйкес дауыстарын жинады. Үйде отырып өз таңдауын жасағандардың ішінде Алексей Кляшин да бар. Ол мұндай маңызды саяси науқаннан қалыс қалмауды шешкенін айтты. 
Айтып өтерлігі, өңірдегі стационарларда ем қабылдап жатқан науқастар да сайлауға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл ретте аймақ бойынша 18 меди-циналық мекемеге дауыс беруге арналған жәшіктер қойылған еді.

 Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА, А.ҚУАНЫШЕВА, О.ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 59

Возврат к списку

Раздел не найден.